Content-Length: 124294 | pFad | http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A5%D1%83%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%83%D0%B4

Хувентуд — Уикипедия Мазмұнға өту

Хувентуд

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Хувентуд
ис. Juventud
Ғарыштан көрінісі
Ғарыштан көрінісі
Сипаттамасы
Ауданы2200 км²
Ең биік нүктесі303 м
Тұрғындар (2010 жыл)86 420 адам
Халық тығыздығыАйтылым қатесі: Күтілмеген оператор < адам/км²
Орналасуы
21°45′ с. е. 82°51′ б. б. / 21.750° с. е. 82.850° б. б. / 21.750; -82.850 (G) (O) (Я)Координаттар: 21°45′ с. е. 82°51′ б. б. / 21.750° с. е. 82.850° б. б. / 21.750; -82.850 (G) (O) (Я) (T)
АрхипелагЛос-Канарреос
АкваторияКариб теңізі
Ел Куба
АймақИсла-де-ла-Хуветуд
Хувентуд (Куба)
Хувентуд
Хувентуд Ортаққорда

Хувентуд аралы (исп. Isla de la Juventud — Жастар аралы), 1978 жылға дейін Пинос аралы (исп. Isla de Pinos) — Куба Республикасының көлемі бойынша екінші аралы әрі ерекше муниципалитеті. Лос-Канарреос архипелагындағы Куба аралының оңтүстік жағалауынан 50 шақырым жерде орналасқан. Аралдың ауданы — 2200 км², муниципалитеттің ауданы— 2419 км². Ерекше муниципалитеттің әкімшілік орталығы Нуэва Херона қаласы.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Хувентуд аралының картасы

Аралдың басым бөлігі қарағай орманымен жабылған (сондықтан, 1978 ж. дейін арал «Қарағайлар орманы» (Isla de Pinos) деп аталды). Оңтүстігі қатты карстелген, балшық саны көп. Жер беті ағын сулары жоқ. Ормандар едәуір жинақталған. Солтүстігінде, негізінен жазықтық болып келетін бөлігінде мәрмәр өндірілетін аса биік емес таулар орналасқан. Аралда никель және каолин кен орындары бар. Оңтүстік бөлігі қыраттармен сипатталады.

Аралдың климаты жұмсақ, бірақ жиі дауылдар болады. Мұнда туристтер арасында танымалдылыққа ие көптеген жағажайлар бар. Хувентуд рекреациялық дайвинг орны ретінде де өте танымал.

Арал еуропалықтарға 1494 жылы Колумбпен ашылып, испан территориясы болып  жарияланғаннан соң мәлім болды.

Америка Құрама Штаттарының Испан-американ соғысындағы жеңісінен кейін, Испания Кубаға деген дәмесінен бас тартуға мәжбүр болды. Сол уақыт аралығында арал Кубаның шекарасын анықтайтын келісімде аталмаған, бұл жағдай тәуелсіздік алған Куба мен Құрама Штаттар арасында дау туғызды. Америкалық-кубалық шартқа енген Платта түзеуі аралды Кубаның құзыретінен шығарып тастады. Алайда 1907 жылы АҚШ-тың Жоғарғы соты Хувентуд аралының ендігәрі АҚШ-қа тиесілі емес екендігі туралы үкім шығарды, ал 1925 жылы АҚШ пен Куба арасында аралдың тәнділігі туралы келісімге түпкілікті қол қойылды.

Әкімшілік бөлінуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Хувентуд аралы мен оның маңындағы кішкентай аралдар ерекше Хувентуд муниципалитетін құрайды, оның аумағы — 2 419 мың км², халқы — 86 420 адам (2010 жыл).

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Хувентуд аралы — Кубаның негізгі ауыл шаруашылық провинцияларының бірі. Бұл жерде экспортқа шығарылатын цитрус тектестер мен көкөністер өсіріледі. Ауқымды жерлерде жайылымдар орныққан.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]








ApplySandwichStrip

pFad - (p)hone/(F)rame/(a)nonymizer/(d)eclutterfier!      Saves Data!


--- a PPN by Garber Painting Akron. With Image Size Reduction included!

Fetched URL: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A5%D1%83%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%83%D0%B4

Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy