Антонов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
«Антонов» мемлекеттік кәсіпорны
Түрі

Мемлекеттік кәсіпорын

Қызметі

Авияқұрылыс

Құрылды

1946 жылы (ОКБ-153)

Бұрынғы атауы
  • ОКБ-153,
  • ГСОКБ-473,
  • Киевский МЗ,
  • О. К. Антонова атындағы ТКБ,
  • АНТК «Антонов»,
  • «„Антонов“ ұлттық бірлестігі» Мемлекеттік ұшақ жасаушы корпорациясы
Орналасуы

 Украина, Киев

Басты адамдары
Саласы

Авияқұрылыс

Өнімі

Жолаушы, жүк және әскери ұшақтар

Еншілес компания
Сайты

antonov.com

«Антонов» мемлекеттік кәсіпорны (укр. Держа́вне підприє́мство «Анто́нов») — украиналық авиақұрылыс концерні. Концерн құрамына конструкторлық бюро, зертханалар комплексі, эксперименталды зауыт және ұшақтарды жобалау мен сертификаттаумен айналысатын тәжірбиелік комплекс кіреді.

ОКБ-153 тәжірибелік-конструкторлық бюросы (ТКБ) 1946 жылы 31 мамырда (б)ПК ОК мен КСРО Министрлер кеңесінің қаулысымен Новосибирск авиациялық зауытында құрылды. Бас конструктор болып Антонов Олег Константинович тағайындалды.

ТКБ-ға бірден ауылшаруашылық Ан-2 ұшағын жасап шығаруға тапсырма берілді. Бұл ұшақ 1947 жылы 31 тамызда алғаш әуеге көтерілді.

1952 жылы ТКБ Киевке көшті.

1953 жылдың соңында ТКБ екі турбовинтті қозғалтқышпен жабдықталған әскери-тасымалдаушы ұшақ құрасытыруға тапсырма алды. Нәтижесінде 1956 жылы 11 ақпан алғаш ұшқан Ан-8 ұшағы жасап шығарылды. 1956 жылы ТКБ Ан-10 және Ан-12 ұшақтарының жобалау жұмыстарын бастады. 1957 жылы 7 наурызда Ан-10 жолаушы ұшағы өзінің алғашқы ұшуын орындады, ал сол жылдың 16 желтоқсанында Иркутск авиациялық зауытынан шыққан Ан-12 тасымалдаушы ұшағы алғаш ұшуын орындады. 1956 жылы ОКБ-153 КСРО Үкіметінің тапсырмасы бойынша Ан-14 ұшағын бойынша жұмыстарын бастады. Ан-14 алғашқы ұшуы 1958 жылы 14 наурызда орындалды. 1957-1959 жылдар аралығында Ан-24 жолаушы ұшағы (алғаш ұшуы 1959 жылы 20 қазақнда) жасап шығарылды.

1959 жылы Киев төңірегіндегі Гостомель ауылында ұшақтарға ұшу тәжірибелері мен жақсарту жұмыстарын өткізуге арналған әуе базасының құрылысы басталды. 30 жыл аралығында осы жерде Еуропаның алғы шепкі ұшу орталықтарымен тең дәрежелі, жақсы жабдықталған комплекс құрылды. 1960 жылдың соңында ТКБ Ан-22 «Антей» ұшағының жобалап бастады. Бұл әлемдегі алғашқы кең фюзеляжды ұшақ болды. «Антейдің» алғаш ұшуы 1965 жылы 27 ақпанда болып өтті.

1962 жылы Ан-12 ұшағына Ленин премиясы берілді, ал Олегу Константиновичке Бас конструктор атағы берілді.

1970-жылдардың басында кәсіпорын көпмақсатты Ан-28 ұшағын жасап шығарды. Оның алғаш ұшуы 1973 жылы 29 қағтарды болып өтті. 1970-жылдары кәсіпорын ТКБ үшін алғаш рет екі контурлы турбореактивті қозғалтқыштармен жабдықталған ұшақ - Ан-72 ұшағын жасап шығарды. Ан-72 әуеге алғаш 1977 жылы 31 тамызда көтерілді. Оның негізінде 1983 жылы 29 қыркүйекте алғаш ұшқан Ан-74 ұшағы жасап шығарлыды. 1971 жылы ТКБ Ан-124 «Руслан» алыс қашықтықтық ауыр тасымалдаушы ұшағының жобалау жұмыстарын бастады, ал 1982 жылы бұл ұшақ алған әуеге көтерілді.

1984 жылы 4 сәуірде Олег Константинович Антонов қайтыс болды. 15 мамырда бас конструктор болып Петр Васильевич Балабуев тағайындалды, ал 19 қарашада кәсіпорынға О. К. Антонов есімі берілді.

1984 жылы кәсіпорын әмбебап Ан-225 «Мрия» аса ауыр тасымалдаушы ұшағы бойынша жобалау жұмыстарын бастады. 1988 жылы 21 желтоқсанда ол алғаш ұшты. 1989 жылы мамырда ұшақты «Буран» ғарыш кемесімен бірге Байқоғырға ұшуы болды, ала маусымда ұшақ «Буранмен» бірге Ле Бруже авиациялық салонына қатысты. Қазіргі тағда Ан-225 «Авиалиний Антонова» әуе компаниясының құрамында коммерциялық жүк тасымалдарында қолданылуда.

1989 жыды О. К. Антонов атындағы АҒТК-нің бөлімшесі болып табылатын «Авиалинии Антонова» әуе тасымалдаушы кәсіпорны құрылды.

Ан-225 ұшағын жасап шығарғаннан кейін кәсіпорын орта қашықтықтық Ан-70 тасымалдаушы ұшағын жасауға кірісті.Ұшақ алғаш 1994 жылы 16 желтоқсанда ұшты. 1990-жылдары жеңіл көпмақсатты Ан-38 ұшағы жасап шығарылды. Ан-38 алғаш 1994 жылы 23 маусымда ұшты. 1993 жылы «Антонов» АҒТК Ан-140 жаңа регионалдық ұшағын жобалап бастады. Бұл ұшақ алғаш 1997 жылы 17 қыркүйекте ұшты. 2000-жылдары кәсіпорын Ан-148 регионалдық жолаушы ұшағын жасап бастады, ал 2004 жылы 17 желтоқсанда оның алғаш ұшуы болды.

Соңғы жылдары «Антонов» АҒТК тек әуе көлігін ғана емес, сонымен қатар жер үсті көліктерін де жасауда:

Жылдар бойынша ТКБ тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1930 — планерлік Осоавиахим КБ-сы
  • 19331938 — Тушинодағы планерлік зауытының конструкторлық бюросы
  • 1941 — Каунастағы санитарлық ұшақтың сериялық өндірісін ұйымдастыру; Тюменьге эвакуация
  • 1943 — ОКБ-115-ды жұмыс атқарып бастады
  • 1945 — ОКБ-115 А. С. Яковлевтің филиалы (Новосибирск қаласы)
  • 1946 — ОКБ-153
  • 1952 — ГСОКБ-473 (Киев қаласы)
  • 1966 — Киевский МЗ
  • 1983 — О. К. Антонова атындағы ТКБ
  • 1989 — АНТК «Антонов»
  • 2005 — «„Антонов“ ұлттық бірлестігі» мемлекеттік ұшақ жасаушы корпорациясы
  • 2009 — «Антонов» мемлекеттік авиақұрылыс концерні

Концерн құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

ТКБ-ның ұшу аппараттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ерте жұмыстар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Ан» ұшақтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ан-50 тасымалдаушы ұшағының жобасы
Атауы Сипаттамасы Жасалуы Алғаш ұшуы
Ан-2 Жеіңл көпмақсатты ұшақ 1946 жылы 1947 жылы 31 тамыз
Ан-3 Жеіңл көпмақсатты ұшақ 1967 жылы 1980 жылы 13 мамыр
Ан-4 Жеңіл тасымалдаушы ұшақ 1950 жылы 1951 жылы 31 шілде
Ан-6 Жоғары биіктіктік ауа райы барлаушысы 1948 жылы 1948 жылы 21 наурыз
Ан-8 Әскери-тасымалдаушы ұшақ 1954 жылы 1956 жылы 11 ақпан
Ан-10 «Украина» Ортамагистральді жолаушы ұшағы 1955 жылы 1957 жыы 7 наурыз
Ан-12 Тасымалдаушы ұшақ 1955 жылы 1957 жылы 16 желтоқсан
Ан-14 «Пчёлка» Тасымалдаушы ұшақ 1950 жылы 1950 жылы 14 наурыз
Ан-22 «Антей» Тасымалдаушы ұшақ 1960 жылы 1965 жылы 27 ақпан
Ан-24 Турбовинтті жолаушы ұшағы 1958 жылы 1959 жылы 20 қазан
Ан-26 Әскери-тасымалдаушы ұшақ 1964 жылы 1969 жылы 21 мамыр
Ан-28 Жолаушы ұшағы 1968 жылы 1973 жылы 29 қаңтар
Ан-30 Әуе бақылауы мен аэрофототүсіру ұшағы 1964 жылы 1967 жылы 21 тамыз
Ан-32 Көпмақсатты тасымалдаушы ұшақ 1975 жылы 1976 жылы 9 шілде
Ан-34 Тасымалдаушы ұшақ 1961 жылы 1961 жылы 4 қыркүйек
Ан-38 Жолаушы ұшағы 1989 жылы 1994 жылы 23 маусым
Ан-50 Тасымалдаушы ұшақ
Ан-70 Әскери-тасымалдаушы ұшақ 1987 жылы 1994 жылы 16 желтоқсан
Ан-71 Алыс радио-локациялық табу ұшағы 1983 жылы 1985 жылы 12 шілде
Ан-72 Көпмақсатты тасымалдаушы ұшақ 1976 жылы 1977 жылы 31 тамыз
Ан-74 Тасымалдушы ұшақ 1980 жылы 1983 жылы 29 қыркүйек
Ан-124 «Руслан» Әлемдегі ең ірі сериялық жүк тасымалдаушы ұшақ 1971 жылы 1982 жылы 24 желтоқсан
Ан-140 Жолаушы және жүк тасымалдаушы ұшақ 1993 жылы 1997 жылы 17 қыркүйек
Ан-148 Жақынмагистральді жолаушы ұшағы 2001 жылы 2004 жылы 17 желтоқсан
Ан-158 Ортамагистральді жолаушы ұшағы 2009 жылы 2010 жылы 28 сәуір
Ан-180 Ортамагистральді жолаушы ұшағы 1991 жылы
Ан-218 Кең фюзеляжды жолаушы ұшағы 1991 жылы
Ан-225 «Мрия» Әлемдегі ең үлкен, ауыр және жүк сыйымдылығы көп ұшақ 1984 жылы 1988 жылы 21 желтоқсан

Танымал қызметкерлер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]