Аумақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Аумақ[1] - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиеттері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен — орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.

Ауматы су басу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Cу тасу және су тасқыны кезінде немесе бөгет салу салдарынан өзенге таяу жерлерді судың басуы. Ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік деп бөледі.

Аумақтық байланыстар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Географиялық нысандардың арасындағы энергия, ақпарат алмасудан мінетін қатынастар. Олар әрқашан қайықты жеңу арқасында жүзеге асады. аумақтық байланыстардың қарқындылығы - байланыстардың жиілігі — белгілі бір уақыт кезеңіндегі МТ, энергия, ақпарат бірліктерінен немесе олардың баламалығынан (эквивалентінен) байқалады.

Аумақтық дамудың факторы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тиісті аумақта орналастырылған нысанның орналасу факторы болған ресурс. Ол сол аймақтың даму факторы болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл осы аумақтың құзырлы құрылымының дамуына (немесе өзгеруіне) әсер ететін таксонның ішкі ресурсы.

Аумақтық диффиренция

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

кеңістіктік дифференциация, географиялық дифференциация - жалпы графиялық термин; географиялық нысандар мен құбылыстардың кеңістіктік аймақтағы оралуандығы. Аумақтық құрылым параметрлерінің ең маңыздыларының бірі. Экономикалық географияда аумақтық дифференциация географиялық еңбек бөлінісімен тығыз байланыста және диалектикалық өзара әрекеттестікте болады.

Аумақтық жүйе

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өзара байланыстағы элементтердің аумақтық жақындығы, барлық кеңістіктік тіркестердің (аумақтық-өндірістік кешен, қоныстану жүйесі, аумактық рекреациялық жүйе және тағы да басқалары) дамуында маңызы зор геожүйенің бір турі.

Аумақтық құрылым, кеңістіктік құрылым

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Күрделі геоградаядық нысанның (кеңістіктегі үйлесімді геожүйенің) кеңістіктік анық элементін өзара орналасуы мен өзара байланыстыру. Аумақтық құрылым мен оның эволюциясын зерттеген кез келген географиялык зерттеулердің және мәнді бөлігі болып табъшады. [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007 жыл. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6