Content-Length: 83000 | pFad | https://kk.wikipedia.org/wiki/Registered_Jack

Registered Jack — Уикипедия Мазмұнға өту

Registered Jack

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Солдан оңға қарай, штекерлердің түрлері * 8P8C — 8-контактілі, Локальді желіні ұйымдастыру кезінде қолданылатын негізгі штекер;

Registered Jack (RJ, ағылшынша оқылуы «эр-джей») — ағытпаның (разъем) екі бөлігінің конструкциясының және олардың коммутациясының сұлбасын сипаттайтын стандартты физикалық желілік интерфейс. Телекоммуникациялық жабдықтарды қосып жалғауға қолданылады. Мұндай стандарттарға RJ-11, RJ-14, RJ-25, RJ-45S және т.б. жатады.

Registered Jack стандарттары алғашында Bell Labs компаниясымен қолданылатын байланыс ағытпаларын (разъемдарын) бірегейлендіруге және ақырғы құрылғыларды қосу жұмыстарын оңтайландыру үшін 1975 жылы жасалып шыққан және патенттелген. АҚШ тың байланыс бойынша Федералды агенттігінің демеуімен олар телефон желілерінде абоненттерді қосуда стандарт ретінде кеңінен қолданыс тапты.

Негізгі стандартының түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Стандарттың атауы Ағытпа түрі Сипатталуы
RJ-9 4P4C Төрт сымды. Телефон аппараттарының тұтқаларын қосуға қолданылады (есулі қоссымда) , кеңдігі — 7,5 мм
RJ-11 6P2C

6P4C 6P6C

Екі сымды. Екі сымды телефон аппараттарын қосуға қолданылады (RJ-11, RJ−14, RJ−21, RJ−25), кеңдігі — 9,5 мм
RJ-14 6P4C

6P6C

Төрт сымды. Төрт сымды телефон аппараттарын қосуға қолданылады.
RJ-21 50-контактілі АТС немесе басқа да телекоммуникациялық жабдықтарды қосуға қолданылады, «Telco» немесе «Amphenol» ағытпалары деп аталуы мүмкін.
RJ-25 6P6C Алты сымды. Алты сымды телефон аппараттарын қосуға қолданылады.
RJ-45S 8P4C кілтімен Төрт сымды. Модемдерді жалғауға қолданылады.
RJ-34X 8P8C RJ33X секілді, бірақ барлық шықпалары сызықты схемаға қосылған.
RJ-35X Бұл үйлестіру тәсілі негізгі телефон құрылғысында және A және A1 көпір сымында таңдалған кез-келген линиямен кәбіл ұшы мен сақинаның дәйекті байланысын қамтамасыз етеді.
RJ-33X
RJ-32X Rj31x-ке ұқсас, бұл сым байланыстырушы блок арқылы ұшы мен сақинасының дәйекті байланысын қамтамасыз етеді, бірақ клиенттің үй-жай жабдығы бір станциямен, мысалы, автоқоңыраумен қатар қосылған кезде қолданылады.
RJ-31X Дабыл жүйесі дабыл кезінде шығыс қоңырауды орындау үшін телефон желісін пайдалануға мүмкіндік береді. Джек барлық басқа жабдықтарға қарағанда желілік интерфейске жақын. Тек 4 сымы қолданылады.
RJ-49C NT1 арқылы ISDN BRI үшін
RJ-61X төрт телефон желісі үшін
RJ-50 10P10C Он сымды. Американдық Power Conversion және Eaton Corporation UPS-де қолданылады.

Қатысы бар тақырыптар (ағылшын тілінде)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Audio and video interfaces and connectors generic article
  • BS 6312 British equivalent to RJ25
  • EtherCON ruggedized 8P8C Ethernet connector
  • Key telephone system
  • Modified Modular Jack a variation used by [[Digital Equ ipment Corporation]] for serial computer connections
  • Protea (telephone) South African telephone jack standard
  • Telecommunications Industry Association Standards Developing Organization for ACTA

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. AT&T, Registration Interface—Selection and General Information, Bell System Practices, Section 463-400-100 Issue 1, May 1976
  2. http://www.tscm.com/FCC47CFRpart68.pdf








ApplySandwichStrip

pFad - (p)hone/(F)rame/(a)nonymizer/(d)eclutterfier!      Saves Data!


--- a PPN by Garber Painting Akron. With Image Size Reduction included!

Fetched URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/Registered_Jack

Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy