Координаттар: 42°30′ с. е. 12°30′ ш. б. / 42.500° с. е. 12.500° ш. б. / 42.500; 12.500 (G) (O) (Я)

Италия (итал. Italia [iˈtaːlja], ресми атауы — Италия Республикасы (итал. Repubblica Italiana)) — Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,3 мың км2. Халқы – 59 млн[6] адам. Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италиян тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим (2,8 млн.). Бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік республика. 1948 жылы қабылданған конституция бойынша елді Президент басқарады (2015 жылдан Серджио Маттарелла). Ол 7 жыл сайын қос палаталы парламент депутаттары мен облыстардан келген өкілдердің бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан (630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Ұлттық ақша бірлігі – бұрын лира болды, қазіргі кезде - еуро.Еуро банкноттары мен монеталары Италияда 2002 жылдың 1 қаңтарында енгізілді, бұл үш жылдық өтпелі кезеңнен кейін жүзеге асты. Ол кезде еуро ресми валюта болып табылғанымен, бірақ тек «кітап ақшасы» ретінде қолданылды. Қос валюта айналым кезеңі — мұнда Италия лирасы мен еуро заңды төлем құралы ретінде қатар қолданылуы — 2002 жылдың 28 ақпанында аяқталды.[7]

Италия Республикасы
итал. Repubblica Italiana
Байрақ Елтаңба
Әнұран: «Il Canto degli Italiani (Итальяндықтардың өлеңі)» (тыңдау )
Италияның орналасуы (қою жасыл):
Еуропада (ашық жасыл және қою сұр)
Еуроодақта (ашық жасыл)
Тарихы
Құрылды 17 наурыз 1861 жыл
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі италиян тілі
Елорда Рим
Ірі қалалары Рим, Милан, Неаполь, Турин, Палермо, Генуя, Болонья, Флоренция, Бари, Катания
Үкімет түрі Парламенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Сенат президенті
ДП президенті
Серджио Маттарелла
Марио Драги
Мария Альберти-Казеллати
Роберто Фико
Мемлекеттік діні зайырлы мемлекет
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 71-ші орын
301 340 км²
2,4
Жұрты
• Сарап (2018)
• Санақ (2011)
Тығыздығы

60 359 546[1] адам (23-ші)
59 433 744[2] адам
201,3 адам/км² (63-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

2,443 трлн.[3] $ (12-ші)
40,470 $ (33-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

1,989 трлн. $
32,947 $ (25-ші)
АДИ (2017) 0,880[4] (өте жоғары) (28-ші)
Этнохороним италиялық, италиялықтар
Валютасы еуро (EUR, коды 978)
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .it [5]
ISO коды IT
ХОК коды ITA
Телефон коды +39
Уақыт белдеулері +1, жазда +2

Ұлттық мерекесі маусымның алғашқы жексенбісі – Республиканың құрылған күні (2 маусым, 1946).

Италия атауы

өңдеу

Италия атауының қайдан шыққаны белгісіз және оның этимологиясына қатысты бірнеше гипотезалар бар[8]. Бір теория бойынша, ол ежелгі грек тіліндегі Italói деген терминнен шыққан, бұл термин қазіргі Калабрия аймағында орналасқан Italói деген тайпасының жерін білдірген. Алғашында бұл тайпаның атауы Vituli деп ойланған, кейбір ғалымдар олардың тотемдік жануары өгіз (латынша: vitulus; умбрия тілінде: vitlo; оскан тілінде: Víteliú) болуы мүмкін деп болжайды[9]. Кейбір ежелгі авторлар бұл атауды жергілікті билеуші Italus есімімен байланыстырады[10].

«Италия» атауы алғаш рет Антиоха Сиракузалықтың шығармаларында кездеседі (б.з.д. V ғасыр), оның еңбектерінің арасында «Италия тарихы» атты еңбегі де болған. Бірақ осы еңбегінде «Италия» топонимі тек елдің оңтүстік бөлігін, қазіргі Калабрияның бір бөлігін — Реджо-ди-Калабрия провинциясы және Катандзаро мен Вибо-Валентия провинцияларының бір бөлігін білдіреді.[11][12] Ежелгі авторлардың айтуынша, «Италия» және «Энотрия» атаулары б.з.д. V ғасырда синонимдер болып қолданылған, бұл атау сондай-ақ Луканияның үлкен бөлігін де қамтыған. Б.з.д. I ғасырда «Italia» атауы бар монеталар көптеген италиялық халықтар (сабиндер, самниттер, умбриандар және т.б.) тарапынан соғылған.[13]

Италияға арналған ежелгі грек термині бастапқыда тек Бруттиум түбегінің оңтүстігіне және Катанзаро мен Вибо Валентина бөліктеріне қатысты болған. Уақыт өте келе, Энотрия мен «Италия» деген үлкен ұғым синонимге айналды және бұл атау Луканияның көп бөлігін де қамтыды. Рим республикасының кеңеюіне дейін гректер бұл атауды Мессина бұғазы мен Салерно мен Таранто шығанақтарын қосатын сызық арасындағы жерді, қазіргі Калабрияны білдіру үшін қолданған. Кейін гректер «Италия» атауын кеңірек аймаққа да қолдана бастады.[14] Оңтүстіктегі «грек Италиясынан» басқа, тарихшылар «Этрусск Италиясы» деген аймақтың бар екенін де ұсынған, бұл аймақ Орталық Италияның бір бөліктерін қамтыған.[15]

Рим Италиясының шекаралары жақсы анықталған. Катонның Origines еңбегінде Италия бүкіл Альпі тауынан оңтүстіктегі жарты арал ретінде сипатталған.[16] Б.з.д. 264 жылы Рим Италиясы Арно және Рубикон өзендерінің орталық-солтүстік бөлігінен бастап, бүкіл оңтүстікті қамтыған. Солтүстік аймақ, Цизальпиндік Галлия, географиялық тұрғыдан Италияның бөлігі болып саналғанымен, Рим оны б.з.д. 220 жылдары басып алғанымен, саяси тұрғыдан бөлек болған[17]. Б.з.д 42 жылы ол заңды түрде Италияның әкімшілік бірлігіне қосылды. Сардиния, Корсика, Сицилия және Мальта 292 жылы Диоклетианның тұсында Италияға қосылды, бұл уақытта сол кездегі Италия қазіргі Италияның географиялық аумағына сәйкес келді.[18]

Ұлы итальяндық ақын Данте XIV ғасырда географиялық және тарихи тұрғыдан «Италия» деп аталатын аймақтың шекаралары солтүстікте Альпімен анықталып (Монте-Карло маңындағы Варе өзенінен бастап, Истриядағы Арса өзеніне дейін), ал оңтүстікте — Сицилия мен оған жақын аралдармен шектеседі деп жазған.

Бірнеше ғасырлық бөлшектенуден кейін, Рисорджименто дәуірінде «Италия» деп аталатын біртұтас мемлекеттің қалыптасуы аяқталды. 1861 жылы Италия Корольдігі (итал. Regno d'Italia) жарияланды, ол 1946 жылға дейін өмір сүрді. 1946 жылғы конституциялық референдумда халықтың көпшілігі республикалық басқару түріне көшу үшін дауыс берді. Қазіргі ел атауы — Италия (итал. Italia), немесе Итальян Республикасы (итал. Repubblica Italiana) — 1947 жылғы Конституцияда бекітілген.[19]

Табиғаты

өңдеу

Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы (Солтүстік) мен субтропиктік белдеуде (Оңтүстік) орналасқан. Жерінің 4/5 бөлігі – тау мен қырат. Ең биік жері – Монблан шыңы (4807 м) Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар. Альпінің оңтүстігіндегі Падан жазығы Апеннин тауына жалғасады. Оңтүстігінің қиыр шеті – Калабрия тауы. Аралдарының көбі таулы, жанартаулы келеді. Орта және Оңтүстік Италияда жер сілкінісі болып тұрады. Пайдалы қазбалары: тас көмір, лигнит, мұнай, табиғи газ, қорғасын, темір кентасы, күкірт, т.б. Сынап кенінің табиғи қоры жағынан ел дүние жүзінде Испаниядан кейін 2-орында. Климаты, негізінен, субтропиктік: жазы ыстық, қуаң, қысы жылы. Шілдедегі орташа температура 20 – 22°С-тан (солтүстікте) 28°С-қа дейін (оңтүстікте), қаңтарда 0°С-тан (солтүстікте) 12°С-қа (оңтүстікте) дейін. Альпінің жоғарғы жағында қыста –15 – 20°С аяз болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден (Сицилия, Сардиния) 3000 мм-ге (Шығыс Альпі, Солтүстік Апеннин таулары) дейін. Елдің басты өзені – По (ұзындығы 652 км) (Рим қаласы осы өзеннің жағасында орналасқан), үлкен өзендер қатарына Адидже, Брента, Рено, Арно, Тибр, т.б. жатады. Ірі көлдерінің көпшілігі (Гарда, Комо, т.б.) Альпі тауында орналасқан. Жері құнарлы қоңыр топырақты және шалғынды. Альпінің 800 м-ге дейінгі биіктіктерінде жалпақ жапырақты (емен, үйеңкі) ормандар, ал онан жоғары қарай шамшат және қылқан жапырақты ормандар, ал ең жоғарғы бөлігінде субальпілік шалғындар өседі. Падан (По) жазығында егіншілік жақсы дамыған. Апеннин тауы мен Сицилия, Сардиния аралдарында мәңгі жасыл шық тоғайлар, емен, шамшат ағаштары өседі. Альпі және Апеннин тауларында тау ешкі, жабайы мысық, сусар, күзен, абруц аюы кездеседі. Италияда 400-ге тарта құс мекендейді. Көрші теңіздері балыққа бай.

Тарихы

өңдеу

Ежелгі Рим

өңдеу

Ежелгі дәуірде Италия территориясында Рим мемлекеті салтанат құрды. 4 – 5 ғасырларда Рим империясына көршілес герман, ғұн, авар тайпалары күйрете соққы берді. 476 жылы Батыс Рим империясы құлап, орнына Одоакр корольдігі (476 – 493) құрылды.

Орта ғасырлар

өңдеу
 
Римдегі Колизей. Римдік архетектураның және техниканың ең ірі туындысы
  • 488 жылы Солтүстік Италияға остготтар басып кіріп, өз корольдіктерін (493544) құрды.
  • 554 жылы Италияның көпшілік бөлігін Византия империясы басып алды.
  • 754756 жылы франктер Апеннин түбегіне жорық жасап, елдің орталық бөлігін бөліп алды және ол жерді Рим папасына тарту етті. Бұл қасиетті Папа мемлекетінің (Папа облысы) құрылуының бастамасы болды.
  • 774 жылы елді толығымен Ұлы Карл жаулап алды. Франктер империясының ыдырау нәтижесінде 781 жылы Италия корольдігі құрылды. Герман королі Оттон Корольдігінің басқыншылық жорықтары (951 және 961962) нәтижесінде корольдік 962 жылы Қасиетті Рим империясының құрамына қосылды. Ақсүйектер арасындағы өзара қырқысулар, арабтар мен венгрлердің шапқыншылықтары халықтың тұрмысын күрт нашарлатып жіберді. Италияның басқа Еуропа елдерінен басты ерекшелігі мұнда қалалар өте көп болды және қолөнер мен сауда-саттық үнемі қызу жүріп жатты.
  • 10 ғасырдан бастап қалалардың сеньорлармен (герцог, граф, епископ) күресі нәтижесінде коммуналар (өзін-өзі басқаратын қалалық қауымдар) құрыла бастады. Коммунадағы билік қала шонжарларының, бай көпестердің қолында болды. Бірте-бірте елдің аса ірі портты қалалары (Генуя, Венеция, т.б.) Батыс пен Шығыс арасындағы басты сауда орталықтарына айналды.
  • 11541176 жылы герман императоры Фридрих Барбаросса Италия қалаларын бағындыру үшін елге 5 рет жорық жасады. Дегенмен Констанц бітімі (1183) бойынша, Италия қалалары өз тәуелсіздіктерін сақтап қалды. Германдарға қарсы күрес елде ұлттың сана-сезімінің оянуына ықпал етіп, бірте-бірте италия ұлты мен италия әдеби тілі қалыптаса бастады.
  • 11 ғасырда Оңтүстік Италиямен Сицилияны нормандар басып алып, ]]Сицилия]] корольдігін құрды. 1282 жылы халық көтерілісі Сицилия корольдігінің құлауына алып келді.
  • 13 ғасырдың аяғы мен 14 ғасырдың басында Сицилияны, 15 ғасырдың орта шенінде Оңтүстік ]]Италия]]ны басып алған Арагон корольдігі бірте-бірте бүкіл Оңтүстік Италияға испан үстемдігін орнатты.
  • 13 ғасырда Орталық және Солтүстік Италиядағы алдыңғы қатарлы қалалар мен мемлекеттерде нарықтық қатынастар тез дами бастады. Оларда банк ісі (Сиена, Флоренция), шығыс елдерімен сауда (Генуя, Венеция), шұға тоқу (Болонья, Сиена, Флоренция, Милан) кең өріс алды. Дүние жүзінде тұңғыш рет Италияда 14 ғасырда шұға шеберханалары негізінде мануфактуралар пайда болды. Осы кезде Италия мәдениетінің Қайта өрлеу дәуірі басталды (14 – 16 ғасырлар).

