Сейсенбі

аптаның екінші күні

Сейсенбі — аптадағы дүйсенбі мен сәрсенбі аралығындағы күн. Халықаралық ISO 8601 стандартына сәйкес, бұл аптаның екінші күні. Кейбір дәстүрлі (иудей және христиан діндері) стандарттар бойынша аптаның үшінші күні.

Бұл күннің өзге тілдердегі атауы

өңдеу

Орыс тілінде "сейсенбі" - "вторник", аптаның екінші күні деп аталады. Хорват тілінде және украин тілінде utorak, вівторок

Армян тілінде (Երեքշաբթի — ерекшабти́), грузин тілінде (სამშაბათი — самшабати) және тәжік тілінде (сешанбе) - барлығында да "сенбіден кейінгі үшінші күн" мағынасын білдіреді.

Латын тілінде сейсенбі атауы - dies Martis («Марс (құдай) күні]]»).

"Сейсенбі" сөзбе-сөз жапон тіліне аударғанда - «от күні» (火曜日).

Сейсенбіге қатысты оқиғалар

өңдеу

1929 жылы 29 қазан - АҚШ-та "Қара сейсенбі" атанды, себебі бұл күні қор нарығында үлкен даурығу туып, бұның аяғы Ұлы дағдарысқа апарып соқты.

Microsoft компаниясы әр айдың екінші сейсенбісінде өзінің түгелге жуық бағдарламалары бойынша жаңартулар жүргізеді. Бірқатар жүйелік Админдер әзіл ретінде бұл күнді "қара сейсенбі" деп те атайды.

Сейсенбі есімдер мен атауларда

өңдеу
  • «Ruby Tuesday» (Жақұт сейсенбі) — "The Rolling Stones" тобының әні.
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy