Қанды алмаз
Қанды алмаз | |
Blood Diamond | |
300x300px | |
Жанр |
оқиға драма триллер |
---|---|
Режиссёр |
Эдвард Цвик |
Продюсер |
Маршалл Херсковиц Грэм Кинг Пола Вайнштейн Эдвард Цвик |
Сценарий авторы |
Чарльз Ливитт С.Гэби Митчел |
Басты рөлде |
Джимон Хонсу Дженнифер Коннелли |
Оператор |
Эдуардо Серра |
Композитор |
Джеймс Ньютон Ховард |
Кинокомпания |
Warner Bros., Virtual Studios, Spring Creek Productions, Bedford Falls Productions, Initial Entertainment Group, Lonely Film Productions GmbH & Co. KG. |
Ұзақтығы |
143 мин |
Бюджет |
100 млн $ |
Түскен ақша |
171,4 млн $ |
Ел |
СШАlink=Соединённые_Штаты_Америки|border|22x22px Германияlink=Германия|border|22x22px Германия |
Тіл |
ағылшын тілі |
Жыл |
2006 |
IMDb | |
Ресми сайт | |
«Қанды алма́з» (ағылшын тілінде Blood Diamond) — экранға 2006 жылы шыққан режиссёр Эдвард Цвиктің шытырман оқиғалы драмасы. Фильмде басты рөлді Леонардо Ди Каприо, Джимон Хонсу және Дженнифер Коннелли ойнады. Оқиға 1999 жылы Сьерра- Леонде азаматтық соғыс кезінде жас контрабандист әрі алмаз өндірісін іздеп, сонымен айналысатын Дэнни Арчердің басынан өтеді.
Сюжеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Балықшы Соломон Вандиді ауылына бас көктеп кірген Революциялық Біріккен майдан бүліншілік әскері жаулап алған еді. Ол отбасынан көз жазып қалады. Соломонды жас әрі күшті еркек ретінде қатыгез әскербасы Пуазон қадағалауындағы алмаз кен орнындағы жұмысқа жегеді. Алмаздар Революциялық Біріккен майданға олардың әскери экономикасын қаржыландыру, яғни бағалы тастарды қару-жарақтарға алмастыру үшін қажет. Соломонның кішкентай баласы Диа да басқа балалармен бірге бүліншілік әскерінің қолына түседі. Олардың «миын тазалау» арқылы Ревмайданның жас жауынгері етіп шығармақшы.
Бір күні Соломон өзеннен үлкен алқызыл алмаз тауып алады, алайда оны тығып қою әрекетін Пуазон байқап қалады. Аз уақыт өтпей-ақ үкімет әскері шахтаға шабуыл жасағандықтан, капитан Пуазон тұтқынның көзін жойып үлгермейді. Ол да, Соломон да басқа бүлікшілермен бірге Фритаундағы түрмеге түседі.
Сол уақытта Дэнни Арчер, ОАР әскерінің бұрынғы әскери адамы, қазір жалдамалы адам және қару-жарақ контрабандашысы, Либериядан алмаз контрабандасын өткізу үстінде ұсталған еді. Бұл алмаздар Арчердің бұрынғы командирі баукеспе дүниеқор полковник Кутзееге берілу керек. Ал оның артында Рудольф Ван де Каап және оның өкілі Руперт Симмонс басқаратын Tiara Diamond Company тұрған болатын. Ерекше алмаз туралы ел құлағынан естіген Арчер Соломонды түрмеден «босатуды» ұйымдастырады және ол Арчерді алмазға алып баратын болса, отбасын тауып беруге көмектесетінін айтады. Революциялық Біріккен майдан Фритаунға жаппай шабуыл жасайды әрі үкімет күшін талқан етеді, Арчер мен Соломон түн жамылғанда қаладан сытылып шығады.
Америкалық журналист қыз Мэдди Боуэн Арчермен жарасып кетеді де, оны және Соломонды телеоператор кейпінде шекарадан өткізеді, есесіне екі жігіт Африканың «қанды алмазын» жеткізушілерді судан таза, сүттен ақ ету үшін, репортажға ақпарат тауып беруі керек еді. Алайда жолаушылар Ревмайданның жаудырған оғының астында қалады, атыс барысында барлық жаңалық жаршылары қайтыс болады. Арчер, Соломон және Мэдди өлімнен аман қалады және полковник Кутзее басқаратын оңтүстікафрикалық баскесерлер лагеріне жол тартады.
Арчер мен Соломон лагерьді тастап, джунгли арқылы жолға шығады. Ал бұл кезде Мэдди қақтығыс аймағынан аластап жатқан шетелдіктермен бірге ұшаққа отырады. Өзімен бірге ол Арчердің қойын дәптерін алып кетеді, онда алмаздарды заңсыз жолмен алып шығу туралы ақпараттар, сызбалар — «адам аттары, фактілер, оқиғалар» бар еді. Әйтеуір Арчер мен Соломон капитан Пуазонның лагеріне жетеді, бірақ Соломон ендігісі әке ретінде мойындаудан бастартып отырған Дианы құтақарамын деп, қолға түсіп қалады. Арчер Кутзееге бүлікшілер лагерінің координатын хабарлайды, олар әуеден соққы жасап, абыр-сабырда Соломон капитан Пуазонды өлтіреді, Ревмайданның қалған бүлікшілері қақпанға түседі. Полковник Кутзее өзінің алмаздан үлесін алу (немесе оны толығымен алу) мақсатында Арчермен кездесуді қалайды және Соломонға тығып қойған тасын беруді, болмаса баласы Дианың өмірін қиятынын айтып қорқытады. Кутзеенің алмазды ала сала, бұні да, Соломонды да өлтіретінін түсінген Арчер Кутзеені атып өлтіреді, алайда өзі атыс кезінде қатты жараланады. Қатты қорыққан Диа Соломон мен Арчерді қарауылдайды, алайда әкесі мен баласының сыр шертіп әңгімелесуінен кейін, Соломон ұлын үйіне қайтуға көндіреді. Диа әкесімен бірге үйге қайтуға келіседі.
Арчер, Соломон және Диа көрші тау жотасындағы ұшып-қону жолағына жетеді де, Арчер алдын-ала жоспарлаған ұшқышпен кездеседі. Алайда Арчер өзінің өлім аузында жатқанын сезіп, алмазды Соломонға береді, сосын соңғы рет Мэддиге хабарласады. Өзінің қойын дәптеріндегі «барлық ақпараттың шынайы» екенін хабарлайды да, Соломонға көмектесуін сұрайды. Осыдан кейін көп қан жоғалтқан Арчер қайтыс болады. Лондонда Соломон алмазды Симмонсқа 2 миллион фунт стерлингке сатып, өз отбасымен қауышады. Мэдди осы көріністі құпия түрде суретке түсіріп, көп ұзамай, сенсациялық мақала жариялайды. Онда алмаз саудасының қылмыстық сызбасын анық көрсеткен Мэдди Ван де Каап, Симмонс және оның компаниясын әшкере етеді. Соломон Мэддидің мақаласын оқып, Арчердің суретін танып, Кимберли (ОАР) конференциясында «қанды алмаз» туралы әңгімесін айтуды бастайды.
Рөлдерде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Марапаттар мен номинациялар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 2006 — АҚШ киносыншылары Ұлттық кеңесінің премиясы бойынша екінші кезектегі ең үздік ер адам рөлі үшін Джимон Хонсуға берілді әрі жылдың ең үздік фильмдерінің ондығына кірді.
- 2007 — 5 номинация бойынша "Оскар" премиясына ие болды: үздік ер адам рөлі (Леонардо Ди Каприо), екінші кезектегі ең үздік ер адам рөлі (Джимон Хонсу), үздік монтаж (Стивен Розенблюм), үздік дыбыстық монтаж (Лон Бендер), дыбысрежиссері (Энди Нельсон, Анна Белмер, Айвэн Шаррок).
- 2007 — "Золотой глобус" премиясында үздік драмалық ер адам рөлі номинациясына қол жеткізді (Леонардо Ди Каприо).
- 2007 — АҚШ киноактерлерінің Гильдия премиясында екі номинацияға ие болды: үздік ер адам рөлі (Леонардо Ди Каприо) және екінші кезектегі үздік ер адам рөлі (Джимон Хонсу).
- 2008 — «Грэмми» премиясында үздік альбом-саундтрек номинациясына ие болды (Джеймс Ньютон Ховард).
Саундтрек
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Фильмге саундтректі «Blood Diamond» атаумен сазгер Джеймс Ховард шығарды.
Композиция тізімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Blood Diamond Titles (1:32)
- Crossing the Bridge (1:41)
- Village Attack (1:52)
- RUF Kidnaps Dia (3:02)
- Archer & Solomon Hike (1:55)
- Maddy & Archer (1:56)
- Solomon Finds Family (2:09)
- Fall of Freetown (4:45)
- Did You Bury It? (1:36)
- Archer Sells Diamond (1:40)
- Goodbyes (2:40)
- Your Son is Gone (1:21)
- Diamond Mine Bombed (4:31) )
- Solomon’s Helping Hand (1:11)
- G8 Conference (2:36)
- Solomon & Archer Escape (2:12)
- I Can Carry You (1:30)
- Your Mother Loves You (2:24)
- Thought I’d Never Call? (3:56)
- London (2:38)
- Solomon Vandy (2:11)
- Ankala (4:12)
- Baai (4:37)
- When Da Dawgs Come Out to Play (Album Version) (3:19)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Официальный сайт фильма (ағыл.)(ағылш.)
- «Кровавый алмаз» (ағыл.) Internet Movie Database сайтында(ағылш.) на сайте Internet Movie Database
- Кровавый алмаз (ағылш.) на сайте allmovie
- «Кровавый алмаз» на сайте Box Office Mojo