Аксель Витсель
Аксель Витсель | |||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | |||||||||||||||||||||||||
Туған жері | |||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||||
Бойы |
186 | ||||||||||||||||||||||||
Салмағы |
81 | ||||||||||||||||||||||||
Позиция |
жартылай қорғаушы | ||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||
Клуб | |||||||||||||||||||||||||
Номері |
28 | ||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||
Аксель Лоран Анжель Ламбер Витсель (фр. Axel Laurent Angel Lambert Witsel; 12 қаңтар 1989 жыл, Льеж, Каллония, Бельгия) — бельгиялық футболшы, "Боруссия Дортмунд" клубы мен Бельгия Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы.
Карьерасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Клубтық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2006 жылы туған қаласындағы "Стандард" клубында кәсіпқой карьерасын бастады. 2006 жылы 17 қыркүйекте "Брюссель" клубына қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Алғашқы маусымда-ақ клубтың негізгі құрамына берік орнықты. 2008 жыл Аксель үшін табысты болды: Бельгия чемпионы атанумен бірге Бельгияның үздік футболшысы номинациясын иеленді.
2011 жылы жазда "Бенфика" футболшысы атанды. Тұңғыш ойынын "Трабзонспорға" қарсы Чемпиондар лигасында өткізді.
2012 жылы 3 қыркүйекте "Зенитке" ауысты. 14 қыркүйекте "Терекке" қарсы ойында тұңғыш рет Ресей чемпионатында алаңға шықты. Бұл ойында жарақат алды да, біраз уақыт алаңға шыға алмай, 3 қазанда Чемпиондар лигасында "Миланға" қарсы ойнады. 30 қарашада "Спартак" қақпасына екі енгізіп, клуб сапындағы тұңғыш голдарын соқты.
2015 жылы 4 қазанда "Зениттің" Ресей чемпионатындағы 1000-шы голының авторы атанды.
2017 жылы қаңтарда Қытайдың "Тянзың Цюанзиян" клубына ауысты.
2018 жылы 6 тамызда "Боруссияға" ауысты. Келісім шарт мерзімі 2022 жылға дейін.
Ұлттық құрама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2008 жылы 26 наурызда Мароккоға қарсы жолдастық кездесуде Бельгия құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын өткізді.
2014, 2018 жылдары әлем чемпионатына, 2016 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Стандард»
- Бельгия чемпионы (2): 2007/08, 2008/09
- Бельгия кубогы (1): 2010/11
- Бельгия суперкубогы (2): 2008, 2009
- «Бенфика»
- Лига кубогы (1): 2011/12
- «Зенит»
- Ресей чемпионы (1): 2014/15
- Ресей кубогы (1): 2015/16
- Ресей суперкубогы (2): 2015, 2016
- «Боруссия» (Дортмунд)
- Германия суперкубогы: 2019
- Бельгия
- Әлем чемпионатының жартылай финалисі (1): 2018
Жеке
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Бельгиядағы жыл футболшысы: 2008
- Бельгияның үздік жас футболшысы: 2007/08
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|