Чак Паланик
Чак Паланик | |
ағылш. Chuck Palahniuk | |
Чак Паланик (2018) | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Мансабы | |
Шығармашылық жылдары |
1996— |
Бағыты | |
Жанры | |
Шығармалардың тілі | |
Дебюті |
Invisible Monsters (1999) |
Қолтаңбасы | |
chuckpalahniuk.net | |
Ортаққордағы санаты: Чак Паланик |
Чарльз Майкл «Чак» Паланик (ағылш. Charles Michael "Chuck" Palahniuk; 21 ақпан, 1962, Паско, Вашингтон, АҚШ) — американың танымал жазушысы, журналист. Көпшілік оны «Төбелес клубы» («Fight Club») кітабының аторы ретінде таңиды. Бұл кітап бойынша 1999 жылы «Төбелес клубы» атты киносы түсірілді. Кейде оны «контрмәдениеттің» патшасы деп атайды.
Чак Паланик — Радио мен баспасөзде жүріп, жай ғана жұмыстан көбірек жасаймын деген мақсатпен әлеуметтік қызметке араласады (емделмейтін аурулары бар науқастар мен мүсәпірлерге көмек). Оның жазушылық жолы 30 жасында басталады. Жазушылық шеберлік курстарын жүргізген Том Спаунбауэрдің (Tom Spaunbauer) сабақтарына қатысып, Чак өзіндік стилін тауып, шығармаларын жаза бастайды. Жазушының айтуынша, Спаунбауэр оның минималистік стиліне әсер етті. Паланиктың алғаш романы «Көрінбейтін құбыжықтар» («Invisible Monsters») баспада қабылданбағаннан кейін ашулы автор «Төбелес клубты» («Fight Club») жазып, оның экранизациялануынан соң әлемге танылады.
Шығармаларының кейбір цитаталары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]— Шынын айтсам, қайда болмасаң да, қажет жерде емессің.
— Мәңгілікке ұмытқың келетін нәрсеңді ешқашан да ұмыта алмайсың.
— Біз бәрі де нашар болып тұрғанды жақсы көреміз. Бірақ ешқашан оны мойындамаймыз.
— Әркімнің өз жеке комасы бар.
— Өзіңе түсініксіз нәрсені өз қалауынша түсің.
— Егер де біз әлденені түсіне алмасақ, ол бізді жындандырады. Егер де түсіне не түсіндіре алмасақ, оны жоққа шығарамыз.
— Жараны ұмыту қиын, бірақ қуанышты еске түсіру одан да қиын. Бақыт есімізде жара қалдырмайды. Бір қалыптылықтың бізге үйретері аз...
— Ант пен серттердің құны жоқ әлемде, берілген уәдені тек бұзу үшін уәделесу әлемінде, сөзге бұрынғы пәрменділікті дарыту тамаша болушы еді.
— Адамдар, өздері айтпақшы, телефонды бір-біріне жақын болмас үшін пайдаланады, бірақ жалғыз қалудан қорқады.
— Мені ұмыта аласың, бірақ менің бар болуымды жоққа шығара алмайсың.
— Біз өз-өзімізді жұбата алмаймыз.
— Ешкім де басқаларға шын мәнісінде кім екенін көрсетпейді.
— Өз проблемаларың жайында айналадағыларға айтпасаң, олардың проблемаларына мән беруден қашасың деген сөз.
Паланиктің библиографиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Көрінбейтін құбыжықтар» (Invisible Monsters, 1994), 1999 ж. жарияланды
- «Insomnia: If You Lived Here, You'd Be Home Already» (алғашқылары; 1990 ж., жарияланбаған)
- «Төбелес клубы» (Fight Club, 1996; 1999 ж. экранизацияланған)
- «Аман қалған» (Survivor, 1999 ж., Ресейде алғаш рет 2005 жылы басылды)
- «Тұншығу» (Choke, 2001, 2008 ж. экранизацияланған)
- «Бесік жыры» (Lullaby, 2002)
- «Қашқындар мен мүсәпірлер» (Fugitives and Refugees: A Walk in Portland, Oregon 2003)
- «Stranger Than Fiction» (2004)
- «Күнделік» (Diary, 2005)
- «Елестер» (Haunted, 2005)
- «Рэнт: Бастер Кейсидің биографиясы» (Rant, 2007)
- «Снафф» (Snuff, 2009)
- «Пигми» (Pygmy, 2009)
- «Бәрін айт» (Tell All, 2010-ға жоспарланған)