Биогендік шөгінділер
Биогендік шөгінділер – тірі организмдердің әсерінен пайда болатын, құрамында органик. заттар көп тау жыныстары. Олар органикалық қалдықтардан немесе организмдер әсерінен түзілген минералдардан тұрады. Көбінесе мұхиттарда пайда болады. Биогендік шөгінділер зоогендік (жануарлар қалдығынан), фитогендік (өсімдік қалдығынан) болып екіге бөлінеді. Заттық құрамына қарай Биогендік шөгінділер кальцийлі, кремнийлі шөгінділер, глобигеринді, маржанды, птеропадалы, кокколитті, радиолярилі тұнбалар, маржанды құмдар деп топтастырылады. Фитогендік шөгінділерге жататын қара шірінді, сапропелдік жыныстар негізінен өсімдік қалдықтарынан түзілген. Жоғарғы топтағы өсімдіктер қалдығынан тұратын қара шірінді жыныстардан шымтезек, қоңыр көмір, тас көмір және антрацит, ал сапропелдік шөгінділерден богхед және жанғыш тақтатас пайда болады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/. А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы ЖАҚ, 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — геология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |