Мазмұнға өту

Моос шкаласы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Моос шкаласы, қаттылықтың минералогиялық шкаласы – түрлі минералдардың салыстырмалы қаттылығын анықтайтын он баллдық шкала. 1811 жылы неміс минерологі Ф.Моос (1773 – 1839) ұсынған. Қаттылығы өсу ретімен орналастырылған 10 минералдан тұрады: 1 – тальк, 2 – гипс, 3 – кальцит, 4 – флюорит, 5 – апатит, 6 – орто-клаз, 7 – кварц, 8 – топаз, 9 – корунд, 10 – алмас. Салыстырмалы қаттылықты Моос шкаласының эталонымен зерттелетін нысан бетіне із түсіру жолымен анықтайды. Моос шкаласында әрбір алдыңғы минерал өзінен кейінгі минералдан жұмсақ келеді. Егер қаттылығы 5 болатын эталонмен зерттелетін үлгіге із түсірсе, ал соңғысы қаттылығы 4 болатын эталон бетіне із қалдырса, онда минералдың қаттылығы шамамен 4,5 болады. Моос шкаласысы минералдардың қаттылығын тез анықтау үшін қолданылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, XI том 27 бет.


pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy