Балашықтайтын өсімдіктер
Балашықтайтын өсімдіктер (Plantae vіvіparae) – көбею мүшелері орналасқан жерінде көкшіл өскіндері болатын өсімдіктер. Б. ө-дің өсіп тұрған жемісінің ішіндегі ұрығы өскін береді. Кейбіреулерінде гүлдің орнына немесе гүлшоғырының арасында бүршіктер пайда болады. Осы бүршіктер аналық өсімдіктен бөлінбей тұрып өседі де, кейін жерге түсіп өнеді (баданалы қоңырбас, түйнек таран). Кейбір өсімдік жапырақтарының шетінде өскін бүршіктер пайда болады. Бұл тропик өсімдіктерінде жиі кездеседі. Өсімдіктің балашықтау жолымен көбею себебі гүл мен тұқымның өнуі үшін экол. қолайсыз жағдайдың тууына байланысты.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |