Северус Снейп
Северус Снейп (ағылш. Severus Snape; 9 қаңтар 1960 жыл- 2 мамыр 1998 жыл) - Британ жазушысы Ж. К. Роулиң жазған 7 томдық қиял-ғажайып Хәрри Поттер, сиқыршы ұл туралы шығармалардағы кейіпкер. Северус Снейпті Алан Рикман сомдаған
Хогуартс мектебінің ішірткі дайындау (1981—1996) және Қара өнерден қорғану (1996—1997) пәндерінің мұғалімі, Слизерин факультетінің деканы (1981—1997), Хогуартс мектебінің директоры (1997—1998), Өлім жайпаушыларының және Самұрық алқасының мүшесі.
Снейптің шыққан жері оның есінен алынған. Снейптің ата-анасы - таза қанды мыстан Эйлин Принц және маггл Тобиас Снейп. Бұл дерек оны шалақан етеді. Өлім жайпаушылары құрамында жартықандының болуы өте сирек кездесетін жағдай деп соңғы кітапта айтылған. Северус өзінің балалық шағын өрмекші тупик атты кішкентай үйшікте өткізген. Северус кішкентай болғанда оның ата-анасы қатты ұрысатын болған. Сондықтан, Снейп үйінен кетіп, Хогуартсқа барғысы келетін болған. Соңғы романның соңғы бөлімінде, Хәрри Поттер өзінің, Северустың және Волан-де-Морттың балалық шағы арасынан паралель жүргізеді. Волан-де-Морт өзінің ата-анасын білмеген жіне жақсы көрмеген. Балалар үйінде оған махаббат беріп, оны өзгелерді сүюге ешкім үйретпеген. Северус өзінің анасын құрметтеуге, тіпті сүюі де мүмкін, алайда, өзінің әкесін жек көреді.
Романның жалғасу барсымен Северустың да кейіпкері күрделене береді. Оқырмандар оның жаңа жақтары мен тұстары жайлы көбірек ақпарат алып, кейіпкерді қиын, әрі бір қатарлы емес қылып көреді. Оған қоса, кейіпкердің рөлі басты кейіпкерге жақындай түседі. Северус Снейптың биографиясының басты бөліктері (суреттері, балалық шағы, Хогуартста оқуы, Лили Поттер және Альбус Дамблдормен қарым-қатынасы ) Хәрри Поттер романының ең соңғы бөліктерінде, 7 кітаптың 33 бөлімде көрініс табады.
Профессор Снейп — өте шебер және тәжірибелі сиқыршы. Бұл фактіні тіпті ұлы қара өнер шебері Волдеморттың өзі мойындайды. Снейп виртуалды түрде өзгелерді жадына кіргізбеуді, бірақ өзгелердің жадына енуді біледі. Шебер дуэлянт. Өте жақсы реакция бере алады және сиқырды зып беріп қайтарады. У қайнатудың және вербалды емес сиқырдың шебері. Қара сиқырды жетік меңгерген. Волан-де- Морттан кейінгі ең мықты Өлім жайпаушысы болып табылады.
Северус есімін Ж. К. Роулиң рим императоры Септимия Северден алған болатын. Ол Йоркширдағы Снейп есімді ағылшын ауылының маңындағы Адрианның құлайын болдырмаған еді. Бұл ауылдың аты профессордың тегі болып алынды. Оған қосы, аты мен тегі таңдалған уақытта, сөздер ойыны болған еді. Северус есімі — ағылшын сөзі «severe» (қатал,суық) , ал тегі- «snake» (жылан) және «snap» (шұғыл, жылдам қимыл; зұлым реплика; кенеттен суу) сөздерінен алынған. Кейіпкер есімін аудары үшін, аудармашыға сүйенген уақытта аудармашылардың әр түле аударуы осы сөз ойнаққа байланысты.
|