Сицилия (итал. Sicilia) — Италия аумағы және Жерорта теңізіндегі ірі аралдардың бірі, жер аумағы - 25 708 км², тұрғыны - 5 млн адам. Сицилия маңындағы бірнеше кіші аралдар да Сицилия құрамына кіреді.

Әкімшілік аймақ
Сицилия
Sicilia
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Енеді

Провинциялар:
Агридженто, Кальтаниссетта, Катания, Энна, Мессина, Палермо, Рагуза, Сиракуза, Трапани

Әкімшілік орталығы

Палермо

Басшысы

Нелло Музумечи

Тарихы мен географиясы
Координаттары

37°37′00″ с. е. 14°16′00″ ш. б. / 37.61667° с. е. 14.26667° ш. б. / 37.61667; 14.26667 (G) (O) (Я)Координаттар: 37°37′00″ с. е. 14°16′00″ ш. б. / 37.61667° с. е. 14.26667° ш. б. / 37.61667; 14.26667 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

25 708 км²

Тұрғындары
Тұрғыны

5 037 799 адам (2008)

Тығыздығы

198 адам/км²

regione.sicilia.it

Сицилия картада

Координаттар: 37°37′00″ с. е. 14°16′00″ ш. б. / 37.61667° с. е. 14.26667° ш. б. / 37.61667; 14.26667 (G) (O) (Я)

Сицилияның Жерорта теңізіндегі орналасуының стратегиялық маңызы зор. Арал Ұлы Грекияның бір бөлігі ретінде танымал. Цицерон өз шығармаларында Сиракузы қаласын Ежелгі Грекияның ең үлкен және әдемі қалаларының бірі деп баға берген.

Қазіргі таңда Сицилия Италияның автономдық аумағы.

Физика-географиялық сипаттама

өңдеу

Географиялық орналасуы

өңдеу
 
Космостағы Сицилия суреті

Сицилия — жер аумағы жағынан Италиядағы ең үлкен аумақ.Аралда Этна (итал. Etna немесе Mongibello) жанартауы орналасқан, оның биіктігі - 3320 метр.Бұл Еуропадағы ең белсенді және ең биік жанартау.Жанартаудың жиі атқылауына байланысты биіктігін нақты анықтау мүмкін емес.Жер аумағы - 1250 шаршы километр.

Сицилияның солтүстік-шығысында орналасқан, Эолийск аралында Стромболи белсенді жанартауы бар.

Сицилия жағалау сызығы оңтүстікте 1000 км-ге дейін созылып жатыр.Сицилияда таулы рельеф, бірақ Катания қаласында ғана жазық бар.

Сицилияның орталығында белесті рельеф.Италияны материктік бөлігінен Мессин бұғазы бөліп жатыр, биіктігі 500 және 700м арасында. Ең ірі өзендері - Сальсо (144 км) және Симето (113 км).

Климаты

өңдеу

Сицилияның климаты - жерортатеңіздік қалыпты,жазы -ыстық,қысы - жұмсақ,қысқа.Күн сағатының саны жылына орташа 2500,Италияда - 2000,Францияның оңтүстігінде - 1800.Жауын-шашындар қыс айларында жиі болып тұрады - қазаннан - наурызға дейін.

Ең жоғарғы температура шілде мен тамызда тіркелген - орташа +26 °C,ең кіші - +10° , +14 °C —желтоқсан,ақпан айларында.Судың температурасы - +16 °C - қыста, +27 °C - жазда аралығында болып тұрады.

Сицилияның климаты жұмсақ,аралдың ішкі және сыртқы бөліктеріндегі температура айырсмашылығы білінеді.Кейде қатты жауындар болып тұрады,кейде айлап жаңбфр жаумайды.

Жабайы өсетін өсімдіктер өзінің климатына сәйкес.Пейзажға(цитрусты, жүзім, пальмалар, кактустар опунция) мәдениет өсімдіктері тән.

Тарихы

өңдеу

Тарихи кезеңге дейін

өңдеу

Сицилия жерінде ең алғашқы адам ізі палеолит дәуірінде пайда болған.Сицилия неолит дәуіріне(б.з.б 7—6мыңж. ) керамика мәдениетімен келген.Бұрынғы кезеңнен бастап Сицилия Мальтамен бірге дамыған,ұқсас археологиялық мәдениеттер соның дәлелі.

Ерте кезеңде Сицилия аралының тұрғындары - сикандар (Кастеллуччо мәдениетінің ұрпақтары), сол сияқты сикулдар және элимцтар.Сицилияның рим периодына дейінгі (б.з.б 13—7 ғасырлары) - Панталика 5 000ден астам молалар бар,ЮНЕСКОның бүкіләлемдік мұрасының тізіміне қосылған.

Көне кезең

өңдеу

Б.з.б 8 мыңжылдықтан бастап Сицилияға Карфагендер және гректер қоныстанды.

 
Сицилияда Гераға арналған грек храмы б.з.б 5 мыңжылдықта салынған.

Сицилияда Ерте Грек колониясы - Наксос,Этна тауының шығыс жағалауында 734 жылы құрылған.Оны Эвбее жерінде Халкидадан және Наксос аралынан шыққандар құрады.Бір жылдан кейін б.з.б, 735 жылдары коринфтар Сиракуза (гр. Συράκοσαι, Συράκουσαι, Συρήκουσαι, лат. Syracusae) колониясын құрды.Сицилия үшін Сиракуза колониясының маңызы жоғары.Б.з.б 730-720 жылдары Кума елінің шапқыншылары Мессин шығанағында колонизация басталды, кейінірек ол Мессина деп аталды[1]

Б.з.б. 431-404 ж. Пелопоннес соғысы кезінде Афиндар Сицилия көлін басып алуға шабуыл жасап,бірақ шабуылдары сәтсіз болды.Б.з.б 5 ғасырда Карфаген Сицилия аралын басып алуға тырысты.Карфаген өктемдiк жүргiзуiне қарсы күрестiң айрықша өткiрлiгi билік басында Сиракуз Дионисии I және Агафокл болған кезде байқалды.Рим империясы Карфагендерді б.з.б 264-241ж. Пуникалық соғысы кезінде аралдан ығыстырды.

Б.з.б. 241 жылы Сицилия аралын римнің бірінші провинциясы болды.Б.з.б 241-440 жылдары Сицилия Рим провинциясы болды. Сицилия - құлдар көтерілісінің ошағы.

Ортағасырлар

өңдеу

Ежелгі ортағасырларда Сицилия вандалдардың(5ғ),отсготтардың(6ғ),Византиялықтардың(535 ж),арабтардың(888 ж) қармағында болды.11 ғасырда 948 жылы Сицилияда жартылай азаттық эмират құрылды.Нормандар Сицилияны басып алды. Болған көтерілістердің барлығы құлдықтың жойылуына және феодалдық қатынастардың жақсаруына ықпалын тигізді.Сицилия аралының тиімді географиялық орналасуына байланысты крест жорықтары кезінде экономикасы жоғарылады.

12-13 ғасырларда Сицилия аралы - Сицилия хандығының құрамында болды.1266-68 жылдары Сицилия хандығын Карл басқарды.Оған қарсы 1282 жылы халық қозғалысы басталды,нәтижесінде Анжуйлықтар аралды басып ала алмады;1282-1302 жылдары аралда Арагон хандары бекітілді.

Жаңа уақыт

өңдеу

1713 жылғы Утрехт келісімі бойынша Сицилия аралы,Австриямен бекітілген Лондон келісімі 1720ж. бойынша Савоя герцогтығына берілді.

1735-1860 жылдары Сицилияны Неапольдан келген Бурбондар басқарды.

Наполеон өктемділігі периодында Сицилия аралы Италиядағы- неаполитандық королі Фердинанда IV ( 1799—1802, 1806—1814ж.)тің қоныстайтын жері болған.

Жаңа тарих

өңдеу
 
Палермо кафедралық соборы

Сицилия 19 ғасырда - Италиядағы революциялық қозғалыстар орталығы - 1820,1848 жылдары буржуазды қозғалыстардың аренасына айналған.1860 жылы Дж.Гарибальди Халық қозғалысын қолдап,нәтижесінде арал Бурбондардан босап,1861 жылы біріккен Италия хандығының құрамына өтті.

19 ғасырдың соңында Сицилия аралында ауыл-шаруашылық пролетариатының және крестьяндық ашаршылығының қозғалыстары жиіледі.

Сицилияның экономикасы - аграрлы артта қалған.Оған Сицилия аралындағы бандиттердің болуы бөгет жасап отыр. 1947 жылы Сицилия облыстық автономияға ие болды.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кретьяндық,жұмыстық,жалпы демократиялық қозғалыстар, компартия ықпалы арта бастады.

Экономикасы

өңдеу

Сицилия - Италиядағы экономикасы нашар аумақтың бірі.Аралдың экономикасы әлі де аграрлы төмен жағдайда.Сицилия ЖІӨ-і 5,6 %.Бұл шамамен 82.938,6 млн еуро.ЖІӨ жан басына шаққанда - 16.531,5 еуро.Сицилия ЖІӨ-і деңгейі бойынша 17 орында[2].

2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
ЖІӨ (млн. еуро) 67.203,8 70.530,1 72.855,0 75.084,5 77.327,3 80.358,1 82.938,6

Өнеркәсіп

өңдеу

1950-70 жылдары маңызды өнеркәсіп ошақтары пайда болды.1973 жылы халықтың 30,6 % - өнеркәсіппен,27,2 % - ауыл шаруашылығымен айналысқан.Өнеркәсіп бағыттары - күкірт алу,құрылыс тасын дайындау,теңіздік тұз,ағаш сүрлеу.Жаңа бағыттарда - калий тұзын алу,мұнай,табиғи газ,мұнай өңдеу(Аугуста, Приоло, Рагуза, Джела, Милаццо),химиялық,цементтік,электротехникалық,радиоэлектрондық өнеркәсіптер.

Ең үлкен мұнай өңдейтін завод(қуаты жылына 20 млн т мұнай) Сицилия аралында Милаццо қаласында орналасқан.

Негізгі көлік түйіні -Сицилия-Палермо порты(жүк айналымы 2,2 млн т ),сол сияқты әуе жолының,темір жол және көлік жолдарының түйіні.Басқа порттар:Аугуста(36,3 млн т),Джела(7,7 млн т),Милаццо(15,4 млн т);негізгі жүктің көп бөлігін - мұнай және мұнайдан жасалған заттар құрайды.Мессин бұғазы арқылы Сицилия Аппенин аралымен(Реджо-ди-Калабрия) қосылып жатыр.

Ауыл шаруашылығы

өңдеу

Аумақта ауыл шарушылығының дамуы экономикаға тікелей әсерін тигізеді.Маңызды өндірістердің қатарында дәнді-дақылдар өсіру, соның ішіндегі бидай өндіру жақсы дамыған.Бұрынғы Рим мемлекеті кезінде де бұл өндіріс аралдың маңызды өндірісі болып саналған.Сонымен қатар бұл жерде зәйтүн өндірісі бар,оны май өндіру үшін кеңінен қолданылады.

Құрма-жиі кездесетін жеміс.Мизильмери комунасы құрма жемісімен танылған,әр жылдан қарашасында осы құрмаға арналған мейрам болып тұрады.Сол сияқты аралда экзотикалық жеміс-жидектер -киви,манго, банандар өсіріледі.

Сонымен қатар культивация секторы да жақсы дамыған -орхидея гүлі өсіріледі.Қазіргі таңда Сицилия гүлдерміен бүкіл Еуропаны қамтамасыз етеді.

Сицилияда 650 мың гектар жер егін егу шаруашылығына арналған.[3]

Балық аулау

өңдеу

Сицилияда көптеген балық аулау порттары бар.Балық аулау өнеркәсібін - сардиналар,анчоустар,тунец,скумбрия,жерортатңіздік көк балық құрайды.Бұл балықтардан консервілер,қақталған балықтар жасалынады.

Энергия

өңдеу

Мессин бұғазы арқылы өтетін электр линиясы арқылы Сардиния аралы Еуропадан келетін тоқты қабылдайды,ол аралдағы 5 млн адамды қамтамасыз етеді.Энергияның көп бөлігі қалаларда қолданылады, сол сияқты электрленген темір жолдар да қолданады.

Қазіргі таңда жел күшімен жұмыс істейтін бірнеше электростанциялар бар.1987 жылы күн энергиясымен жұмыс істейтін Эурелиос электростанциясы салынған,бірақ ол қазір жұмыс істемейді.

Транспорт

өңдеу

Туризм

өңдеу

Әкімшілік бөлінісі

өңдеу
 

Сицилия әкімшілік бөлінісі 9 провинцияға бөлінген:

Провинция Жер аумағы (км²) Тұрғыны Тығыздығы (inh./км²)
Агридженто 3,042 455,288 149.6
Кальтаниссетт 2,128 272,359 127.9
Катания 3,552 1,084,674 305.3
Энна 2,562 173,558 67.7
Мессина 3,247 654,520 201.5
Палермо 4,992 1,244,012 249.2
Рагуза 1,614 313,698 194.3
Сиракуза 2,109 402,680 190.9
Трапани 2,460 435,877 177.1

Кейбір провинциялар жақын орналасқан ұсақ аралдарды қосады:Эолий аралы (Мессина), Эгад аралы (Трапани).

Дереккөздер

өңдеу
  1. Грант М. Грекия әлемі классика эпохасына дейін. Мәскеу, Терра, 1998 ж.
  2. Италия провинцияларының ЖІӨ-і туралы мағлұмат 2007 жыл http://www.go.camcom.it/allegati/pdf/statistica/valore-aggiunto.pdf Мұрағатталған 1 қыркүйектің 2014 жылы.
  3. Antonio Saltini,Sicilia fra feudi e giardini. Bologna, Edagricole 1982

Дереккөздер

өңдеу
  • Antonio Saltini, Sicilia fra feudi e giardini. Bologna, Edagricole 1982

Сицилия(әдебиет,өнер)

өңдеу

Сілтемелер

өңдеу
  Портал «Сицилия»

 (ағыл.)

Үлгі:Сицилии провинциялары Үлгі:Италия аудандары

pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy