Георгий Владимирович Вернадский
Вернадский Георгий Владимирович
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Вернадский Георгий Владимирович (20 тамыз 1888 – 20 маусым 1973) – алдыңғы қатарлы орыс және америка тарихшысы, В.И.Вернадскидің баласы.
Биография
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Орта білімді Вернадский мәскеу бесінші гимназиясында алды (қазірде мәскеу №91 мектебі). 1905 жылы Мәскеу университетіне студент болып қатылданды, бірақ 1905 жылы революция басталуына байланысты оқуын Германияда Фрайбурсг және Берлин университеттерінде жалғастырды.
1910 жылы мәскеу университетіне қайтып оралды. Сол кезде оның оқытушылары қатарында В.О.Ключевский және Р.Ю.Виппер болған еді. Келесі жылы жас ғалым «Кассо ісі» нәтижесінде университеттегі жұмысын тастады және Санкт-Петербург қаласына кетті. Жеті жыл ішінде ол Петергург университетінде сабақ берді. Сонымен қатар, осы жылдары «Русское масонство в царствование Екатерины II» атты магистерлік диссертациясын жетік қорғап шықты.
Азамат соғысы жылдары кезінде (1917-1920) Вернадский Пермде, Киевте және Симферополда сабақ берді. 1920 жылы көптеген ғалымдар қатарында эмиграцияға ұшырады. Ол Константинополде, Афинада және Прага қалаларында өмір сүрді және жұмыс істеді. Прага қаласында Карлов университетінде Орыс құқықтық факультетінде сабақ берді. Осы жерде ол Н.С.Трубецкой және П.Н.Савицкилермен бірге еуразияшылдық теорясын құруға қатысты.
1927 жылы М.И.Ростовцев және Ф.Гольдер Вернадскиға Йельск университетінде ғылыми қызметкер болуды ұсынады. Осы кезде Йельск университетіне Ресей тарихшысы маманы қажет болатын.1946 жылы осы университетте орыс тарихының профессоры атағын алды; 1956 жылы зейнетке шықты.
Вернадскидің Рус және татар-моңғол ортағасырлық тарихы жайлы еңбектері классикалық болып есептеледі.
Негізгі еңбектері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Русское масонство в царствование Екатерины II. Пг., 1917.
- Очерк истории права Русского Государства XVIII—XIX вв. Прага: Пламя, 1924
- Русская история. — М.: «Аграф», 1997. — 542 с. ISBN 5-7784-0023-3.
- Древняя Русь. — Тверь—М.: «Леан»; «Аграф», 1996. — ISBN 5-85929-014-4.
- Россия в средние века Тверь. Тверь—М.: «Леан»; «Аграф», 1997. — ISBN 5-85929-016-6.
- Русская историография. — М.: «Аграф», 1998. — ISBN 5-7784-0044-6.
- Московское царство. В 2-х чч. Ч. 1. Тверь—М.: «Леан»; «Аграф», 1997. — ISBN 5-85929-016-0.
- Московское царство. В 2-х чч. Ч. 2. Тверь—М.: «Леан»; «Аграф», 1997. — ISBN 5-85929-017-9.
- Монголы и Русь. Тверь—М.: «Леан»; «Аграф», 1997. — ISBN 5-85929-004-6.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |