Су жертесері
Көрініс
Су жертесері | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Neomys fodiens (Pennant, 1771) | ||||||||||||||
Су жертесері - жертесерлер тұқымдасының ерекше бір туысы, жәндіктермен қоректенетін сүтқоректілер отрядына жатады.
Өте ұсақ жануар (дененің ұзындығы 7-10 см, салмағы 5-10 г). Сыртқы пішіні - үшкір тұмсықты кішкене тышқанға ұқсас, төменгі жағында ұзынша құйрығы болады, ол суда жүзуіне қатты көмектеседі. Су қоймаларының жағасын қоныстанып, жартылай суда тіршілік етеді. Көктем мен жазда екі рет 3-8 ұрпағын береді. Су омыртқасыздарымен, кейде балық шабақтары және уылдырығымен қоректенеді. Жертесердің сілекейі улы. Қазақстанда жертесерлер туысының жеті түрі кездеседі. Солардың ішінде орманды дала аймағында кәдімгі жертесер, тундра және кіші жертесерлер мекендейді. Кіші жертесер өте аз және Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Үлгі:IUCN2013.1
- ↑ "Қазақстандағы жануарлар әлемі", Алматыкітап баспасы, А.Ф.Ковшарь, В.А. Ковшарь