Жабайы шошқа
Жабайы шошқа, қабан, доңыз (лат. Sus scrofa) – сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын жануар.
Жабайы шошқа Қазбалық ауқымы: Early Плейстоцен – Recent | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Sus scrofa Карл Линней, 1758 |
Қызылорда облысының қамыс-құрақты қопалар мен батпақты жерлерінде, өзен аңғарларында көп кездеседі. Денесі ірі, екі бүйірі қысыңқы, мойыны жуан, басы сүйір, тұмсығы конус тәрізді көлденеңнен кесілген болып келеді. Ұшында жұп тұяғы бар, аяғы мықты, екеуі жақсы жетілген төрт саусағы болады. Құлағы үлкен және жалпақ, көзі кішкентай, танауы таңқы. Денесін қалың қылшық басқан.
Аталығының арқасында жалы болады. Жыныстық жағынан 18 – 20 айда жетіледі. Күйлеуге түсуі тамыздың ортасынан желтоқсанға дейін созылады. Аналығы (мегежіні) 4 – 10 торай туады. Тістері көп, бұдырлы. Қарыны жіктелмеген, күйіс қайтармайды. Қорек таңдамайтын жануар, топырақты қазып құрт-құмырсқа, өсімдік тамырлары, ұлулар және ұсақ тышқандармен қоректенеді.
Доңыз – кәсіптік маңызы бар аң, еті, терісі, қылшығы пайдаланылады. Орта есеппен әр Доңыз 50 кг ет, 10 кг май, 250 дм2 тері және 0,5 кг қылшық береді.[1]
Қабан Солүстік Африка мен Еуразияда таралған, ТМД аймағында, Балтық жағалауынан Қиыр Шығысқа дейін кездеседі. Аталықтарының азу тістері өте ірі және жоғары, сыртқа қарай қайқы. Денесін ірі қылтан қаптаған. Ересек қабан шошқаларынын түсі коңыр, торайларының терісінде ұзынан орналасқан ақ жолақтары бар. Ірі қабандардың ұзындығы 2 м, салмағы 300 кг. Топтасып өмір сүреді. Күйлеу кезінде, жекелей тіршілік етеді. Орташа 4-6 торай табады. Үй шошқасының арғы тегі. Кәсіпшілік жануар.[2]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Sus scrofa |