Фреска
Фреска (итал. fresco — жаңа) — үйдің қабырғасына сылағы кеппей тұрғанда бояумен салынатын кескіндеме.
Сылақ кепкенде кальций көмір қышқылының жұқа мөлдір қабаты пайда болады да, бояуды ұзақ сақтайды. Фреска негізінен түрлі қосылыстарға ұшырамайтын бояулармен салынады. Сәулет өнерінде Фреска үй қабырғаларын әсемдеу барысында қолданылатын негізгі әдіс болып табылады. Фресканы жасау жолдары уақытпен бірге өзгеріп отырған. Құрғақ сылаққа өрнектер салу (аль секко) ежелгі заманнан белгілі. Қатты сылаққа сурет салу эгей мәдениетінен (б.з.б. 2-мыңжылдық) бері қолданылады. Фреска көне дәуірде гүлденіп, кейіннен темпера пайдаланыла бастады. Бұл әдіс орта ғасырларда Византия, Русь, Кавказ, Балкан, Батыс Еуропа елдерінде кеңінен қолданылды. Қайта өркендеу дәуірінде (16 ғ.) Италияда темперасыз фреска (буон Фреска) дамыды. 17 — 19 ғасырларда фресканы пайдалану бәсеңдегенімен, 20 ғасырдан қоғамдық ғимараттарды әсемдеуде қайтадан кең қолданыла бастады.[1]
[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том