Жабын ұлпа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жабын ұлпа - өсімдіктерді кеуіп қалудан және сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен сақтайтын ұлпа. Шығу тегіне байланысты жабындық ұлпаларды үш топқа болуге болады: эпидермаға, қабыққа, қыртысқа.

Протодермадан пайда болатын алғашқы жабын ұлпасы. Олар жапырақты және жас сабақтарды жауып тұрады. Көп жағдайда эпидерма бір қабат тірі, тығыз орналасқан, хлорофилдері жоқ клеткалардан тұрады. Клетка қабықшалары әдетте иректелген болып келеді, соған байланысты олар өзара тығыз байланыса алады. Қабықшалардың қалыңдығы бірдей емес. Қоршаған ортамен шектесетін, сыртқы қабықша басқаларына қарағанда біршама қалындау және кутинмен (кутикула), немесе балауызбен (воскамен) жабылған болып келеді. Эпидерманың қорғаныш қызметі, оның жасушасының бетіңде, құрылысы әртүрлі болып келетін ерекше өскіңдердің-түктердің (трихомдардың) пайда болуына байланысты арта түседі.

Эпидерма күрделі ұлпа, олардың жасушалары әр түрлі типтерден тұрады:

  1. эпидерманың негізгі жасушалары,
  2. устьица аппаратының жанаспалы және қосалқы жасушалары,
  3. трихомалар (түктер) - эпидерма жасушаларының сырт жағынан өсіп шығатын өскіншелер.

Көптеген өсімдіктердің эпидерма жасушаларынан әр түрлі өскіншелер, қабыршақтар өсіп шығады. Оларды трихомдар деп атайды. Түктер сыртқы ортаға өсімдіктердің тіршілік әрекеттерінің өнімдерін – су, эфир майларын, органикалық қышқылдарды бөліп шығарады. Түктердің екі түрі болады. Олар: 1) жабындық түктер, 2) бездеуіт түктер.

Жабындық түктер өсімдіктердің эмбриональды мүшелерінде тірі жасушалардан тұрады, ол есейген кезде өлі жасушаларға айналады. Бездеуіт түктер көп уақытқа дейін тіршілігін жоймайды. Олардың жасуша қабырғалары жұқа болады. Цитоплазмасы, вакуольі және ядросы болады. Морфологиялық тұрғыдан түктер алуан түрлі болып келеді.

Эпидермада газ алмасуды және судың булануын (транспирация) реттеп отыратын ерекше устьица аппараты болады. Ол екі маманданған түйістіргіш (көмкерме) жасушадан және олардың арасында болатын устьице саңылауынан тұрады. Түйістіргіш (көмкерме) жасушаларда хлоропластар болады. Олардың эпидерманың жасушасы жағындағы қабықшасы, саңлау жағыңдағы қабықшасына қарағана көп жұқа болады.

Эпидерманың түйістіргіш жасушаларға тиісіп тұратын жасушаларының пішіні қалған жасушаларынан өзгеше болады. Оларды қосымша жасушалар (побочны) деп атайды. Устица аппараты жапырақ тақтасының екі бетінде де орналасады. Жер бетіндегі өсімдіктерде олар негізінен жапырақтың астыңғы бетіңде, судағы өсімдіктердің жүзіп жүретін жапырақтарының тек үстіңгі бетіңде орналасады. Устьица аппаратының астында ауа қуысы анық байқалады. Онда су булары, оттегі және көмір газы жиналады.

Эпидермистің жасушалары сабақтың жуаңдап өсуінің нәтижесінде өзгеріске ұшырап (деформируется) өледі. Осы кезде соңғы жабын ұлпасы перидерма пайда болады. Оның пайда болуы соңғы меристема тоздық камбийдің (феллогеннің) жұмысына байланысты. Тоздық камбий субэпидермалық жасушалардан, ал кейде тіптен эпидермалық жасушалардан дамиды. Тоздық камбийдің жасушалары тангенталды (сабақтың үстіне параллель орналасқан перделермен) бөлініп, сабақтың ортасьшан (өзігінен) шетіне қарай тозды (феллеманы), ал шетінен ортасьша (өзігіне) қарай тірі паренхималық жасушалардың қабатын (феллодерманы) бөліп шығарады. Үш ұлпадан феллогеннен, феллемадан және феллодермадан тұратын комплекс күрделі жабындық ұлпа перидерма деп аталынады. Қорғаныштық қызметті тек тоз (феллема) ғана атқарады. Ол тығыз орналасқан жасушалардың дұрыс радиальды қатарларынан тұрады. Олардың қабықшаларыңда суберин жиналады. Қабықшасыньщ тозға айналуына байланысты жасушаның ішіңдегі заттары өледі. Тоздық қабатта судың булануын және газдың алмасуын қамтамасыз ететін ерекше жасымықшалар (чечевичка) деп аталынатьш қуыстар пайда болады. Жасымықшалар жасуша аралық қуыстары үлкен болып келетін дөңгелек жасушалармен толтырылған. Жасымықшаны толтыратын ұлпалар тоздық камбийдің тұтас қабаты қалыптасқанға дейін, устьица аппаратының астыңда орналасқан, пареңхималық жасушалардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болады:

Құрылыс (корка немесе ритидом)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ағаштар мен бұталардың қабықтары сабақтың жуандап өсуінің нәтижесінде 2-3 жылдан соң жыртылады, ал оны тоз қабаты алмастырады. Қабықтың тереңдеу орналасқан ұлпаларында тоздық камбийдің жаңа бөліктері (участкілері) пайда болады, олар тоздың жаңа қабаттарының бастамасын береді. Осыған байланысты сыртқы ұлпалар сабақтың ортаңғы бөлігінен бөлектеніп өзгеріске (дефформацияға) ұшырайды да өледі.

Сөйтіп, сабақтың сыртыңда қабықтың бірнеше қабатынан және қабықтың өлі бөліктерінен (участкелерінен) тұратын өлі тканьдердің комплексі түзіледі. Тоздың сыртқы қабаттары біртіңдеп бұзылып, қабыршақтанып түсіп отырады.[1][2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ағелеуов Е. және т. б. Ботаника, өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. Алматы, «Санат» 1998.
  2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. – Алматы, 2004.
  3. Мұсақұлов Т. Ботаника. – Алматы, 1975.