Николай Михайлович Ядринцев
Ядринцев Николай Михайлович(18.10.1842, Омбы қаласы – 7.6.1894, Барнаул қаласы) – Сібірді зерттеуші этнограф, археолог, публицист. Омбы кадет корпусын бітіргеннен кейін 1860 – 63 ж. Санкт-Санкт-Петербург университетінің ерікті тыңдаушысы болды. “Сібір жерлестер ұйымы” студенттік үйірмесіне қатысып, 1865 ж. “Сібір патриоттарына” саяси мәнді үгіт парақшасын құрастырушы ретінде Омбы түрмесіне қамалды. 1874 ж. Санкт-Петербург қаласында тұруға рұқсат алды. 1876 ж. Батыс Сібір Бас басқармасына (Омбы қаласы) мемлекеттік қызметке орналасып, 1881 жылға дейін жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде Ядринцев Орыс ppгеография]]сы қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің тапсырмасымен 1878, 1880 ж. Батыс Сібір мен Алтайға барып, өлкенің өткені мен қазіргі жағдайы туралы құнды мәліметтер жинап қайтты. 1880 жылғы экспедициясында “бұратана халықтардың тұрмысын” зерттеуге көп көңіл бөлді. Осы еңбектері үшін Орыс географиясы қоғамының алтын медалімен марапатталды. 1881 жылдан редакторлық, ғылыми жұмыстармен айналысты. 1882 – 89 ж. “Восточное обозрение” газетінде (1882 – 87, СПб.; 1888 – 89, Иркутск) редактор болды. 1885 ж. Еуропаға (Германия, Италия, Швейцария, Австрия) саяхат жасады. 1886 ж. Минусинск өлкесіне, 1890 – 91 ж. финн археологтарының ppҚарақорым[[ға жасаған экспедициясына қатысты. Ядринцев ppҰйғыр қағандығы[[ның астанасы – Қарабаласағұн мен Шыңғысхан империясының астанасы – Қарақорымның орнына және Орхон өзені бойындағы ежелгі руна жазба ескерткіштеріне зерттеулер жүргізді. 1891 ж. “Сібір тұрғындары, олардың тұрмысы мен қазіргі жағдайы” атты кітабын шығарып, онда жергілікті халықтардың құқығын қорғады. Зерттеулер барысында Ядринцев Орталық Азия халықтарының өзіне тән жазуы болған деген қорытындыға келіп, ол ойларын “Орхон экспедициясы жайлы еңбектер” жинағында (1892) және “Байырғы моңғол атласы” (1892 – 99) атты еңбегінде жариялады. 1893 ж. АҚШ-қа қоныс аудару мәселесі бойынша зерттеу жүргізуге барды. 1894 ж. Барнаулға келіп, бекіністе орналасқан шаруашылықтар туралы мәліметтер жинаумен, қоныс аударушылардың жағдайын зерттеумен айналысты. Ол өз еңбектерінде Солтүстік Қазақстан өлкесі, соның ішінде Петропавл және Көкшетау уездері жайлы мәліметтерге көп көңіл бөлген. Сондай-ақ “Көшпелі тұрмыс және даладағы зерттеулер” (1886), “Батыс Сібірге сырттан келген халықтарды зерттеу жоспары” (1880) деген мақалаларында қазақ халқын антропологиялық, этнографиялық тұрғыдан жан-жақты зерттеуді ұсынды. Шоқан Уәлихановпен жақын таныс болып, ол жайлы мақалалар жазды. [1] [2] [3]
Дереккөздер:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9 X том
- ↑ Лемке М., Н.М. Ядринцев. Биографический очерк, СПб., 1904;
- ↑ Масанов Э.А., Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР, А.–А., 1966.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |