Content-Length: 256115 | pFad | https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0%D0%BB:%D0%A2%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85

Портал:Тарих — Уикипедия Мазмұнға өту

Портал:Тарих

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тарих порталы

Тарих (гр. Ιστορία, «зерттеу») — гуманитарлық білім саласы болып табылады, адамның өткенін зерттеумен (оның қызметі мен жағдайы, өмірге деген көзқарасы; әлеуметтік байланыстары мен ұйымдасуымен және т.б.) айналысады. Осы сала ішінде жұмыс істейтін ғалымдарды — тарихшылар дейді. Жазба және археологиялық деректерді зерттей отыра, болған тарихи оқиғалардың реттілігін анықтап, объективті болған фактылар мен оқиғалардың пайда болу себептерін анықтайды. Мектептерде тарих пәнінің оқытылуы өте маңызды. Тарих — өте қызық пән.

Алғашқыда «тарих» сөзінің мәні Ежелгі Грек терминінен — «тергеу, білу, анықтау» деген мағынаға саяды. Оқиға немесе фактілердің шындығын, нақтылығын анықтау тарихтын міндеті деп қарастырылады. Ежелгі Рим тарихнамасы — тарих ғылымының саласы. Тарихты білудің әдісі емес, ол жайында жалпы әңгіме айту. Уақыт өте келе «тарих» деп, жалпы оқиғалар жайлы айтыла бастады.

Египеттік иероглифтер
Туыстас порталдар

Антикалық заман Тұлғалар Геральдика
Қазақстан тарихы КСРО WWII
Санаттар


Көмек беру

Жаңа мақалалар


Таңдаулы мақала

АҚШ петроглифтері

Петроглиф (лат. petro — тас және гр. glyph — жазу) — тақтатас, жартастарға салынған суреттер, бейнелер. Ежелгі петроглифтер соңғы палеолиттің ақырында пайда болды. Кейінгі голоцендік тарихи-мәдени кезеңдерде (мезолит, неолит, қола дәуірі, темір дәуірі, т.б.) қоғамдағы өзгерістерге байланысты дамыды.

Мұндай суреттер Швеция мен Норвегия (Богуслен, Таннум), Солтүстік Италия (Велкамоника), Португалия мен Испания жерлерінен, Солтүстік Африкадан, Араб жарты аралынан табылған. Жартас суреттері Үндістан мен Пәкістан, Қытай, Корея мен Жапонияда да бар. Америка құрлығында жартас өнерінің ескерткіштері Канада, АҚШ, Аргентина, Чили мен Бразилияда кездеседі. Олар Австралияда да көп. Мұның өзі петроглиф жалпы адамзат мәдениетінде маңызды құбылыс болғандығын айғақтайды. Қазіргі ТМД елдерінің жерінен де петроглифтер көптеп табылған. Олар Кавказда, Орталық Азияда, Сібірде, Оралда, Қиыр Шығыста шоғырланған.

Ескерткіштердегі суреттер сан алуан тәсілдермен шекіліп, бедерленген. Әр өңірдегі мұндай өнер туындылары тас ғасырынан кейінгі орта ғасырларға дейінгі адамдардың шаруашылығынан, тұрмыс-салты мен жол-жоралғыларынан, дүниетанымынан хабар береді.

Таңдаулы сурет

«Тәуелсіздік декларациясы», Джон Трамбулл (1819)
Жақсы мақала

Аристотель (көне грекше:Ἀριστοτέλης; б.з.б. 384 ж., Стагира (Орталық Македония), Халкидики түбегі — б.з.б. 322 ж. 7 наурыз, Халкида, Эвбея аралы) — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (ұлы Александр) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие.

Ол ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерделеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына нақты ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физика, метафизика, поэтика, театр, музыка, логика, риторика (шешендік өнері), саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Ол қалдырған философиялық пайым жүйесі мен ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі мұсылмандық және христиандық мәдениетке, шығыс-батыс өркениетіне айрықша ықпал етті. (толығырақ ...)

Білгенге маржан









ApplySandwichStrip

pFad - (p)hone/(F)rame/(a)nonymizer/(d)eclutterfier!      Saves Data!


--- a PPN by Garber Painting Akron. With Image Size Reduction included!

Fetched URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0%D0%BB:%D0%A2%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85

Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy