Ла Скала (La Scala, толық атауы — Teafro alla Sckala) —Италиядағы атақты опера театры. 1776 — 78 ж. Милан қаласында “Санта-Мария делла Скала” шіркеуінің орнына салынды (архитектор Дж. Пьер Марины). Алғашқы театр сахнасында опера, балеттермен қатар драмалық спектакльдер де қойылып тұрды. 19 ғасырда “Ла Скала” дүниежүзілік опера орталығының біріне айналып, театр әншілерінің шеберлігі әлемге танылды. “Ла Скала” театрының репертуарын негізінен италиялық композиторлардың шығармалары құрады. Көптеген танымал опералардың премьерасы осы театрда өтті. Опера жанрының шеберлері — Дж.Россини, Г.Доницетти, В.Беллини, Дж.Верди, Дж.Пуччини сынды көрнекті композиторлардың қызметі “Ла Скала” театрымен тығыз байланыста өрбіді. Театрдың музыкалық жетекшісі ретінде дирижер А.Тосканини жұмыс істеген кезең (1898 — 1903, 1921 — 29) театр тарихында ерекше орын алады. “Ла Скала” театрына Қазақстаннан Ж.Баймолдина, А.Сембин секілді бірнеше опера әншілері тәжірибе алмасу сапарына барып, шеберліктерін шыңдады.

A.
Ла Скала.

Дереккөздер

өңдеу


Ә. Телғозиев


pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy