Луна-1

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Луна-1

Ұйымы  КСРО, ОКБ-1
Тапсырысы Ғарыш станциясы
Ұшыру күн-айы 1959 ж. 2 қаңтар, Байқоңыр
Сөре көлігі Восток-Л (8К72) зымыраны
NSSDC нөмірі 1959-012A
Массасы 361,3 кг

Луна-1Айды және ғарыштық кеңістікті зерттеуге арналған кеңестік планета аралық автомат станция.

Бұл станция (зымыранның соңғы сатысымен бірге) екінші космостық жылдамдықты бағындырып, Жердің өзіне тарту аймағын артта қалдырған әлемдегі тұңғыш ғарыш аппараты болды.

1959 жылдың 2 қаңтарында Луна-1 Байқоңырдан ұшырылды, бірақ мақсатына жетпеді. 4 қаңтарда ол Айдан 6000 шақырым қашықтықта өтіп, гелиоцентрлік орбитаға көшті, яғни Күннің серігіне айналды. Дегенмен, аппарат Айда елеулі магнит өрісінің жоғын анықтап алды.

Қазір Луна-1 Жер мен Марс арасындағы орбитамен Күнді айналуда.[1]

Бортындағы ғылыми құрылғылар: магнитометр, Гейгер санауышы, сцинтилляциялық санауыш, микрометеориттер анықтағышы.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Luna 1