Жуа
Жуа (лат. Allium) – амариллистер тұқымдасының жуа тұқымдас тармағына жататын екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Жуа | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Сарымсақ (Allium sativum)
| ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||||||||||||
Allium sativum Карл Линней | ||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||
500 түрі белгілі |
Солтүстік жарты шарда 500-ге жуық түрі кездеседі. Қазақстанда жуаның 108 түрі далалық шөл, шөлейтті жерлерде, әсіресе, таулы аймақтарда өседі. Сабағы қуыс, кейде бітік, оның ұшында көп гүлді, шатыр тәрізді гүлшоғырлары бар. Жапырағы тұтас қынапты, сабағын орап тұрады. Гүлі ұсақ, ақ, қызғылт сары, жасыл түсті. Жемісі – үш қырлы қауашақ. Баданалары домалақ, кейде сопақша. Жуаның сирек кездесетін 9 түрі (мыс., Піскем жуасы, түпті жуа, Сергей жуасы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. жуа мал азықтық, тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де бағаланады. Ерте заманнан бері ерекше сәнді әсемдік өсімдіктер есебінде мәдени түрде өсіріледі және арамшөп түрлері де кездеседі.[1]
Жуа - екі жылдық және көп жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанда 100-ден астам түрі бар, оның 29-ы эндемикалық. 4 түрі (бас пияз, сарымсақ, шалот, батун) мәдени дақыл ретіңде өсіріледі. Жапырағы түтікше пішіндес не жалпақ. Тамыр жүйесі шашақты (тамыры топыраққа 25 см-дей тереңдейді), баданасы не қысқа тамыр сабағы бар. Гүлі ұсақ, қос жынысты, түйінінің үш ұшасы бар. Гүлшоғыры — шатырша. Жемісі қара дәнді кұрғақ қауашақ. 40-150 күнде өсіп жетіледі. 3-4 жылдан кейін гүлдей бастайды. Жапырағы мен баданасында кант, клетчатка, кальций, калий, В, Вр В,, С, РР витаминдері бар. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.[2]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ "Қазақ Энциклопедиясы"
- ↑ Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3