Гюнтер Айх
Гюнтер Айх (1 ақпан 1907 жыл, Лебус – 20 желтоқсан 1972 жыл, Зальцбург) – неміс (батыс германдық) жазушысы. [1]
«Топ 47» атты топтың мүшесі. Оның шығармашылығы 1927 жылдан басталады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін («Метро», 1949, «Жаңбырдың жолдауы», 1955, «Жұмысқа», 1964) тұңғыш өлең жинақтарын басып шығарады. «Inventur» атты өлеңі поэтикалық хрестоматияға енеді. Сонымен қатар радиопьесалар жазған. Оның ішінде атақтыларының бірі 1953 жылы шыққан «Витерболық қыздар» деп аталатын пьеса. 1991 жылы барлық шығармалар жинағы 4 том болып басылып шығады. Орыс тіліне аударылған шығармалар жинағы 1997 жылы «Өлеңдер» деген атпен жарық көрген. Оның өлеңдеріне В. Рим мен Б. Фуррер ән жазған. 1959 жылы Георг Бюхнер, 1968 жылы Шиллер атындағы сыйлыққа ие болады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|