Афроеуразия
Афроевразия (кейде Афразия немесе Еврафразия) — Африка мен Еуразия материктерін қосатын (Еуразия сондай-ақ Азия мен Еуропаға бөлінеді) жер бетіндегі суперконтинент және жер сілемі. Ауданы 84,980,532 шаршы шақырымға жетеді. Шамамен 5,7 миллиард адам немесе әлем халқының 85% мекендейді. Ол сондай-ақ, Жаңа әлем деп аталатын Америкаға қарсы Ескі Әлем деп аталады.
Афроевразия континенті сэр Хэлфорд Джон Маккиндердің «Тарихтың географиялық осі» мақаласында ұсынған Дүниежүзілік арал деген атаумен де айтылған. Терминнің аясына материктен тыс аралдар мен архипелагтар кірмейді.
Геологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Геологияда Африка Еуропамен соқтығысқан кезде Афроеуразия суперконтинент болады деп есептеледі. Жалпы, Африка Суэц каналы салынбай тұрып Еуразиямен жалғанып тұрған болатын. Қосылу 600 000 жылдан соң Испанияның оңтүстік нүктесі Африкаға жеткенде болады деп күтілуде. Солай болған жағдайда Жерорта теңізі Атлант мұхитынан оқшауланады. Африка мен Еуропаның түпкілікті бірігуі 70 млн жылдан соң Жерорта теңізі аймағын бітеп, Альпіге қосымша жаңа тау тізбегі құрылған кезде болады.
Бөліну
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Афроеуразияны, әдетте, Суэц каналы бойында Африка мен Еуразияға бөледі, ал Еуразияны Орал мен Кавказ таулары арқылы Еуропа мен Азияға бөледі.
Неміс сәулетшісі Герман Зёргель Гибралтар бұғазын гидроэлектрлі бөгетпен бөгеп, екінші кішкенелеу бөгетпен Дарданелл бұғазын бөгеуді ұсынған болатын. Нәтижесінде Жерорта теңізіндегі су деңгейі төмендеп, Еуропа мен Африка бір құрлықты - «Атлантропаны» құрушы еді.