Испандық өктемдiлiк және Франция ықпалының өсуі

өңдеу
  • Елдегі саяси бытыраңқылық, сауда жолдарының Жерорта теңізінен Атлант мұхитына ауысуы 16 ғасырда өнеркәсіп пен сауданың құлдырауына алып келді. Елдің бытыраңқылығын пайдаланған Франция мен Испания Италия жері үшін өзара соғыстар жүргізді (1494 – 1559). Нәтижесінде Сицилияны, Сардинияны, Милан герцогтығын, Оңтүстік Италиядағы мемлекеттерді (Венеция, Папа облысы, Совоя герцогтығынан басқаларын) Испания басып алды.
  • 16 – 17 ғасырларда Италия экономика жағынан құлдырап, өнеркәсіп орындары тек Солтүстік Италияда ғана қалды. Иезуиттер ордені құрылып (1534), инквизиция қалпына келтірілді (1542). Озық ойлы адамдар қуғынға ұшырады (Джордано Бруно, Джордано Ванини отқа өртелді, П.Кампанелла, Г.Галилей, т.б. инквизиция сотымен сотталды). Испан тағының мұрагерлігі үшін болған соғыстар (1701 – 14) Италия жерімен өтіп, халық мүлдем қайыршылыққа ұшырады.
  • 1714 жылы Италиядағы испан иелігі толығымен Австрияға өтіп,
  • 1734 жылы Австрия Сицилия мен Неаполитан корольдігін қайтадан испандарға берді.
  • 1720 жылы Савоя герцогтығы Австриядан Сардинияны алып, Сардиния корольдігі құрылды (1720 – 1861).

Өркендеу дәуірі

өңдеу
 
Джузеппе Гарибальди және Виктор Эммануэл II арасындағы аңызға айналған "Теанодағы қол алысу": 26 қазан, 1860 жыл
  • 18 ғасырдың 2-жартысынан бастап елде қайтадан экономикалық өрлеу басталып, ғасыр аяғында Италияны бір орталыққа біріктіру жолында күрес басталды. Бұл қозғалыс 1848 – 49 жылғы революцияға алып келді. Бірігу жолындағы шешуші күрес 1859 – 60 жылы Австрия-Италия-Франция соғысында шешілді.
  • 1859 жылы Австриядан Ломбардия азат етіліп, Орталық Италия герцогтықтарындағы (Моден, Парм, Тоскан) және Романьедегі халық көтерілістері жеңіске жетті. Елді біріктіруде халық батыры Джузеппе Гарибальдидің Сицилия мен Неапольға жасалған жорықтары үлкен рөл атқарды. Италияны біріктіру 1870 жылы Рим облысының қосылып, ондағы папа билігінің жойылуымен аяқталды. Елдің бірігуінен кейін экономика жедел дами бастады.

Жаңа уақыт

өңдеу
  • 19 ғасырдың аяғынан бастап Италия үкіметі отарлау саясатын жүргізе бастады.
  • 1889 жылы Сомали жаулап алынды, Эфиопияға басып кіргенімен,
  • 1896 жылы күйрей жеңілуге мәжбүр болды.

XX ғасыр

өңдеу
 
1918 жылдағы италиялық жаяу әскерлерi. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде 650.000-ға жуық италиян жауынгерлері қаза табылған
  • 1911 – 12 жылы Түркиямен соғысып, одан Ливия мен Додеканес аралдарын тартып алды. 1882 жылы Үштік одаққа (Германия, Австрия-Венгрия, Италия) қосылғанымен, Бірінші дүниежүзілік соғыста (1914 – 18) Антанта (Ұлыбритания, Франция, Ресей, т.б.) жағына шығып кетті. Осы соғыста 700 мың адамы өліп, 1 млн-нан астамы мүгедек болды, бүкіл Солтүстік Италия қаңырап қалды. Дегенмен, соғыс нәтижесінде Трентиноны, Оңтүстік Тирольді, Истрияны, Адриатикадағы кейбір жерлерді өзіне қосып алды.
  • 1920 жылы тұрмыстың ауырлығынан елде жұмысшылардың кәсіпорындарды басып алу қозғалысы басталды. Барлық металл өңдеу, машина жасау зауыттары мен фабрикалар іс жүзінде елдегі 600 мың жұмысшының қолына өтті. Оған қарсылық ретінде ірі буржуазия 1919 жылы Б.Муссолини құрған фашистік партияға қаржылай көмекті күшейтті.
  • Нәтижесінде 1922 жылы фашистер үкімет басына келді. Фашистерге қарсы партиялар (негізінен, социалистер мен коммунистер) ел парламентінен шығып кетіп, оппозициялық фракция комитетіне бірікті. Бірақ көп ұзамай фашистер шабуылға шығып, сөз бостандығына тыйым салды.
  • 1926 жылы фашистік партиядан басқа саяси ұйымдардың бәріне тыйым салынды. Антифашистерді жазалау үшін Ерекше трибунал құрылды.
  • 1936 жылы майда Италия Эфиопияны басып алды,
  • 1936 – 39 жылы Испаниядағы фашистік төңкеріске белсене араласты,
  • 1937 жылы “Антикоминтерндік пактіге” қосылды,
  • 1939 жылы Албанияны басып алды.
  • 1940 жылы 10 маусымда Францияға шабуыл жасады, осы жылы 27 қыркүйекте Германиямен және Жапониямен қосылып, Үштік келісімшартқа отырды.
  • 1940 жылы қазанда Грекияға,
  • 1941 жылы сәуірде Югославияға шабуыл жасады.
  • 1941 жылы маусымда Германиямен бірігіп, КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес армиясы 1942 – 43 жылы қыста Орта Дон бойында Италия армиясын толық талқандады.
  • 1941 – 43 жылы Италия әскерлері Солтүстік Африкада да толығымен талқандалды.
  • 1943 жылы 25 шілдеде елде мемлекет төңкеріс болып, Муссолини корольдің бұйрығымен тұтқындалды. Бірақ 8 қыркүйекте Германия Италияға басып кіріп, Муссолиниді түрмеден босатты. 3 және 9 қыркүйекте ағылшын-американ әскерлері (Апеннин түбегіне) десант түсірді. Елде фашистерге қарсы Қарсыласу қозғалысы күшейді.
  • 1945 жылы сәуірде жалпыхалықтық көтеріліс нәтижесінде ел толығымен азат етілді.
  • 1946 жылы 2 маусымда елде референдум өтіп, Италия республика болып жарияланды. Соғыстан кейінгі бейбіт келісім бойынша ол отарларынан бас тартып, Албания мен Эфиопияның тәуелсіздігін мойындады.
  • 1948 жылы Маршалл жоспарына сәйкес, АҚШ-тан көмек алды.
  • 1949 жылы НАТО-ға мүше болып кіріп, елде АҚШ әскери базалары орналастырылды. Соғыстан кейін өнеркәсіптің жаңа салалары (мұнай, газ, химия, машина жасау, т.б.) тез дамып, Италия индустриялы-аграрлы елге айналды. Ол көптеген халықаралық ұйымдарға: БҰҰ-ға (1955), Еуропа кеңесіне (1949), Еуропалық одаққа (1957), т.б. мүше.

Мемлекеттік құрылым

өңдеу

Мемлекеттік жүйенің негіздері

өңдеу

Италия - парламенттік типтегі унитарлы мемлекет. Мемлекеттің негізгі заңы - 1947 жылы қабылданған конституция.

Мемлекет басшысы - Италия Президенті.

Атқарушы билік пен Үкіметті Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы басқарады. 2013 жылғы ақпандағы Үкімет құрылымына келесі министрліктер кірді:

  • Сыртқы істер министрлігі
  • Ішкі істер министрлігі
  • Әділет министрлігі
  • Қорғаныс министрлігі
  • Экономика және қаржы министрлігі
  • Экономикалық даму министрлігі
  • Инфрақұрылым және көлік министрлігі
  • Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және орман саясаты министрлігі
  • Білім министрлігі
  • Еңбек және әлеуметтік саясат министрлігі
  • Мәдени мұра және мәдени қызмет министрлігі
  • Қоршаған орта және жер мен теңізді қорғау министрлігі
  • Денсаулық сақтау министрлігі.

Заң шығарушы билік — 5 жылға сайланған Италияның екі палаталы Парламенті.

  • Италия депутаттар палатасы — 630 мүше.
  • Италия Сенаты - 315 мүше.

Жетекші саяси партиялар — Бес жұлдызды қозғалыс, Солшыл демократтар, Демократиялық одақ, Италия халық партиясы, Біріккен христиан демократтары, "Бостандық халқы", Солтүстік Лигасы. Партиялар коалицияға біріктірілген — оңшылдар (Бостандық халқы, Христиан-демократиялық партиясы (ХДП), Солтүстік лигасы) және солшылдар (Солшылдардың демократиялық партиясы (СДП), Социалистік партия (СП), Халық партиясы, экологтар).

Әкімшілік бөлінісі

өңдеу

Италия — орталықтандырылмаған унитарлы мемлекет. Мемлекеттің астанасы — Рим. Ел 20 аймаққа бөлінген — Валле-д’Аоста, Ломбардия, Трентино — Альто-Адидже, Фриули-Венеция-Джулия, Пьемонт, Лигурия, Венеция, Тоскана, Умбрия, Эмилия-Романья, Марке, Абруццо, Лацио, Молизе, Базиликата, Кампания, Калабрия, Апулия, Сардиния және Сицилия (олардың 5-і Сицилия, Сардиния, Трентино — Альто Адидже, Валле-д'Аоста және Фриули-Венеция-Джулия — ерекше мәртебеге ие), оған әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 110 провинция кіреді. Провинциялар өз кезегінде коммуналарға бөлінеді, жалпы коммуналар ― 8101. Автономды облыстарда өздерінің өкілді органдары бар — облыстық кеңестер мен атқарушы органдар — джунттар, облыстар және автономиялық провинциялар Конституцияда жазылған мәселелер бойынша облыстық және провинциялық заңдар қабылдай алады.

 
Италияның әкімшілік аймақтары
Облысы Астанасы Ауданы (км²) Халық
Абруццо Л’Акуила &&&&&&&&&&010794.&&&&&010 794 &&&&&&&&01324000.&&&&&01 324 000
Апулия Бари &&&&&&&&&&019362.&&&&&019 362 &&&&&&&&04076000.&&&&&04 076 000
Базиликата Потенца &&&&&&&&&&&09992.&&&&&09992 &&&&&&&&&0591000.&&&&&0591 000
Валле-д’Аоста Аоста &&&&&&&&&&&03263.&&&&&03263 &&&&&&&&&0126000.&&&&&0126 000
Венеция Венеция &&&&&&&&&&018391.&&&&&018 391 &&&&&&&&04832000.&&&&&04 832 000
Калабрия Катандзаро &&&&&&&&&&015080.&&&&&015 080 &&&&&&&&02007000.&&&&&02 007 000
Кампания Неаполь &&&&&&&&&&013595.&&&&&013 595 &&&&&&&&05811000.&&&&&05 811 000
Лацио Рим &&&&&&&&&&017207.&&&&&017 207 &&&&&&&&05561000.&&&&&05 561 000
Лигурия Генуя &&&&&&&&&&&05421.&&&&&05421 &&&&&&&&01610000.&&&&&01 610 000
Ломбардия Милан &&&&&&&&&&023861.&&&&&023 861 &&&&&&&&09642000.&&&&&09 642 000
Марке Анкона &&&&&&&&&&&09694.&&&&&09694 &&&&&&&&01553000.&&&&&01 553 000
Молизе Кампобассо &&&&&&&&&&&04438.&&&&&04438 &&&&&&&&&0320000.&&&&&0320 000
Пьемонт Турин &&&&&&&&&&025399.&&&&&025 399 &&&&&&&&04401000.&&&&&04 401 000
Сардиния Кальяри &&&&&&&&&&024090.&&&&&024 090 &&&&&&&&01666000.&&&&&01 666 000
Сицилия Палермо &&&&&&&&&&025708.&&&&&025 708 &&&&&&&&05030000.&&&&&05 030 000
Тоскана Флоренция &&&&&&&&&&022997.&&&&&022 997 &&&&&&&&03677000.&&&&&03 677 000
Трентино — Альто-Адидже Тренто &&&&&&&&&&013607.&&&&&013 607 &&&&&&&&01007000.&&&&&01 007 000
Умбрия Перуджа &&&&&&&&&&&08456.&&&&&08456 &&&&&&&&&0884000.&&&&&0884 000
Фриули-Венеция-Джулия Триест &&&&&&&&&&&07855.&&&&&07855 &&&&&&&&01222000.&&&&&01 222 000
Эмилия-Романья Болонья &&&&&&&&&&022124.&&&&&022 124 &&&&&&&&04276000.&&&&&04 276 000

Экономикасы

өңдеу

[[СуретFerrari 458 Spider.jpg|нобай|оңға|Жаңа Ferrari 458 Italia. Италия ең ірі экспорттаушы елдерінің арасында 7-ші орында]] Италия – әлемдегі аса жоғары дамыған жетекші елдердің бірі. Ұлттық табыс көлемі (1146,2 млрд. АҚШ доллары, 1997) жағынан дүние жүзінде АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франциядан кейін 6-орында, оны жан басына шаққанда 3-орында. Экономикадағы өнеркәсіп үлесі – 35,6%, ауыл шаруашылығы – 3,9%, қызмет көрсету – 60,5%. Халқының 70%-ы – қызмет көрсету, 22%-ы – өнеркәсіпте, 8%-ы – ауыл шаруашылығында жұмыс жасайды. Экономикасында шет ел капиталының үлесі үлкен. Экономикасындағы негізгі салалары: машина жасау, автомобиль жасау, тамақ, химия, тігін, металлургия, т.б. Соңғы жылдары роботтар мен электронды жабдықтар өндірісі тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде. Астық өнімдерінен бидай, жүгері, күріш (Еуропада 1-орында), оған қоса жеміс-жидек, жаңғақ, жүзім (90%-ы – шарап жасауға жұмсалады), помидор өсіріледі. Еуропалық одақтың талабы бойынша мал шаруашылығы аса дамытылмай, көбінесе, сүтті және етті мүйізді ірі қара өсіріледі. Теңіз саудасы жақсы дамыған: экспорттың 60 – 65%-ы, импорттың 80 – 90%-ы сауда флотының үлесінде (жүк тасу мөлшері бойынша әлемде 10-орында).
Италия – аса ірі туризм орталығы (жылына 50 млн-нан аса адам туристер келеді). Ел сыртқы сауда мөлшері бойынша дүние жүзінде 6-орында. Сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Еуропалық одақ елдері (ең алдымен Германия, Франция, Ұлыбритания) – 40%-дан астам, АҚШ (7%), Жапония, Орталық және Шығыс Еуропа елдері, т.б.

 
Италия валюталық одақтың, Еуро аймағына (қара көк), құрамына кіреді.

Қазақстанмен қарым-қатынас жақсы жолға қойылған. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев 2 рет (1994; 1998) ресми сапармен Италияда болып қайтты. 1997 жылы Италия Президенті О.Л. Скальфаро Қазақстанда болды. Италия еліміз экономикасындағы шет ел инвесторлары арасында 7-орында. Республикада 12 италиялық фирма өкілдігі, 46 бірлескен компаниялар жұмыс жасайды. Оның ішінде аса ірілері ретінде Аджип (Қарашығанақта), “Сайпен”, “Ди Анжели Индейстриз”, т.б. айтуға болады. Екі ел арасында қаржы, мәдениет, оқу-ағарту, туризм салалары бойынша да көптеген келісімдер жасалған. 1999 жылы Рим, Легче, Неаполь қалаларында Қазақстаннан табылған “Алтын адам” экспонатының көрмесі болып өтті.

Әдебиеті

өңдеу

Италия әдебиетінің ежелгі фольклоры сақталмаған. Орта ғасырлардағы Италия әдебиеті Рим империясы құлағаннан кейін 6 – 12 ғасырлар аралығында латын тілінде пайда болды. Осы кезде Рим шіркеуінің өкілдері Дж. да Плано Карпинидің (1182 – 1252), Марко Полоның (1254 – 1324) Орталық Азияға жасаған саяхаттары туралы жол жазбалары дүниеге келген. Ұлттық диалектілерде жазылған әдеби ескерткіштер 12 ғасырдың аяғы мен 13 ғасырдың басында туды.

Италия әдебиетінің біртұтас әдеби тілін қалыптастырушы Данте Алигьери (1265 – 1321) болды. Оның негізгі шығармалары – “Жаңа өмір” (1292) повесі, “Құдіретті” комедиясы (1321), т.б. туындылары дүние жүзі әдебиетінің алтын қорына қосылды. Қайта өрлеу дәуірі кезіндегі Италия әдебиетінде ақын Ф.Петрарка (1304 – 1374), Дж. Боккаччо (1313 – 1375) шығармалары көрнекті орын алды. 15 ғасырда ежелгі дәуірді зерттеуші ғалым-жазушы Дж. Ф.П. Браччолини (1380 – 1459) мен Л. Валланың (1407 – 1457), т.б. латын тілінде жазылған шығармалары жазылды. 16 – 17 ғасырларда Ф.А. Ариостоның (1474 – 1533) “Қаhарлы Роланд” поэмасы, Н.Макиавеллидің (1469 – 1527), П.Аретиноның (1492 – 1556), Дж. Бруноның (1548 – 1600) сатиралық комедиялары, Т.Тассоның (1544 – 1595) “Аминта”, Б.Гваринидің (1538 – 1612) “Сенімді бақташы” атты драмалары жазылды. 17 ғасырда Италияның біршама бөлігін испан басқыншылары жаулап алуына байланысты әдебиетте біраз тоқырау пайда болды. 18 ғасырдың орта шенінен Италияның рухани өмірі қайта гүлденіп, ұлттық мәдениет өркендеу жолына түсті. 1848 – 49 жылғы революциядан кейін туған Р.Джованьолидің (1838 – 1915) “Спартак” романы мен Дж. Кардуччидің (1835 – 1907) саяси жырлары Италия әдебиетіндегі романтизмнен реализмге өту дәуірінің шындығын танытады. 19 ғасырдың аяғында Италия әдебиетінде жаңа романтикалық және символистік бағыт өріс алды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында Италия әдебиеті дәстүрлі гуманистік бағытынан айныған жоқ. Фашистік билік үстемдік жүргізген жиырма жыл ішінде Италия әдебиетінің көптеген өкілдері әлеуметтік тақырыптар мен реалистік дәстүрден ажырап қалды. Дж. Джерманетто, Ч.Павезе, Э.Витторини, т.б. ақын-жазушылар өз шығармаларында фашистік кезеңнің ауыр зардабын суреттеп көрсетті.

20 ғасырдың 60-жылдарындағы Италия әдебиетінде жаңа ізденістерден туған күрделі шығармалар жарық көрді. Бұл ретте Моравияның әлеуметтік-психологиялық романдарын (“Чочар”, 1957; “Автомат”, 1963, т.б.), Италия Кальвиноның (1923 жылы т.) повестерін, Г. Паризенің (1929) сатиралық романдарын (“Үй иесі”, 1965), т.б. жазушылардың шығармаларын атауға болады. Италия әдебиеті дүниежүзілік мәдениетте көрнекті орын алады. Италия әдебиетінен К.Гольдонидың “Екі қожаға бір қызметші” комедиясы (1948), Э.Амичистің “Апенниннен Анды тауларына” атты әңгімелер жинағы (1959), А.Дантенің “Құдіретті комедиясын” (“Тамұқ” атты бөлімі, 1971); Р.Джованьолидің “Спартагі” (1951, 1972); С. Марчтің “Күн сайын әр не жоғалмағы” (1971), т.б. қазақ тіліне аударылды.

Өнері

өңдеу

Архитектура

өңдеу

Ежелгі Рим империясының құлдырауынан кейін ортағасырлық Италия архитектурасы (Рим, Милан, т.б. жерлерде күмбезді шіркеулер салынды) қалыптаса бастады. Монументті шіркеу, тұрғын үй, мұнара, қақпа, қорған тұрғызу ісі дамыды. 13 – 14 ғасырларда готика дәстүрлі (Орвьето мен Миландағы, Флоренциядағы соборлар, Веккьо палаццосы, Венециядағы Дождар сарайы) өркендеді. Осы кезеңде ортағасырлық Италия қалаларының түр-сипаты қалыптасты. Қайта өркендеу дәуіріндегі (15 – 16 ғасырлар) Италияның архитектурасы жаңа бағытқа ауысып, қала салу ісінің құралымдау және пропорциялау тәсілдері математикалық жолмен дамыды. Барокко (16 ғасырдың аяғы – 18 ғасыр) тұсындағы архитектура Италияның қалалары мен виллаларында көлемді ансамбльдерімен, парктерімен, салтанатты басқыштарымен, бағаналарымен, хауыздарымен белгілі. 18 ғасырдың басында Италия архитектурасы дәстүрлі формада (Ф.Ювара, 1678 – 1736), 18 ғасырдың 2-жартысы мен 19 ғасырдың 1-жартысында классицизм бағытында болғандығы Миландағы архитектуралық ансамбль мен театр құрылысынан анық көрінеді. 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында қала орталықтарында эклектикалық құрылыстар көптеп салынды. Фашистік диктатура (1922 – 43) кезіндегі құрылыстарда монументтеу, әсіресе, жаңа классика басым болды. 20 ғасырдың 50 – 60-жылдары жаңа құрылыс материалдарын (темірлі-бетон, шынылы блок) пайдаланған Италия архитектурасы дамыды. Италия архитекторлары қазіргі заманғы архитектуралық форманы ұлттық дәстүрмен байланыстыруға ұмтылды.

Кескіндеме өнері

өңдеу

Италияның ортағасырлық кескіндеме өнері ежелгі дәуір өнері озық үлгілердің қарапайымдылық пен қарадүрсіндікке бағытталуы арқылы 8 – 11 ғасырларда (фрескалар, мозаикалар) қалыптасты. 12 ғасырдың аяғында діни тақырыптағы қондырғылы кескіндеме, құрылыстарды әсемдеу мақсатындағы мүсіндер, түрлі түсті инкрустация әдісі басым дамыды. 13 ғасырдың 2-жартысы мен 14 ғасырдың басында алдыңғы қатарлы қалалар Флоренция, Пиза, Сиенада, негізінен, ежелгі дәуір өнері бағытын ұстанған ақсүйектер өнері (Проторенессанс) пайда болды. 15 ғасырда Қайта өркендеу дәуірінің өнері ортағасырлық шарттылықтан қол үзіп, адам мен табиғатты зерттеуге және де ежелгі дәуір өнері мұрасын толық меңгеруге батыл ден қойды. Мүсіншілер Донателло (1386 – 1466), Л.Гиберти (1381 – 1455), А.Вероккьо (1435 – 1488) күш пен қуатқа толы еркіндік көксеген жандардың бейнесін жасады. Суретші Мазаччо, С.Боттичелли, Дж. Беллини (1430 – 1516) еңбектерінде адам мен оны қоршаған болмыстың сұлулығы шебер бейнеленді. 15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырда бүкіл Еуропаға қанат жайған Қайта өркендеу дәуірінің өнері, әсіресе, адамгершілікті паш еткен классикалық айқындығымен ерекшеленеді. Бұл дәуірдің әйгілі өкілдері: Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Джорджоне, Тициан, П.Веронезе (1528 – 1588), Я.Тинторетто. 15 – 16 ғасырларда бейнелеу өнері, гравюра, сән және қолданбалы өнер (үй жабдықтары, майолика, шыны), медаль соғу, театр декорациясы көркемдіктің жоғары дәрежесіне көтерілді. 16 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырда Италия өнерінде бояуы бай, сәндіктің жоғары дәрежесіне көтерілген барокко өнері [мүсінші Л.Бернини, суретші Пьетро да Кортона (1596 – 1669)] басым бағыт болды. 16 ғасырдың аяғында Болонья мектебінде (М.Караваджо; Г.Рени, 1575 – 1642) академизм ағымындағы кескіндеме қалыптасты. 18 ғасырда гравюра мен театр декорациясы өнерінде классицизм бой көрсетті. 19 ғасырда мүсінші А.Канованың (1757 – 1822) бастауымен негізгі бағытқа айналған классицизм азаматтық пафостан қол үзді. Арнайы академизмге қарсы күрес Италия романтизмін, кейінірек реалистік өнердің тұрмыстық жанры мен табиғат көріністері суреттерін өмірге әкелді. Ол 20 ғасырда футуризмге, кейін жаңа классицизмге ұласты. Қазіргі Италия өнерінде формалистік ағымдардың сюрреализм, абстракты өнер секілді түрлері тараған. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін жаңа реализм ағымы пайда болды. Қазақ мемлекеттік көркемсурет музейінде Моретто да Брешианың (Алессандро Бонвинчино болуы мүмкін, 1498 – 1554 ж.) “Нәрестелі мадоннасы”, Лука Камбиазоның (1527 – 1585) “Алтын ғасыры”, Франческо Моланың (1612 – 66) “Аласталған Агариі”, Джачинтоның (Джигонте, 1809 – 1876) “Әулие Перінің Римдегі қамалы”, Антон Домениконың (Габбиани, т.-ө.жылы белгісіз) “Аполлон мен музалары”, Франческоның (Ботальоли, 1742 – 18 ғасырдың аяғы), “Архитектуралық пейзажы”, Франческоның (Паннини, 18 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген) “Римдегі Соглассия ғибадатханасының қираған орны”, Проспер Жорж Антуан Марильяның (1811 – 1847) “Ніл жағалауы”, т.б. суретшілердің әр кезде, әр түрлі әдіспен орындаған шығармалары сақтаулы.

Музыка өнері

өңдеу

Италияның музыкалық фольклорының алғашқы ноталық үлгілері 13 – 14 ғасырда жазылған. Италия халық музыкасының ерекшелігі әуенінің саздылығы мен би ырғақтарының алуан түрлілігінде. Италия – опера, оратория, кантата, дербес оркестрлік музыканың, орган үшін жазылған пьесалардың, увертюралар мен симфониялардың, кончерто гроссо, соната, т.б. жанрлардың отаны. Алғашқы невмадан бастап, осы күнгі нота жазу үлгісі (Гвидо д’Ареццо, 992 – 1050) де Италияда пайда болды. О.Петруччи (1466 – 1539) нотаны алғаш басып шығарса, Б.Кристофори (1655 – 1731) фортепианоны ойлап тауып, Дж.Царлино (1517 – 1590) гармония ғылымының негізін қалыптастырды. 16 – 18 ғасырларда дүние жүзіндегі ең жақсы скрипкалар (Амати, Гварнери әулеттері, А.Страдивари) осы елде жасалды. Алғашқы консерваториялар мен музыкалық академиялар Италияда пайда болды. 7 ғасырда Римде шіркеу әуендері бір жүйеге салынып, Григориан хоралына заңдастырылды, кейін ол бүкіл Батыс Еуропа діни музыкасының негізіне айналды. Фольклор негізінде тұрмыс-салт әндері (баркарола, гондольера, т.б.), Қайта өркендеу дәуірінде вокальдік ансамбльдер (вилланелла, фроттола), билер (гальярда, сицилиана) ерекше өріс алды. Қала мәдениетінің өсуіне байланысты 14 ғасырда Арс Нова (жаңа өнер) деген атпен прогресшіл музыкалық бағыт қалыптасты; мадригал, баллада, качча сияқты вокальдік жанрлар және аспаптық музыка дамыды. К.Монтеверди (1567 – 1643) – операның тұңғыш классигі, әрі 17 ғасырдағы Венеция опера мектебінің негізін салушы. 17 ғасырда италиялықтар орган музыкасын жаңа белеске көтерді, камералық музыка жанрын, скрипкалық музыка мен ансамбльдік оркестр музыкасын дамытты. 18 ғасырда Аполитан опера мектебінің негізі салынды, бельканто өнері гүлденді. 18 ғасырдағы Италия А.Вивальди, Д.Скарлатти (1685 – 1757), Л.Боккерини (1743 – 1805), Дж.Саммартини (1701 – 1775), т.б. композиторлардың, ұлы скрипкашы Н.Паганини және фортепьянолық сонаталар мен этюдтардың авторы М.Клементидің (1752 – 1832) шығармашылығы әлемге танылды. 19 ғасырда Дж.Россини, В.Беллини (1801 – 1835), Г.Доницетти (1797 – 1848), Джузеппе Верди сынды композиторлар опералық шығарманың атақты шеберлері атанды. 19 ғасырдың аяғында Италия операсында веризм ағымы пайда болды.

Музыкалық орындаушылар

өңдеу

Италия аса жоғары музыкалық орындаушылық өнерімен, опера әншілерінің шеберлігімен ертеден әлемге аян. Милан (Ла Скала), Рим, Неаполь, Болонья, т.б. қалаларда опера театры бар. 20 ғасырда дүниежүзілік музыка мәдениетінде пианист Ф.Бузони (1866 – 1924), дирижер А.Тосканини (1867 – 1957) ерекше рөл атқарды. 20 ғасырдағы Италияның атақты әншілері: Э.Карузо (1873 – 1921), Т.Скипа (1889 – 1965), Б.Джильи (1890 – 1957), Т.Гобби (1913 – 1984), М.Дель Монако (1915 – 1982), Р.Тебальди (1922 жылыт.), Р.Скотто (1934 жылыт.), т.б.; белгілі дирижерлері: Т.Серафин (1878 – 1968), К.Цекки (1903 – 84), т.б.

Театр өнері

өңдеу

Италия театр өнерінің алғашқы элементтері халықтың диқаншылық әдет-ғұрыптары мен ойын-сауықтарында кездеседі. Орта ғасырларда пайда болған литургиялық драма мен мистерияда комедия-сатиралық бағыт басым болды. Қайта өркендеу дәуірінде тың театрлық мәдениет дамыды, драма теориясы дами бастады. 16 ғасырдың ортасында суырып салма Дель арте комедиясы (маска комедиясы) пайда болды. 17 ғасырдың аяғында Италия театры өзінің ұлттық ерекшелігін жоғалтып, маска комедиясы ақсүйек қауымының көңіл көтеретін сауығына айналды. 18 ғасырда Венеция мен Рим театр мәдениетінің ірі орталығына айналды. Әдеби театрмен қатар қуыршақ театры, акробаттардың, дар ойыны бишілері мен жәрмеңке думаншыларының өнері өріс алды. 18 ғасырдың аяғындағы саяси қозғалыс драматург В.Альфьери (1749 – 1803), актерлер А.Доррокези, К.Маркионни, т.б. дамытқан қаhармандық трагедияны туғызды. Жаңа актерлік өнер мектебінің негізін 1830 – 40 жылы актер Г.Медена салды. Оның артистік және қоғамдық ой-арманын шәкірттері А.Ристори (1822 – 1906), Э.Росси (1827 – 96), Т.Сальвини (1820 – 1915) ілгері дамытты. 1870 жылдан кейін мелодрама, тұрмыс-салт тақырыбындағы жеңіл комедиялар театр репертуарынан кең орын алды. Үздік сахна шебері Э.Дузе (1858 – 1924), Сальвинидің сахналық дәстүрін ілгері дамытты.

Фашистік диктатура кезінде (1922 – 43) Италия театры мен драматургиясы ауыр күйзеліске ұшырады. Репертуарға көңіл көтеруге арналған жеңіл пьесалар енді, модернистік ағымдар кең етек алды. Тек Римдегі Көркем театр (жетекшісі Л.Пиранделло, 1867 – 1936), Тәуелсіздер театры мен Дель арте (жетекшісі актер әрі драматург А.Дж. Брагальи) театрының өнері назар аударды. Режиссер әрі актер Э.Де Филиппо (1900 – 84) ұйымдастырған Неапольдің Диалектілі театры ерекше орынға ие болды. 1947 жылы Миланда Пикколо-театры М.Горькийдің “Шыңырау түбінде” пьесасымен шымылдық ашты. 20 ғасырдың 60-жылдарының орта шенінен тұрақты театрлар нығая бастады.

Кино өнері

өңдеу

Италияда алғашқы фильм 1896 жылы түсірілді. 1905 – 06 жылы Туринде, Римде, Миланда көркем фильмдер шығаратын кішігірім кинофирмалар ұйымдастырылды. 1-дүниежүзілік соғыстың алдында Италия кинематографиясы әлемде жетекші орын алды. 1913 жылы жасалған “Помпейдің ақырғы күні” (режиссер Л.Маджи) мен “Кабирия” (режиссер Дж.Пастроне) фильмі көрермендер арасында кеңінен мәлім болды. 20 ғасырдың 30-жылдары белгілі әншілердің қатысуымен музыкалық фильмдер қойылып, кино өнері біршама жандана түсті. 1937 жылы Римде киностудия кешені тұрғызылып, Экспериментті киноорталығы деген атпен киноинститут құрылды. Фашизмнен азат етілгеннен кейін Италия кино өнерінде прогресшіл бағыт айқын байқалды. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері: режиссер |Р.Росселлини (1906 – 1977), Л.Висконти (1906 – 1976), В.Де Сика (1901 – 1974), Дж. Де Сантис (1917 жылыт.), П.Джерми (1914 – 1974). Фашизмге қарсы күрестегі Италия халқының бірлігін бейнелеген Росселлинидің “Рим – ашық қала” (1945) фильмі жаңа реализмнің манифесіне айналды. Соғыстан кейін (1946 – 52) “Шуша”, “Велосипед ұрлаушылар”, “Умберто Д” (режиссер Де Сика), “Қайғылы аңшылық”, “Ащы күріш”, “Рим сағат 11-де” (режиссер Де Сантис), “Үміт жолы” (режиссер Джерми), “Неаполь – миллионерлер қаласы” (режиссер Де Филиппо) сияқты фильмдер экранға шықты. 20 ғасырдың 60-жылдары “Неапольдің төрт күні” (режиссер Н.Лоя), “Рокко және оның бауырлары” (режиссер Висконти), “Тәтті өмір”, “Сегіз жарым” (режиссер Ф.Феллини, 1920 – 1993), т.б. қойылды. Дүние жүзіне есімі мәлім режиссер Феллини мен М.Антонионидың (1912 жылы түсірілген) фильмдері қоғамның рухани қайыршылығын өткір сынға алды. 20 ғасырдың 70 – 80-жылдары “XX ғасыр” (режиссер Б.Бертолуччи, 1941 жылы түсірілген), “Әке – қожайын”, “Әулие Лоренцо түні” (режиссер ағайынды Тавини), “Құпиялар, құпиялар” (режиссер ДжылыБертоуччи), “Жүрекке соққы” (режиссер Дж.Амелио), “Эчче Бомбо”, “Тәтті түстер”, “Бьянка” (режиссер Н.Моретти), т.б. фильмдер түсірілді. Белгілі актерлері: А.Маньяни (1908 – 1973), Дж.Мазина (1921 – 1994), С.Лорен (1934 жылы түсірілген), Дж.Лоллобриджида (1927 жылы түсірілген), М.Мастроянни (1923 ж.), А.Сорди (1919 ж.), М.Плачидо (1947 ж.), т.б.[20]

Дереккөздер

өңдеу
  1. National demographic estimate, December 2018. ISTAT. Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 шілде 2019. Тексерілді, 17 қыркүйек 2019.
  2. La popolazione legale del 15° Censimento della popolazione  (итал.) (19 December 2012). Тексерілді, 18 қыркүйек 2019.
  3. World Economic Outlook Database, October 2019. International Monetary Fund.
  4. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.
  5. Сонымен қатар .eu, Еуропалық одақтың мүшесі ретінде.
  6. https://www.worldometers.info/world-population/italy-population/#google_vignette
  7. https://economy-finance.ec.europa.eu/euro/eu-countries-and-euro/italy-and-euro_en#:~:text=The%20euro%20banknotes%20and%20coins,ended%20on%2028%20February%202002.
  8. Alberto Manco, Italia. Disegno storico-linguistico, 2009, Napoli, L'Orientale, ISBN 978-8-8950-4462-0
  9. J.P. Mallory and D.Q. Adams, Encyclopedia of Indo-European Culture (London: Fitzroy and Dearborn, 1997), 24.
  10. Dionysius of Halicarnassus, Roman Antiquities, 1.35 Archived 15 December 2022 at the Wayback Machine, on LacusCurtius; Aristotle, Politics, 7.1329b Archived 10 September 2015 at the Wayback Machine, on Perseus; Thucydides, The Peloponnesian War, 6.2.4 Archived 24 September 2015 at the Wayback Machine, on Perseus
  11. History of Calabria - Passion For Italy. Passionforitaly.info. Дата обращения: 25 августа 2015. Архивировано 4 марта 2016 года.
  12. The Origins of the Name 'Italy'. Arcaini.com. Дата обращения: 25 августа 2015. Архивировано из оригинала 23 сентября 2015 года.
  13. Guillotining, M., History of Earliest Italy, trans. Ryle, M & Soper, K. in Jerome Lectures, Seventeenth Series, p.50
  14. Pallottino, M., History of Earliest Italy, trans. Ryle, M & Soper, K. in Jerome Lectures, Seventeenth Series, p. 50
  15. Giovanni Brizzi, Roma. Potere e identità: dalle origini alla nascita dell'impero cristiano, Bologna, Patron, 2012 p. 94
  16. Filippo Carlà-Uhink. The "Birth" of Italy: The Institutionalization of Italy as a Region, 3rd-1st Century BCE. ISBN 978-3-11-054287-5
  17. Williams, J. H. C. (22 May 2020). Beyond the Rubicon: Romans and Gauls in Republican Italy – J. H. C. Williams – Google Books
  18. "La riorganizzazione amministrativa dell'Italia. Costantino, Roma, il Senato e gli equilibri dell'Italia romana" (in Italian). Archived from the original on 19 November 2021. Retrieved 19 November 2021.
  19. https://www.senato.it/documenti/repository/istituzione/costituzione_inglese.pdf
  20. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy