Лигнит
Көрініс
Лигнит[1] (латынша lіgnum — ағаш, сүрек) — көмірлену дәрежесі төмен қазба ағаш қалдықтары. Негізінен қылқан жапырақтылардан түзіледі. Қоңыр көмір қабаттары арасында және жеке қабаттар түрінде де орналасады. Құрамында жартылай ыдыраған ағаш қалдықтары көп Лигнит кайнозой түзілімдерінде кездеседі. Тығыз қоңыр көмір қабаттарында да ұшырасады, оның ылғалдылығы жоғары (20 — 40%), ұшпа заттардың шығымы 45 — 60%, көміртегінің мөлшері 60 — 73%, жылу бөлгіштігі 7000 ккал/кг-ға дейін жетеді. Қазба көмір құрамындағы гельге айналған микроқұраушылар да Лигнит деп аталады. [2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ ҚазаҚ Ұлттық Энциклопедиясы
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ 2003. — 248 бет. ISВN 5-7667-8188-1, ISВN 9965-16-512-2
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|