Балдыркөк
Балдыркөк | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Apium graveolens
| ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||
20 түрі белгілі |
Балдыркөк , сельдерей (лат. Apium) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдіктер туысы.
Оның 20-ға жуық түрлері Еуропа, Азия, Африка, Америка, Австралияда таралған. Теңіздер мен өзендердің жағалауларындағы ылғалды топырақта өседі. Иісті Б. (A. graveolens) – қолдан егілетін, суыққа төзімді, екі жылдық, көкөністі, хош иісті өсімдік. Тіршілігінің бірінші жылында тамыры немесе тамыр жемісі және жертаған жапырағы түзіледі. Екінші жылында – сабақтары және ұсақ ақ гүлдер шоғыры (күрделі шатыршагүлі) түзіледі. 3 түр тармағы белгілі: жапырақты Балдыркөк , сағақты Балдыркөк және тамыр жемісті Балдыркөк көшет түрінде егіледі. Қарашірігі мол ылғалды саз топырақта жақсы өседі. Орташа өнімдігі 200 – 250 ц/га. Балдыркөк жапырақтары аскорбин қышқылына және каротинге бай. Тамыр жемісінде 4,3% қант, сондай-ақ калий, кальций және фосфор тұздары, ал басқа бөліктерінде витаминдер, тиамин, рибофлавин, никотин қышқылы және эфир майы бар. Жапырақты Балдыркөк , тамыр жемісті Балдыркөктің жапырақтары, сағақтары және тамыр жемістері тамақ және сүрлеу (консервілеу) өнеркәсіптерінде, эфир майы – дәрі-дәрмек өнеркәсіптерінде пайдаланылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;