Контрфорс
Контрфорс (парсы: contreforce – қарсы әрекет ететін күш), архитектурада – ғимараттың негізгі құралымын нығайту үшін қабырғаға тігінен немесе көлденеңінен жапсыра жасалатын тіреу. Контрфорстың төменгі жағы аумақты болып басталады да, жоғары қарай бірте-бірте сатыланып, яғни біркелкі жіңішкере береді. Контрфорс қабырғаға еңкіш бағытталған күштерге төтеп беріп (мысалы, күмбездің салмағына), оның беріктілігін арттырады. Ал күш көп түспейтін Контрфорсның асты мен үстінің қалыңдығы бірдей болып келуі мүмкін. Контрфорс тастан, бетоннан, темір-бетоннан жасалады. Бұл готикалық құрылыстың негізгі элементтерінің бірі болған. Контрфорс архитектуралық көне ескерткіштерді қайта қалпына келтіру жұмыстарында көп пайдаланылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |