Альбертозавр
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Альбертозавр — ірі жыртқыш динозавр. Оның кішкентай алдыңғы аяқтарында екі саусағы, саусақтарында сояудай ұзын тырнақтары болған. Бұдан 76 – 74 миллион жыл бұрын Солтүстік Американың солтүстік – батыс бөлігінде өмір сүрген. Теропод тегінің тиранозаврид тұқымдастарынан шыққан. Ұзын құйрығының арқасында ауыр басы мен денесін тепе – теңдікте ұстап, жылдам қимылдаған. Артқы аяқтары – ұзын, тырнақтары – өткір, үш саусақты. 1884 жылы геолог Джозеф Тиррел Батыс Канаданың аумағынан альбертозаврдың отызға жуық қаңқасын тапқан. Осыған байланысты бұл динозаврдың анатомиясы басқа динозаврларға қарағанда толығырақ зерттелген. Канаданың Альберта провинциясынан табылғандықтан альбертозавр аталған.
Қызықты деректер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
- Ұзындығы - 9 м, салмағы 3 т және қорегі – ет болған.
- Альбертозавр деген атауды 1884 жылы атақты америкалық палеонтолог Генри Осборн берген.
- Альбертозаврдың үстіңгі жақ сүйегінде – 14 – 16, астыңғы жақ сүйегінде 17 -19 тістері болған.
- Көздері басының екі жағында орналасқан.
- Альбертозавр ең жылдам ірі жыртқыш динозаврлардың бірі болған.
- Бас сүйегінің ұзындығы 1 метрге дейін жеткен.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Динозаврлар энциклопедиясы
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |