Content-Length: 216463 | pFad | https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D1%8D%D0%B9%D0%BA

Уэйк — Уикипедия Мазмұнға өту

Уэйк

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Уэйк
ағылш. Wake
Сипаттамасы
Ауданы6,5 км²
Ең биік нүктесі6 м
Тұрғындар 150 адам
Халық тығыздығы23,077 адам/км²
Орналасуы
19°16′52″ с. е. 166°38′46″ ш. б. / 19.281214° с. е. 166.646199° ш. б. / 19.281214; 166.646199 (G) (O) (Я)Координаттар: 19°16′52″ с. е. 166°38′46″ ш. б. / 19.281214° с. е. 166.646199° ш. б. / 19.281214; 166.646199 (G) (O) (Я) (T)
АкваторияТынық мұхит
Ел АҚШ
Уэйк (Океания)
Уэйк
Уэйк Ортаққорда

Уэйк аралы (ағылш. Wake Island) — Тынық мұхитының солтүстік бөлігінде орналасқан атолл, АҚШ-ға тәуелді аймақ. Гавай аралдары мен Гуам аралының қақ ортасында орналасқан Уэйк аралы бастапқы кезде Апсон архипелагының құрамына кірген.

Жалпы аумағы - 6,5 км². Атоллды Уэйк аралы (биіктігі 6 м-ге дейін) және Уилкс және Пил атты майда аралдар құрайды.

Алғашқы рет атоллды 1568 ж. 20 қазанында испания саяхатшысы Альваро Менданья де Нейра ашқан. Елсіз аралдың еш қандай құндылығы жоқ болғаннан кейін, атолл алаңсыз ұмытылған.

1796 жылы ағылшын теңізші капитан У. Уэйк атоллды қайта ашады. Арал осы кісінің құрметіне аталған.

1840 жылы атоллды лейтенант Чарльз Уилкс басқарған америкалық әскери кеменің экспедициясы зерттеген. 1899 жылдың қаңтар айында атолл ешқандай мемлекетке қарамайтын аймақ деп АҚШ-мен аннексияланды.

1935 ж. Pan American Airways компаниясы атоллда АҚШ - Филлипин аралық аэродром салынды. Аэродром қызметкерлері үшін аралда ПААвиль кенті - Уэйк аралының алғашқы елді мекені салынды.

Қазіргі таңда (2009) аралда шамасы 150-дей адам тұрады. Олардың жартысы - әскери қызметкерлер.









ApplySandwichStrip

pFad - (p)hone/(F)rame/(a)nonymizer/(d)eclutterfier!      Saves Data!


--- a PPN by Garber Painting Akron. With Image Size Reduction included!

Fetched URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D1%8D%D0%B9%D0%BA

Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy