Мазмұнға өту

Миссури (өзен)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Миссури деген бетті қараңыз.
Миссури
Mіssourі
Миссури өзені
Миссури өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 4740 км
Су алабының
ауданы
1370 км²
Су ағысы
Бастауы Джефферсон, Галлатин және Мадисон өзендерінің қосылысы
 • Биіктігі 2752 м
 • Координаттары 45°55′39″ с. е. 111°30′29″ ш. б. / 45.92750° с. е. 111.50806° ш. б. / 45.92750; 111.50806 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Тынық мұхит
 • Координаттары 38°48′49″ с. е. 90°07′11″ ш. б. / 38.81361° с. е. 90.11972° ш. б. / 38.81361; 90.11972 (G) (O) (Я)Координаттар: 38°48′49″ с. е. 90°07′11″ ш. б. / 38.81361° с. е. 90.11972° ш. б. / 38.81361; 90.11972 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел АҚШ
Аймақ Монтана, Солтүстік Дакота, Оңтүстік Дакота, Небраска, Айова штаттары

Миссури (ағылш. Missouri), жергілікті үндістердің тілінде «суы лай өзен») — Солтүстік Америкадағы өзен. Миссисипидің ірі (оң) саласының ұзындығы 4740 км, алабы 1370 мың км2 (оның 10 мың км2 Канада жерінде). Орташа су ағымы 260 м3/с. Ірі салалары – Йеллоустон, Платт, Канзас.

Джефферсон және Мадисон өзендерінің қосылған тұсынан басталып, жоғарғы ағысында Сеңгір тау шатқалдарымен сарқырамалар жасап ағып, Миссури үстіртімен қиылысады.

Төменгі ағысы Орталық жазықтағы кең аңғармен жайылып ағады.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Миссури қар, жаңбыр суымен толығады. Деңгейі жиі өзгеріп тұрады. Көктемгі жаңбырда 8 – 12 метрге көтеріліп, су ағымы 19000 м3/с-қа жетіп, күшті тасқын болып тұрады.

Өзен суы көп мөлшерде тосқындар алып келеді (жылына 220 миллион тонна). Суы өте лай.

Ірі бөгендері – Форт-Пек, Гаррисон, Оахе кешенді түрде (су ағыстарын реттеу, суару жүйесін дамыту, кеме қатынастарын жақсарту бағытында) пайдаланылады. Ірі өзен кемелері Су-Сити қаласына, шағын кемелер Форт-Бентон қаласына дейін бара алады.

Жағалауындағы ірі қалалары мен порттары – Омаха, Канзас-Сити.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]


pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy