Content-Length: 115875 | pFad | http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B5%D0%BA%D1%96%D1%80%D0%B5

Гүлкекіре — Уикипедия Мазмұнға өту

Гүлкекіре

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Кекіре бетінен бағытталды)
Гүлкекіре
Көк гүлкекіре
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Asterales
Тұқымдасы: Asteraceae
Кіші тұқымдасы: Carduoideae
Тайпасы: Cynareae
Кіші тайпасы: Centaureinae
Тегі: Centaurea
Карл Линней
Үлгілік түрі
Centaurea centaurium
L.
түрлері

350–600 түрі белгілі

Гүлкекіре немесе кекіре (лат. Centaurea) — астралылар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.[1]

Еуразия, Африка, Америка және Аустралияда (1 түр) кездесетін 550-ден астам түрі белгілі. Қазақстанда таудың тастақты, қорымтасты беткейлері мен қалың бұталардың арасында 27 түрі өседі. Сабақтары тік, жатаған, қысқа сабақты түрлері де кездеседі. Жапырақ тақталарының шеттері қауырсын тәрізді терең ойықталған, ұзын сағақты. Майда гүлдері себетгүлге шоғырланады. Себетгүлдің сыртындағы орам жапырақшалары қалың, жылтыр, кей түрін түк басқан. Өсімдіктердің түрлеріне қарай себетгүлдері бірігіп қалқанша, сыпыртқы, шашақ гүл шоғырларын құрайды. Гүлдері сары, қызғылт, көк, күлгін түсті, бір-бірімен бірігіп кеткендіктен түтікше гүл деп аталады. Аталықтарының жіпшелері жалпақ, түкті, аналық аузы қос тілімді. Мамырмаусым айларында гүлдеп, шілдетамызда жемісі піседі. Жемістері — айдаршалы тұқымша, айдаршасыз түрлері де кездеседі. Гүлкекіренің біраз түрлері сәндік үшін өсіріледі, олар гүлдеу кезінде шірне бөлетін балды өсімдіктер. Дәрілік, бояу алатын, улы түрлері бар. Негізінен Гүлкекіре – жаздық және күздік дақылдардың арамшөбі.[2]

Өсімдік туралы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Гүлкекіренің біржылдық, екіжылдық және көпжылдық түрлері бар. Гүлкекіре негізінен Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африканың табиғатында өседі. 500-ден аса түрі белгілі. Қазақстанның табиғатында да көптеп таралған. Гүлкекіренің қазақ даласында оншақты түрі өседі. Сондықтан да халық арасында оның «қозыошаған», «торғайкөкбас», «түкті көк аяқ» деген секілді жанама атаулары бар. Емдік қасиетіне байланысты дәрілік мақсатта пайдаланылады. Көгалдандыруда 30-дан аса түрі кеңінен қолданылады. Гүлдерінің түсі көп: ақ, көк, қанық көк, сары, күлгін, қызыл болып келеді. Гүлкекірені топтап, жекелеп немесе альпі шоқысына да отырғызады. Оншақты түбін топтап гүлзарларға, жол жиектеріне егеді. Кейде гүлшоғыр жасау үшін де қолданады. Табиғаттағы гүлкекіре аласа болады. Ал, топырағы қатты, алакөлеңкеге отырғызылған гүлкекіренің биіктігі 40–70 сантиметрге жетеді. Гүлкекіре көп күтімді қажет етпейтін өсімдік. Гүлдеу мерзімі сұрпына қарай маусым, қыркүйек айларына сәйкес келеді. Гүлдеу мерзімін ұзарту үшін оның гүлдеп кеткен сабақтарын қырқып отыру керек.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Құлжабаева Г.Ә. «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жидектер: Дидактикалық материал — Алматы, 2011. — Б. 16. — ISBN 978-601-7237-31-8.
  2. Қазақ энциклопедиясы










ApplySandwichStrip

pFad - (p)hone/(F)rame/(a)nonymizer/(d)eclutterfier!      Saves Data!


--- a PPN by Garber Painting Akron. With Image Size Reduction included!

Fetched URL: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B5%D0%BA%D1%96%D1%80%D0%B5

Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy