Сырғагүл
Сырғагүл | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Fuchsia hybrida
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
түрлері | ||||||||||||
100 түрі белгілі |
Сырғагүл (лат. Fuchsia) – күреңоттар тұқымдасына жатады. Отаны – Орталық және Оңтүстік Америка. Мәңгі жасыл бұтақты өсімдік. Жапырақтары ұсақ, сопақ пішінді. Сабақтары қызғылт түсті. Үй жағдайында (F. hybrida) буданды сырға гүл қолданылады. Оның 2000-ға жуық түрі бар, пішіні, түсі алуан түрлі болып келеді. Гүл күлтелері жай және гүлпарлы, ал түстері ақ, қызғылтым, қызыл, күлгін болады. Екі түсті сырғагүлдер де кездеседі. Сырғагүл қытайлық шамға ұқсайды. Сырғагүлдің жайылып өсетін түрлерін аспалы түбектерде, ал тік сабақтыларының астыңғы жапырақтарын алып, жоғарғы жағында ғана гүлдетіп өсіруге болады. Гүлдеуі ұзақ, көктемнен күзге дейін. Ескерте кететін жайт, гүл түйнегі пайда болғаннан бастап бір орыннан екінші орынға жиі ауыстыра берсе, гүл түйнегі түсіп қалады.
Жарығы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алакөлеңкеде жақсы өседі. Жаз кезінде аулаға шығарған дұрыс. Бірақ күн көзінен, жел өтінен сақтау қажет.
Жылуы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қыста 6-10 °C төмен болмауы қажет.
Суғарылуы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жазда молынан суғарылады, қыста суғаруды азайтады.
Ылғалдылығы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өте ыстық күндері жиі су бүрку керек.
Қоректендірілуі:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көктемнен күзге дейін, екі аптада бір рет минералды және органикалық тыңайтқышпен қоректендіреді.
Аурулары:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Артық немесе аз суғарылса гүлдері солып, түсіп қалады. Құрғақ ауада жапырақтары түседі. Сондықтан жиі су бүркіп, ылғалды болып тұруын қадағалау керек.
Көбейтілуі:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тұқымы немесе қалемшесі арқылы көбейтеді. Егер гүлдің сұрыптық қасиеттерін сақтап қалғыңыз келсе, онда қалемшесі арқылы көбейту керек.[2]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Clive A. Stace Fuchsia L. – fuchsias // New Flora of the British Isles — 3rd. — Cambridge University Press, 2010. — P. 365. — ISBN 978-0-521-70772-5.
- ↑ "Гүлстан" республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журналы, 2010 жыл ISSN 2078-6727