Плазмидтер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Бактериядағы хромосомдық ДНҚ (1) және плазмидтер (2)

Плазмидтерхромосомадан тыс тұқымқуалаушылык қасиеттер иесі. Торша хромосомасымен байланыспай өз алдына сақтала алатын генетикалық элементтер. Оларға торша органоидтарының генетикалық аппараттары және торша тіршілігіне катынасы жоқ тіркемдер топтары жатады. Қейінгілердің ішінде көбірек зерттелгендері бактерия Плазмидтер, мысалы, антибиотиктер мен сульфаниламидтерге төзімділік факторы. Плазмидтер капшілігі сақиналы қостізбекті ДНҚ молекуласы түрінде болады м. с. 106—108. Плазмидтер тірі торшаларда көп тараған,олар генетикалық зерттеулерде қолданылады, мысалы олардың көмегімен кейбір гендер мен белоктар түзілуін бақылауға болады. Кейінгі жылдары гендік инженерияда бөтен ДНК тасымалдаушысы ретінде кеңінен қолданылады.

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X