Мазмұнға өту

Консенсус

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Консенсус (лат. consensus — келісім, бірауыздық, ынтымақтылық) — келіссөздер барысында қандай да бір мәселе бойынша дауыс берусіз ортақ шешімге келу.

Саяси консенсус

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Консенсус саясатта саяси басқару мен ықпалдасудың құралдары мен әдістерін қоғамдық мойындау тәсілі. Саяси консенсус арқылы саяси үстемдікті шынайы, іс жүзінде заңдастыру жүзеге асырылады. Келісім деңгейі неғұрлым жоғары болса, саяси жүйе соғұрлым тұрақты.

Консенсустың субъектілері, деңгейі және мазмұны әркелкі, оны қалыптастыру әдістері, тұрақты және тұрақсыз қоғамдық жүйелерде қолдау табуы дәл солай ажыратылады. Әдетте, азаматтардың ықтимал келісімдер мен мүмкін болар шиеленістерінің үш нысанын бөліп көрсетеді: көзқарастар жүйесінің құрылымын құрайтын соңғы мақсаттары; "ойын ережелері" немесе процедуралар; нақтылы үкіметтер және үкіметтік саясаттар. Бұл нысандар өз кезегінде консенсустың үш деңгейіне өзгеруі мүмкін:

  • 1) қауымдастық деңгейіндегі консенсус (яғни, негізгі консенсус);
  • 2) тәртіп деңгейіндегі консенсус (процедуралық консенсус);
  • 3) үкімет және оның саясаты деңгейіндегі консенсус. Бірінші нысан немесе консенсус деңгейі негізгі әрі құндылықты болып табылады: бұл осы қоғамның біркелкі құндылықты көзқарастар мен мақсаттарды қаншалықты бөлісетіндігінің көрінісі. Негізгі құндылықтарда келісімге бірден келмейді, бірақ оған мақсатты нәтиже түрінде қол жеткізуге болады. Екінші нысан немесе консенсустың деңгейі, процедуралық - ол "ойын ережелерін" орнатады. Әдетте, олар конституцияда, заңнамалық актілерде, келісімді құжаттарда және т.б. көрініс тапқан. Билік бүтақтарының өзара қарым-қатынас ережелерінің және олар¬дың артында тұрған саяси күштердің ең бастысы қақтығыстарды шешуші тәртіпті анықтайтын ережелер болып табы-лады. Бұл іс жүзінде демократияның алғышарты, оның шынайы бастамасы, қажетті шарты. Үшінші нысан немесе консенсус деңгейі - үкімет пен оның саясатының келісімділігі - саяси шешімдер қабылдау мен өңдеу процесіне байланысты және ең әлсіз әрі жағдайға тәуелді болады. Мықты саяси тұрақтылық консенсустың тек осы үш түрінің бірдей болған кезінде орнайды. Демократиялық ережелер мен процедураларды қолдану саяси консенсус аймағын кеңейтуге мүмкіндік туғызады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy