Грета Гервиг
Грета Гервиг | |
ағылш. Greta Gerwig | |
Грета Гервиг (2023) | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
Грета Селеста Гервиг |
Туған күні | |
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Мамандығы | |
Белсенді жылдары |
2006 — қазіргі уақыт |
Марапаттары |
«Тәуелсіз рух» (2018) |
IMDb | |
Грета Селеста Гервиг (ағылш. Greta Celeste Gerwig; 4 тамыз, 1983, Сакраменто, Калифорния, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші, кинопродюсер және актриса. Гервигтің режиссер және актриса ретіндегі алғашқы жетістіктері мамблкор жанрындағы бірнеше фильмдер болды.[1][2] Содан бері ол актриса және тәуелсіз кинорежиссер ретінде мансабынан ірі студиялардың режиссурасына көшті. 2018 жылы Гервиг «Time» журналы нұсқасы бойынша «Әлемдегі ең ықпалды 100 адамның» жыл сайынғы тізіміне енді.[3] Оның жаңа режиссерлік жұмысы - «Барби» фантастикалық комедиясы (2023), бүкіл әлемде 1 миллиардтан астам доллар жинаған әйел режиссердің алғашқы фильмі болды.[4]
Таңдаулы фильмдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Режиссёр
- 2008 - Түндер мен демалыс күндері / Nights and Weekends
- 2017 - Леди Бёрд / Lady Bird
- 2019 - Кішкентай әйелдер / Little Women
- 2023 - Барби / Barbie
Актриса
- 2010 - Гринберг / Greenberg — Флоренс Марр
- 2011 - Ешқандай міндеттемелерсіз / No Strings Attached — Патрис
- 2011 - Қиындықтағы қыздар / Damsels in Distress — Вайолет Уистер
- 2012 - Римге махаббатпен / To Rome with Love — Салли
- 2012 - Фрэнсис Ха / Frances Ha — Фрэнсис Халладей
- 2016 - XX ғасырдағы әйелдер / 20th Century Women — Эбигейл «Эбби» Портер
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Bunbury, Stephanie Real to reel: The rise of 'mumblecore'. The Sydney Morning Herald (19 шілде 2013).
- ↑ Larocca, Amy Sweetheart of Early-Adult Angst. New York Magazine (7 наурыз 2010).
- ↑ "Greta Gerwig: The World's 100 Most Influential People" (in en-us). Time. https://time.com/collection/most-influential-people-2018/5217536/greta-gerwig-2/. Retrieved 2020-09-22.
- ↑ "Barbie" global ticket sales reach $1 billion in historic first for women directors, CBS News (6 тамыз 2023).
|