Бегемот
Бегемот | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Бегемот
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Hippopotamus amphibius Линней, 1758[1] | ||||||||||||||
Ареал
|
Бегемот немесе гиппопотам немесе сусиыр (лат. Hippopotamus amphibius) — жұптұяқтылар отрядына, бегемоттар тұқымдасына жататын, күйіс қайырмайтын ірі жануар. Денесінің ұзындығы —4,5 м, салмағы — 2000—3000 кг, бойы — 1,5 м келеді. Терісі—қалың, түгі тықыр болады. Көбінесе суда тіршілік етеді. Қорегі — тек су өсімдігі. Топтанып жүреді.
Бегемот тек тропиктік Африкада кездеседі. Әрқайсысында бір ғана түр бар екі туысқа бөлінеді. Оның ересегінің дене тұрқы 4 – 4,5 м-дей, құйрығының ұзындығы 35 – 50 см, салмағы 2,6 – 3,2 т (кейде 4,5 т). Тіршілігінің көбін суда өткізеді, кейде судың таяз жеріне, жағасына шығады. Тері бездері қызғылт түсті шырыш бөліп шығарады, сондықтан денесі жез түсті болып келеді. Қырық – елу жылдай өмір сүреді, топтанып жүреді. Ергежейлі бегемоттың дене тұрқы 1,70 – 1,85 м, құйрығының ұзындығы 70 – 80 см, салмағы 250 – 275 кг. Ол жеке де, топтанып та жүреді, отыз бес жылдай өмір сүреді. Бегемот жағасы батпақ, қалың шөп өскен тұйық көлдерді мекендейді. Жақсы жүзеді, сүңгиді. Өсімдік тамыры мен түйнегін қорек етеді. Қорегін түнде іздейді. Еті, терісі, майы үшін көп ауланған. Ергежейлі бегемот санының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықаралық «Қызыл кітапқa» енгізілген. Кәдімгі бегемот немесе гиппопотам Қазақстанда хайуанаттар бағында бағылады.
Өмір сүру ортасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сусиырлар жайылымдар жанындағы өзендерді, көлдерді және батпақтарды мекендейді. Сусиырлар үшін ең ыңғайлы өмір сүру ортасы суға жартылай батып тұруға болатын құмды жағалауы бар тұрақты сулардың ашық алқаптары болып табылады. Әдетте олар өздерінің денелерін батыруға жетерліктей таяз суларды ұнатады.
Өмір кезеңдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұрғашы сусиыр әрбір екі жыл сайын бір ғана кіші сусиырды дүниеге әкеледі. Сусиырлардың баланы көтеру мерзімі сегіз ай. Сусиырлар баласын суда дүниеге әкеледі, баласы туыла салып жүзе алатын болады. Олар аналарының сүтімен суда жүріп-ақ қоректене бастайды. Олар туылғаннан соң алты-сегіз айға дейін аналарының сүтімен, одан соң шөппен қоректенеді. Жас сусиырларға қолтырауындар, арыстандар және гиеналар жиі шабуыл жасайды.
Сусиырлардың қорегі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сусиырлар – шөпқоректі жануарлар. Олардың ең бірінші азығы – шөп. Олар күн сайын түнде өздеріне белгілі жолдармен жайылымдарға азық іздеп шығады. Әрбір түн сайын шамамен 40 кг азық жейді. Олар шөпті жұлып, өсімдіктерді жұту үшін өздерінің қатты жалпақ еріндерін пайдаланады. Кей кездері олар белгілі бір аймақтағы барлық шөпті жеп тауысқанда бірнеше сағат ішінде келесі алқапқа көшіп шығады.
Сусиырлардың терісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сусиырлардың суға жақындықтарының басты себептерінің бірі – олардың терісі ерекше. Олардың терісі судан шыққан кезде жылдам құрғап кетеді. Сондықтан да олар суға жиі малтиды. Сусиырлардың терлететін бездері жоқ. Оның орнына олардың көптеген тері бездері болады, бұл бездер жабысқақ қызыл зат бөліп, денелері қызғылтым және терлеп тұрғандай көрінеді. Бұл бөлінген зат сусиырдың денесін Күннің ыстығынан қорғап, денесінде ылғалды сақтайды.
Әдебиеттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
- ↑ ITIS on Hippopotamus amphibius. Integrated Taxonomic Information System. Тексерілді, 29 шілде 2007.