Лашын
Лашын | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Falco peregrinus Tunstall, 1771 | ||||||||||||||
Global range
Сары: Breeding summer visitor Жасыл: Breeding resident Көк: Қыстау Көгілдір: Кездейсоқ | ||||||||||||||
Subspecies | ||||||||||||||
17–19 | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Falco atriceps Hume |
Лашын[2] (лат. Falco peregrinus) – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда Іле алабының төменгі ағысында, Ертіс – Есіл өзендері алабында, Алакөл, Қызылтұз, Зайсан көлдері маңындағы адырларда, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларының бөктерлерінде кездеседі. Қанаты ұзын, үшкір, үстіңгі беті сұр, астыңғы жағы ақшылдау келген, көлденең қара жолақты. Көзінің астында ұзынша қос қара «мұртшасы» (қауырсыны) болады. Денесінің ұзындығы 40 – 50 см, қанаттары жайылғанда 90 – 110 см. Шәулісі ұябасарынан кішірек. Шәулісінің салмағы 500 – 800 г, ал ұябасарыныкі – 540 – 1090 г. Аяқтары қысқа, тырнақтары майысқан, өткір.[3] Сағатына 300 км-ге дейін жылдамдықпен ұшады. Лашын жартас, құздағы қолайлы қуысқа, қияда өскен ағаш басына ұя салады. Кейде өзге құстардың ұясын да иемденеді. Ұясына 2 – 4 (көбінесе 3) жұмыртқа (секпілді, қызғыш) салады. Оны ұябасары 28 – 32 күндей басады. Балапандар бір жарым айда ұядан ұшады. Негізгі қорегін (торғай, қарға, кептер, шіл, кекілік, үйрек, т.б.) ұшып жүріп аулайды. Лашын Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996).[4][5]
Лашын жыртқыш құс болғандықтан саятшылыққа көп шығатыны мәлім. Бірақ, оларға алдырмайтын құстың бар екендігі таңғалдырады. Лашын құсқа дуадақ алдырмайды. Себебі, аулайын дегенде дуадақ лашынның көзіне саңғиды екен. Бұндай санғыға ұшыраған лашын ешқашан дуадаққа жоламайды. Мұны болашақ құсбегілерге кішкене ескерту деп қабылдаңыздар!
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ BirdLife International (2009). Falco peregrinus. In: IUCN 2009. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 2009-11-03.
- ↑ Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9
- ↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
- ↑ Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |