Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз.
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау.
Марихуа́на (ис.marijuana, marihuana), ресми атауы каннабис — кенешөптен алынатын психоактивті, есірткілік зат. Адам ағзасына әсері кенешөптегітетрагидроканнабинол сияқты каннобиноид деген психоактивті заттарымен байланысты. Мамандар кенешөптің негізгі үш түрін айрықтайды: Cannabis sativa, Cannabis indica және cannabis ruderalis. Соңғысы ең аз мөлшерде тетрагидроканнабинолмен байытылған. [1].
Кенешөпте тетрагидроканнабинолдан басқа 483 қосынды [2], соның ішінде кем дегенде 65 каннабиноид табылады [3].
Марихуана тәбет ашып, ой өрісін өзгертіп және эйфория сезімін беретін дене мен миға тигізетін өзіндік әсері үшін қолданылады. [4] Әсері тартылған кезде біраз минут ішінде, тамақпен желінсе 30-60 минут арасында көріне бастайды. 2-6 сағат бойы марихуана денеге ықпал етеді. [5] Қысқа уақыттағы жанама әсерлері келесі: құрғақ ауыз қуысы, уақытша қысқа мерзім жадының нашарлауы, паранойя, күйгелектік, бұзылған моторикалық дағдылар, қызыл көздер. [6][7] Дағдылану, жасөспірім кезінде қолдана бастағандар арасында ойлау қабылетінің нашарлауы және де екіқабаттық мерзімінде кенешөп тартқан аналардың балаларында қылықтық проблемалар секілді ұзақ уақыттық жанама әсерлері бар. Кенешөп қолданушылар арасында психоз фактілері жиі кездеседі, [8] алайда себеп-салдар мәселесі әлі де қызу талқылануда. [9]
Көбінесе марихуана дем алыс немесе дәрілік мақсатпен қолданылады, бірақ діни-рухани қолданылу да кездеседі. 2013 жылы әлем бойынша 128-232 миллион адам марихуананы қолданды (бұл дегеніміз 15-65 жасқа дейінгі ғалам халқының 2.7%-4.9%). Солайша, марихуана ғаламдағы ең жиі қолданыстағы заңсыз есірткі болып табылады. [10]
Марихуана қолданысы адамзат тарихында б.з.д 3 мыңжылдығында орын алған. [11] 20 ғасырдан бастап, Қазақстан Республикасын қоса алғанда, әлемнің көптеген елдерінде қолданылуы, сатылуы, сақталуы заңсыз. [12][13] Дәрігердің кеңесі бойынша келесі елдерде медициналық мақсатпен марихуананы қолдануға рұқсат етілген: Канада, Бельгия, Нидерланд, Австралия, Германия, Испания, АҚШ-тың 23 штаты.[14]
↑Samuel Obembe. Practical Skills and Clinical Management of Alcoholism & Drug Addiction. Elsvier. 2012. p.21. ISBN 978-0-12-398518-7
↑Ksir, C; Hart, CL (February 2016). "Cannabis and Psychosis: a Critical Overview of the Relationship.". Current Psychiatry Reports18 (2): 12. doi:10.1007/s11920-015-0657-y. PMID26781550.