Content-Length: 197283 | pFad | https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AF%D0%BD%D1%86%D0%B7%D1%8B

Янцзы — Уикипедия Мазмұнға өту

Янцзы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Янцзы
қыт. 长江
Өзеннің ағысы Нанкиннің тұсында
Өзеннің ағысы Нанкиннің тұсында
Сипаттамасы
Ұзындығы 6300 км
Су алабының
ауданы
1808500 км²
Су алабы Шығыс Қытай теңізі
Өзендердің
су алабы
Янцзы су алабы
Су шығыны 31900 м³/с
Бастауы
 • Орналасқан жері Тибет
 • Биіктігі 5170 м
 • Координаттары 32°36′14″ с. е. 90°53′46″ ш. б. / 32.60389° с. е. 90.89611° ш. б. / 32.60389; 90.89611 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Шығыс Қытай теңізі
 • Орналасқан жері Шаңхай мен Цзянсу
 • Координаттары 31°23′37″ с. е. 121°58′59″ ш. б. / 31.39361° с. е. 121.98306° ш. б. / 31.39361; 121.98306 (G) (O) (Я)Координаттар: 31°23′37″ с. е. 121°58′59″ ш. б. / 31.39361° с. е. 121.98306° ш. б. / 31.39361; 121.98306 (G) (O) (Я) (T)
Еңістігі 0 м/км
Орналасуы
Ел  Қытай

Янцзы, Чаңжиаң (қыт. дәст. 長江, жеңіл. 长江, пінин: Cháng Jiāng, сөзбе-сөз: «ұзын өзен»[1]; төменгі ағысындағы тарихи атауы — қыт. дәст. 揚子江, жеңіл. 扬子江, пінин: Yángzǐ Jiāng) — Еуразиядағы ең ұзын және мол сулы, әлемдегі үшінші ең ұзын өзен[2]. Қытайдың аумағымен ағады[3].

Географиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұзындығы 5800 км, су жиналатын алабының аумағы 1808,5 мың км².

Бастауын Тибет таулы қыратының орталық бөлігіндегі 5500 метр биіктіктегі Тангла және Кукушили жоталарындағы мұздықтардан алып, Шығыс Қытай теңізіне атырау жасап (ауданы 80 мың км²) құяды.

Янцзы аңғар, арна және ағын ерекшеліктеріне қарай 3 бөлікке бөлінеді:

  • жоғарғы ағысы – бастауынан Ибинь қаласына дейін (2700 км),
  • орта ағысы – Ичан қаласына дейін (1020 км)
  • төмен ағысы – атырауына дейін (2080 км).
Янцзы өзенінің алабы.

Жоғары ағысында терең, тар шатқалмен су құлама жасап ағады, еңісі 5 мың метрден асады.

Орта ағысы қырқалы Сычуань қазаншұңқыры және қатпарлы жоталар үстімен өтеді, еңісі 251 метр, орташа ені 300 – 600 метр, шатқалдардағы тереңдігі 80 – 110 мтр, ағыс жылдамдығы 5 – 7 м/с.

Төмен ағысы аллювийлік Цзянхань және Солтүстік Қытай жазығының оңтүстік бөлігімен ағады. Еңісі 80 метр, орташа ені 600 метрден 2 км-ге дейін, ағыс жылдамдығы 1 м/с. Ірі салалары Ялунцзян, Миньцзян, Цзялинцзян, Ханьшуй (Цзюйхэ). Оң жақ жағалауындағы Дунтинху, Поянху көлдері өзеннің су ағысын реттеп отырады. Орташа су ағымы 34 мың м³/с; су режимі муссондық; жазда су деңгейінің ауытқу шегі жазық бөлігінде 10 метрге дейін көтеріледі. Янцзы және оның салаларында су тасқынынан қорғану үшін ұзындығы 2,7 мың км-дей көтерме бөгеттер (дамбылар) тұрғызылған. Өзеннің тек жоғары бөлігі ғана қатады, 2850 км бойы кеме жүзеді. Төмен бөлігі Ұлы каналмен жалғастырылған. Теңіз суының көтерілуі сағасынан 700 км-ге дейін таралады. Янцзы жыл сайын 280 – 300 миллион тонна тасындылар мен тосқындарды шайып әкетеді. Егістік (негізінен күріш алабы) суаруға пайдаланылады. Янцзы – Қытайдың басты су магистралі. Алабындағы су жолының жалпы ұзындығы 17 мың км. Өзен бойында Нанкин, Ухань, Чунцин, Чэнду, т. б. өнеркәсіп орталықтары, атырауында Шаңхай қаласы орналасқан[4][5][6].

Тармақтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Янцзы тармағында 700 өзен бар. Ең ірілері:

Орта айлық су шығыны (64 жылдың мәліметтері бойынша)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Янцзы өзеніндегі ірі қалалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Янцзы Нанкин қаласының тұсында Таңгула мұздықтары өзен қайнар көзі болып табылады

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Schuessler, Axel (2006), ABC Etymological Dictionary of Old Chinese, Abc Chinese Dictionary Series, University of Hawaii Press, p. 306, ISBN 0824829751, http://books.google.com/books?id=nIvqAC7FNBQC&pg=PA306 
  2. (қолжетпейтін сілтеме)(қолжетпейтін сілтеме)(қолжетпейтін сілтеме)(қолжетпейтін сілтеме)(қолжетпейтін сілтеме)  (қыт.)(қолжетпейтін сілтеме) Accessed 2010-09-10
  3. "Yangtze River" (in en). Brittanica. https://www.britannica.com/place/Yangtze-River. Retrieved 2024-04-15. 
  4. Three Gorges Dam, China : Image of the Day. earthobservatory.nasa.gov. Тексерілді, 3 қараша 2009.
  5. International Rivers, Three Gorges Dam profile Мұрағатталған 20 сәуірдің 2009 жылы., Accessed тамыз 3, 2009
  6. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том








ApplySandwichStrip

pFad - (p)hone/(F)rame/(a)nonymizer/(d)eclutterfier!      Saves Data!


--- a PPN by Garber Painting Akron. With Image Size Reduction included!

Fetched URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AF%D0%BD%D1%86%D0%B7%D1%8B

Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy