Мазмұнға өту

Адвокат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Адвокат[1] (гр. advocatus — шақырылған) — адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және арнаулы заңда көзделген шеңберде кәсіби құқықтық көмек көрсететін заңгер; кең мағынасында алғанда — қорғаушы. Заңды көмек көрсете отырып, адвокат: заң мәселелері бойынша түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді; талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасайды; анықтау, алдын-ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік және т.б. органдар мен ұйымдарда, азаматтық қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілі ретінде қатысады, оларды қорғауды жүзеге асырады. Адвокаттың статусы, адвокаттық қызметпен айналысу тәртібі, кәсіби құқылары мен міндеттері, мінез-құлық нормалары Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңында (1997 жылы 5 желтоқсан) көзделген.

L'Avocat au placet

Адвокаттар алқасының мүшесі. Жоғары заң білімі, екі жылдан кем емес заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі бар және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқына лицензия алған адам.

Адвокат құпиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Адвокат құпиясын: адвокатқа жүгіну фактісі көмек сұрап өтініш жасаған адаммен және басқа да адамдармен жасалған ауызша және жазбаша келіссөздердің мазмұны туралы, көмек сұрап өтініш жасаған адамның мүдделерінде жасалатын әрекеттердің сипаты мен нәтижелері туралы мәліметтер, сондай-ақ, заң көмегін көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды. Адвокат құпиясына жататын мәліметтерді көмек сұрап өтініш жасаған адамның келісімінсіз жария еткен адвокат заңға сәйкес жауапты болады.

Адвокатура

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған ұйым. Адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заңды көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастырады.[2]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 – том

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
  2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy