iPhone құрылғысында фотосуреттер мен бейнелерді қарау
Photos қолданбасын жылдар, айлар, күндер бойынша ұйымдастырылған фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді және барлық фотосуреттерді қарау үшін пайдаланыңыз. Түрлі санаттар бойынша ұйымдастырылған фотосуреттерді табу және жанұяңызбен және достармен бөлісуге болатын альбомдар жасау үшін For You, Albums және Search қойындыларын түртіңіз.
Library: Күндер, айлар және жылдар бойынша ұйымдастырылған фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді шолыңыз.
For You: Жекелендірілген арна естеліктеріңізді, ортақ альбомдарыңызды, таңдаулы фотосуреттеріңізді және т.б. көрсетеді.
Albums: Жасаған немесе бөліскен альбомдарыңызды және альбом санаттары—мысалы, People & Places және Media Types—бойынша ұйымдастырылған фотосуреттеріңізді қараңыз.
Search: Фотосуреттерді күн, орын, тақырып немесе олардың ішіндегі адамдар бойынша іздеу үшін іздеу өрісіне теріңіз. Не болмаса, маңызды адамдар, орындар және санаттар бойынша топталып қойған фотосуреттерді шолыңыз.
Фотосуреттерді шолу
iPhone құрылғыңыздағы фотосуреттер мен бейнелер Library қойындысында Years, Months, Days және All Photos альбомдары бойынша ұйымдастырылған. Үздік түсірілімдеріңізді Years альбомында қайта табуыңызға, маңызды оқиғаларды Months альбомында қайта бастан өткізуіңізге, бірегей фотосуреттерге Days альбомында назар аударуыңызға және барлық нәрсені All Photos альбомында қарауыңызға болады.
Фотосуреттеріңізді шолу үшін Library қойындысын түртіңіз, одан кейін келесі параметрлердің кез келгенін таңдаңыз:
Years: Фотосурет кітапханаңызда нақты жылды жылдам табыңыз және ерекшеленген маңызды оқиғаларды слайдшоуда қараңыз.
Months: Жанұя қыдыруы, әлеуметтік шара, туған күн кеші немесе сапар сияқты— маңызды оқиғалар бойынша ұйымдастырылған, ай бойы түсірген фотосуреттер жинақтарыңызды қараңыз.
Days: Фотосуреттеріңізді фотосуреттер түсірілген уақыт немесе орын бойынша топталған хронологиялық ретпен қараңыз.
All Photos: Фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңіздің барлығын қараңыз; үлкейту немесе кішірейту, фотосуреттерді пропорциялар немесе шаршы бойынша қарау, фотосуреттерді сүзгілеу немесе фотосуреттерді картада қарау үшін түймесін түртіңіз.
Photos қолданбасы Years, Months және Days көріністерінен ұқсас фотосуреттерді және (скриншоттар, тақталар мен түбіртектер сияқты) ретсіздікті жояды. Әрбір фотосуретті және бейнені көру үшін All Photos түймесін түртіңіз.
Жеке фотосуреттерді қарау
Library қойындысынан жеке фотосуреттерді табыңыз—All Photos түймесін түртіңіз немесе Years, Months немесе Days бойынша шолыңыз, одан кейін фотосурет нобайын толық экранда қарау үшін оны түртіңіз. Сондай-ақ, фотосуреттерді Albums қойындысында қарауыңызға немесе фотосуреттерді «beach» немесе «selfie» сияқты нақты іздеу терминдері бойынша іздеу үшін Search қойындысын түртуіңізге болады.
Фотосуретті толық экранда қарау кезінде келесі әрекеттерді орындай аласыз:
Үлкейту немесе кішірейту: Екі рет түртіңіз немесе үлкейту үшін шымшып ашыңыз—үлкейтіліп тұрғанда фотосуреттің басқа бөліктерін қарау үшін сүйреңіз; екі рет түртіңіз немесе кішірейту үшін шымшыңыз.
Share: түймесін түртіңіз, одан кейін бөліскіңіз келетін жолды таңдаңыз; iPhone құрылғысында фотосуреттер мен бейнелерді бөлісу бөлімін қараңыз.
Таңдаулыларға қосу: Фотосуретті Albums қойындысындағы Favorites альбомыңызға қосу үшін түймесін түртіңіз.
түймесін түртіңіз немесе сәтті немесе альбомды шолуды жалғастыру үшін фотосуретті төмен сүйреңіз немесе іздеу нәтижелеріне оралыңыз.
Тақырыптар қосу және фотосуреттер мен бейнелер туралы мәліметтерді қарау
Тақырыптар фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізге мәтінмән қосады және Search мүмкіндігін пайдаланған кезде фотосуреттер мен бейнелерді тақырыптар бойынша іздеуіңізге болады. Фотосуретті немесе бейнені таңдаңыз, одан кейін тақырыпты қарау үшін жоғары сипаңыз немесе суреттің төменгі жағындағы мәтін өрісіне тақырып қосыңыз.
Фотосуретті немесе бейнені жоғары сипаған кезіңізде келесі мәліметтерді де көресіз:
Live Photo суретіне қосуға болатын әсерлер; Live Photo суретін өңдеу бөлімін қараңыз.
Фотосуретіңізде анықталған адамдар; Photos қолданбасында адамдарды табу бөлімін қараңыз.
Фотосурет түсірілген жер; Фотосуреттерді орын бойынша шолу бөлімін қараңыз.
Жақында түсірілген басқа фотосуреттерді көрсетуге арналған сілтеме.
Shared Albums тізімінде фотосуреттер мен бейнелерге комменттер мен лайктар қоса аласыз. Комменттеріңіз бен лайктарыңыз альбом жазылушыларымен бөлісіледі. iPhone фотосуреттерін iCloud қызметінде Shared Albums арқылы бөлісу бөлімін қараңыз.
Live Photo суретін ойнату
Live Photo суреті — сәттерді сурет түсірілгенге дейін және одан кейін бірден түсіретін жылжымалы сурет.
Live Photo суретін ашыңыз.
Фотосуретті ойнату үшін оны басып тұрыңыз.
iPhone камераңызбен Live Photos фотосуреттерін түсіру бөлімін қараңыз.
Burst түсіріліміндегі фотосуреттерді қарау
Таңдау үшін фотосуреттер ауқымыңыз болуы үшін камерадағы Burst режимі бірнеше жоғары жылдамдықты фотосуреттерді түсіреді. Photos қолданбасында Burst түсірілімдері жалғыз фотосурет нобайында бірге сақталады. Burst альбомындағы әрбір фотосуретті қарауыңызға, одан кейін бөлек сақтау үшін таңдаулыларыңызды таңдауыңызға болады.
Burst фотосуретін ашыңыз.
Select түймесін түртіңіз, одан кейін фотосуреттер жинағы арқылы сипаңыз.
Нақты фотосуреттерді сақтау үшін әрбір фотосуретті таңдау үшін түртіңіз, одан кейін Done түймесін түртіңіз.
Burst әсерін және таңдалған фотосуреттерді сақтау үшін Keep Everything түймесін түртіңіз, ал тек таңдағандарыңызды сақтау үшін Keep Only [number of] түймесін түртіңіз.
iPhone камераңызда Burst режимімен әрекет түсірілімдерін түсіру бөлімін қараңыз.
Бейнені ойнату
Library қойындысында фотосурет кітапханаңызды шолып жатқанда бейнелер жылжытқан кезіңізде автоматты түрде ойнатылады. Бейнені толық экранда дыбыссыз ойнатуды бастау үшін оны түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Бейненің төменгі жағындағы ойнатқышты басқару элементтерін уақытша тоқтату, ойнату, дыбысты қосу және дыбысты өшіру үшін түртіңіз; ойнатқышты басқару элементтерін жасыру үшін экранды түртіңіз.
Толық экран мен экранға шақтау арасында ауысу үшін экранды екі рет түртіңіз.
Слайдшоуды ойнату және теңшеу
Слайдшоу — пішімделген және музыкаға орнатылған фотосуреттеріңіздің жинағы.
Library қойындысын түртіңіз.
Фотосуреттерді All Photos немесе Days бойынша қараңыз, одан кейін Select түймесін түртіңіз.
Слайдшоуға қосқыңыз келетін әрбір фотосуретті түртіңіз, одан кейін түймесін түртіңіз.
Параметрлер тізімінен Slideshow тармағын түртіңіз.
Экранды түртіңіз, одан кейін слайдшоу тақырыбын, музыкасын және т.б. Өзгерту үшін төменгі оң жақтағы Options түймесін түртіңіз.
Слайд көрсетілімін немесе бейнені теледидарға ағынмен жіберу үшін Бейнелер мен фотосуреттерді iPhone құрылғысынан Apple TV теледидарына немесе смарт теледидарға сымсыз ағынмен жіберу бөлімін қараңыз.