Мазмұнға өту

Соната

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Соната (итал. sonata, sonare – үн, дыбыс шығару) – камералық аспаптық музыка жанрларының бірі. Сонатаның классикалық түрі үш бөлімді (тез, баяу және өте тез орындалатын) циклдік формада құрылады. Мұндай циклге кейде менуэт немесе скерцо да қосылады. Соната 16 ғасырдан белгілі болған. 17 ғасырда шіркеу сонатасы және камералық соната кейіннен сонатаның үш орындаушыға арналған “трио-соната” деп аталатын түрі пайда болды. Сонатаның классикалық түрі В.А. Моцарт пен Й.Гайднның шығармаларында, Л.В. Бетховеннің шығармаларында шарықтау шыңына жетті. Қазақтың аспаптық музыкасында соната жанры 20 ғасырдың 40-жылдары пайда бола бастады. Б.Г. Ерзаковичтің фортепьянолық сонатасы; Б.Байқадамов, Қ.Қожамияров және Қ.Мусиннің скрипка мен фортепьяно үшін жазылған Ссонаталары аспаптық музыканың дамып, жетілуіне игі әсерін тигізді. 1950 – 60 жылдардағы қазақ музыкасында соната өзінің ұлттық бояулары мен көркемдік тәсілдерінің ерекшеліктерімен көзге түсті, ал 1970 – 80 жылдары республика композиторлары бұл жанрдың одан әрі өркендеп дамуына зор үлес қосты.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy