Content-Length: 282668 | pFad | https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%80%D1%81

Марс — Уикипедия Мазмұнға өту

Марс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Марс (айрық) деген бетті қараңыз.
Марс  ♂
The planet Mars
Хаббл телескопынан қарағандағы Марс
Орбиталық сипаттамасы
Дәуірі J2000[1]
Афелиі: 249,228,730 км

1.665 991 16 АБ

154.863,553 миль
Перигелиі: 206,644,545 км

1.381 333 46 АБ

128,402,967 миль
Үлкен жарты осі: 227,936,637 км

1.523 662 31 АБ

141,632,976 миль
Кіші жарты осі: 226,939,986 км

1.517 000 11 АБ

141,013,687 миль
Орбиталық шеңбері: 1,429,033,627 км

9.552 5 АБ

887,958,548 миль
Эксцентриситет: 0.093 412 33
Жұлдыздық мезгілі: 686.9600 тәулік (1.8808 жыл)
Ауытқы мезгілі: 779.96 тәулік (2.135 жыл)
Орташа орбит. жылд-ғы: 24.077 км/с (53,859 mph)
Ең көп орбит. жылд-ғы: 26.499 км/с (59,277 mph)
Ең аз орбит. жылд-ғы: 21.972 км/с (49,150 mph)
Орбитаның қиғаштығы: 1.850 61° (5.65° Күннің экваторынан)
Үдемелі түйін бойлығы: 49.578 54°
Перигелий аргументі: 286.462 30°
Серіктері: 2
Физикалық сипаттамалары
Экваторлық радиусы: 3402.5 км (2114.2 миль) (0.533 Жер)
Полюстік радиусы: 3377.4 км (2098.6 миль) (0.533 Жер)
Oblateness: 0.007 36
Бет ауқымы: 1.448×108 км²)

(144,798,465 км²)(55,907,000 миль²)

(0.284 Жер)
Деңгейі: 1.6318×1011 км³ (0.151 Жер)
Массасы: 6.4185×1023 кг (0.107 Жер)
Тығыздығы: 3.934 г/см³
Экватордағы еркін түсу үдеуі: 3.69 м/с2 (0.376g)
жыту жылдамдығы: 5.027 км/с (11,245 миль/сағ)
Жұлдыздық айналым мезгілі: 1.025 957 тәулік (24.622 962 сағ)
Экватордағы айналым тездігі: 868.22 км/сағ (539.49 миль/сағ)
Біліктік еңкейісі: 25.19°
Солтүстік полюстің оң үдемелігі: 21 сағ) 10 мин 44 с (317.681 43°)
Солтүстік полюстің ауытқылауы: 52.886 50°
Альбедо: 0.15
Беттік темп-сы:
   Кельвин
   Цельсий/Фаренгейт
ең азмағ.ең көп
186 K227 K268 K[2]
−87 °C/−125 °F−46 °C/−51 °F−5 °C/23 °F
Атмосферасы
Беттік қысымы: 0.7–0.9 кПа
Құрамы: 95.72% Көміртек диоксиді

2.7% Азот
1.6% Аргон
0.2% Оттегі
0.07% Көміртек тотығы
0.03% Су буы
0.01% азот оксиді
2.5 ppm Неон
300 ppb Криптон
130 ppb Формальдегид
80 ppb Ксенон
30 ppb Озон

10 ppb Метан

Марс (Қызылжұлдыз) — Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы 4-ғаламшары; Жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Орташа диаметрі 6800 км, массасы 6,423.1023кг, орташа тығыздығы 3,93 г/см3, бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 3,76 м/с2, орташа температурасы -60 °С. Марс Күнді эллипстік орбита бойымен 24,2 км/с жылдамдықпен айналады, Күннен орташа қашықтығы 228 млн км (перигелийінде 206 млн км, афелийінде 249 млн км). Марс, Күн және Жердің өзара бірдей қашықтықта орналасуы орташа есеппен 780 тәулікте қайталанады. Бұл Марстың “қарсы тұрыс” периодының қайталануы. Марстың қарсы тұрысы Марс орбитасының перигелийі маңында болған кезде ол Жерге ең жақын болатын 56 млн км қашықтыққа келеді. Осы кезде Марс 24 – 25° бұрышпен көрінеді, ал ондағы 60 – 100 км-лік заттар телескоппен қарағанда байқалады. Осындай кезді “ұлы қарсы тұрыс” деп атайды. Бұл 15 – 17 жылда тамыз айында (кейде шілде не қыркүйекте) қайталанады. Марс бетіндегі тұрақты жарық және қоңыр дақтар Марстың өз осінен айналуын бақылауға мүмкіндік береді. Марстың осьтік айналу периоды (жұлдыздық күн тәулігі) 24 сағ 37 мин 22,7 с. Марстағы жыл мезгілдерінің ауысуы және климаттық белдеуге (полюстік, қоңыржай, тропиктік) бөлінуі Жерге ұқсас. Бірақ Марстағы әрбір жыл мезгілі Жердегіден гөрі 1,9 есе ұзақ болады.[3]

Зерттелу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жер (6371 км) және Марс (3386,2 км) радиустарының салыстырмалылығы

Марстың планета екендігі адамзатқа ертеден белгілі болған. “Ұлы қарсы тұрыс” кезінде Марс қызыл сары түсті ең жарық жұлдыз (–2,7 жұлдыздық шамада) болып көрінеді. Тихо Браге мен Иоганн Кеплердің Марсты бақылауы бойынша 17-ғасырдың басында Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалу заңы анықталды. Марстың физикалық қасиеттері телескоп жасалғаннан кейін 17-ғасырдың ортасында зерттеле бастады. Марсты зерттеудің жаңа кезеңі Марсқа планетааралық автомат стансаларды жіберуден басталады. Осы стансалардың көмегімен планета бетіндегі мөлшері 1 км-лік заттар өте жақыннан зерттелді. “Марс-3” (1972) стансасы тұңғыш рет планетаға қонды. 2004 ж. АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы жіберген “Opportunity” және “Spirit” марсоходтары Марсқа қонып, онда су қоймаларының болғандығына зерттеулер жүргізді. .[3]

Қазіргі таңда кейбір ғалымдар Марсты терраформалауды ұсынып жүр. [4]

Марс бетінде шартты түрде құрлық деп аталатын қызыл сары түсті дақтар көрінеді. Құрлыққа қарағанда, теңіздер жарықты аз шағылыстырады, сондықтан ол қоңырлау болып көрінеді. Марс дискісінің солтүстік және оңтүстік полюстік бөліктері өте жақсы бақыланады. Бұл ақ дақтардың мөлшерлері марстық жыл ішінде өзгеріп отырады. Осы кезде Марстың қоңыр теңіздері негізгі кескінін сақтап, болар-болмас өзгереді. Осылардың негізінде Марс бетінің 1°-тық дәлдікпен түсірілген картасы жасалды. Америкалық “Маринер” сериялы стансалары түсірген фотосуреттен Марста Ай бетінің рельефіне ұқсас көптеген сақина таулар немесе кратерлер бар екендігі ашылды. Кратерлер құрлықта да, теңізде де кездеседі. Марста сөнбеген жанартау, планета қыртысының қозғалу белгілері байқалады..[3]

Атмосферасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Марста атмосфера бар екендігін оның дискісінің шетіне қарай күңгірттенуімен, планетаның тасасындағы жұлдыздардың бәсеңдеп сөнуімен, Марс бетіндегі заттардың айқындылығы жойылуымен дәлелдеуге болады. Марс дискісінің шетінде жеңіл түтін, өте жоғарыда жұқа дискреттік бұлттар, планетаның біраз бөлігін тасалайтын тозаң дауыл байқалады. Спектрлік бақылаудың нәтижесі бойынша Марс атмосферасының құрамында 50-ден 100%-ға дейін көмір қышқыл газы (СО2), су буының іздері және көміртек тотығы (СО) бар екендігі анықталды. 1000 км-ден жоғарғы биіктікте Марс атмосферасының басым көпшілігі сиреген (1 см3-де 104 атомдай) сутек атомдарынан тұрады. Марстың бірнеше қабаттан құралған ионосферасы бар. .[3]

Температурасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Күннен орташа қашықтықтағы Марс бетінен шыққан жылу ағынының (толқын ұзындығының 1 мм – 21 см) радиодиапазонындағы орташа температурасы 220±10 К. Ол перигелийінде 10% жоғары, ал афелийінде сонша төмен болады. Марс бетінің әрбір нүктесіндегі инфрақызыл радиометрия әдісімен өлшенген температуралар: экватордағы талтүстен іле-шала кейін өлшеген температура 300 К, ол Күн батарда 220 К-ге дейін төмендейді. Түні бойы ол тағы да 50 К-ге төмендеп, таң атарда 174 К (–100°С) болады. .[3]

Марстағы тіршілік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстандық астрофизик Гавриил Тихов Марс планетасына жан-жақты зерттеулер жүргізді. Ол Марс бетінде қарапайым тіршілік көздері болуы мүмкін деген болжам айтты. Марста жанды заттар тұрады деген болжамдар температуралық және спектроскопиялық нәтижелермен дәлелденген жоқ. Марс атмосферасында оттектің белгісі болмағандықтан, тіршіліктің жоғарғы формасының болуы туралы болжам шындыққа сай келмейді. Алайда тіршіліктің төменгі формасының, әсіресе анаэробтық форманың тіршілік етуі мүмкін..[3]

Марс серіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Марстың Фобос және Деймос деген екі серігі экваторлық жазықтықта планетаға жақын – 9,37 және 23,25 мың км қашықтықта қозғалады, периодтары 7 сағ 40 мин және 30 сағ 21 мин. Бұлар планетаны оның өз осінен айналуынан гөрі тезірек айналады. Фобостың ұзындығы 26 км, ені 21 км. Деймостың көлденеңі 13 км[3].

Ғарыштағы орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Марс планетасын және планетааралық кеңістікті зерттеуге арналған кеңестік планетааралық автомат стансалар. Массасы 893,5 кг, ұзындығы 3,3 м, диаметрі 1,1 м, ең алғашқы “Марс-1” автомат стансасы 1962 ж. 1-қарашада ұшырылды. “Марс-1” автомат стансасы ғарыш кеңістігін зерттеу, планетааралық қашықтықтағы радио байланысты тексеру, планетаны суретке түсіру жұмыстарын жүргізді. 1971 ж. “Марс-2” (19-мамырда) және “Марс-3” (28-мамырда) автомат стансалары ұшырылды. Оларда орбиталық бөлік және планета бетіне қондырылатын аппаратуралар болды. “Марс-2”, “Марс-3” стансалары 8 айдан астам уақыт Марс серігінің орбитасынан зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1973 ж. Марс планетасына бағыттап 4 автомат стансасы ұшырылды. “Марс-4” пен “Марс-5” Марстан 2200 км қашықтықтан ұшып өтті. “Марс-6” мен “Марс-7” 1974 ж. наурыз айының алғашқы жартысында Марс планетасының аймағына жетті. Олардың көмегімен Жер және Марс орбиталарының аралығындағы ғарыштық кеңістіктің физикалық қасиеттері туралы жаңа мәліметтер алынды; Марс атмосферасының құрылымы, топырағының химиялық құрамы мен физика-механикалық қасиеттері зерттелді. Автоматты стансалардан алынған суреттер арқылы планетаның оптикалық сығылуын анықтауға, рельефтің профилін салуға, Марстың түрлі-түсті кескінін алуға мүмкіндік туды. 2003 ж. 30-желтоқсанда Европалық ғарыш агенттігінің Марс Экспресс стансасы “Beegle-2” робот-биологты Марс планетасына жеткізді. Марста тіршілік бар ма деген сұраққа жауап іздеген робот-биолог технологиялық есептеулердегі жіберілген қателіктерге байланысты істен шықты. 2004 жылдың басында АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) жіберген “Оппортунит” және “Спирит” марсоходтары Марс планетасына қонып, Жерге Марс туралы қажетті деректерді жібере бастады..[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Mars Factsheet
  2. Mars: Facts & Figures, NASA. Тексерілді, 6 наурыз 2007.
  3. a b c d e f g h «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том
  4. https://www.earth.com/news/scientists-draft-a-plan-to-make-mars-habitable/








ApplySandwichStrip

pFad - (p)hone/(F)rame/(a)nonymizer/(d)eclutterfier!      Saves Data!


--- a PPN by Garber Painting Akron. With Image Size Reduction included!

Fetched URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%80%D1%81

Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy