Апат
Апат - (гр. katastrophe - өзгеріс, төңкеріс)
- кенеттен болған ауыртпалық; арты қайғыға соқтыратын жағдайлар - қирау, бүліну, жойылу, біреудің немесе бірнәрсенің қаза болуы; аса ірі әскери жеңіліс;[1]
- жеке және қоғамдық өмірде күрт өзгеріске әкелетін күйзеліс;
- жүйенің қирауына немесе оның жұмыс тәртібінің елеулі бұзылуына әкелетін секірмелі құрылымдық-функционалдық өзгерістер.
Табиғи-техногендік апаттардың жиілігі мен оны талдау негізінде келесідей түрлерін анықтауға болады:
- жер шарын шарпитын,
- жаһандық,
- ұлттық,
- аймақтық,
- шағын (жергілікті),
- нысаналы апаттар.
Табиғи-техногендік ортада апаттардың былайша жіктелуі оларды талдау әдістері мен жүйелерін және оларды болжау мен алдын алу бағытында жол сілтейді.[2][3]
Апат(теңіз құқығында)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Теңіз құқығында қолданылатын «апат» заң терминінің әдеттегі мәнінен айырмашылығы жүкке немесе жалдау кіресіне (фрахт) — әдейі немесе байқаусызда келтірілген залалды білдіреді.
Апат сертификаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сақтандырылған мүлікке келтірілген залалдың себептері мен мөлшерін, сипатын қуаттайтын құжат. Апат сертификатын негізге ала отырып, сақтандырушы төлем төлеу немесе сақтанушының кінә қоюын қабылдамау туралы шешім қабылдайды.[4]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
- ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|