Тринидад және Тобаго Ұлттық футбол құрамасы
Тринидад және Тобаго Ұлттық футбол құрамасы | |||
Конфедерация | |||
---|---|---|---|
Федерация | |||
Бас бапкері | |||
Капитаны | |||
Ең көп ойын саны |
Ангус Ив (117) | ||
Үздік бомбардир |
Стерн Джон (70) | ||
Үй стадионы |
Кейсли Кроуфорд атындағы стадион | ||
Формасы | |||
| |||
Бірінші ойын | |||
Британ Гвианасы 1:4 Тринидад және Тобаго | |||
Ең ірі жеңіс | |||
Тринидад және Тобаго 11:0 Аруба | |||
Ең ірі жеңіліс | |||
Мексика 7:0 Тринидад және Тобаго | |||
Тринидад және Тобаго Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Тринидад және Тобагоның намысын қорғайтын құрама. ФИФА және КОНКАКАФ мүшесі. Басқарушы орган - Тринидад және Тобаго Футбол федерациясы.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алғашқы матчын 1991 жылы Британ Гвиана құрамасына қарсы өткізіп, 4:1 есебімен жеңіске жеткен. 1991 жылдан бері құрлықтық КОНКАКАФ кубогына қатысып келеді. 2000 жылы аталмыш турнирдің жартылай финалына дейін жеткен. Бұл жетістіктері ФИФА-дағы рейтингке де әсер етіп, 2001 жылы 25-орынға дейін көтерілді.
ӘЧ-2006 іріктеуінде КОНКАКАФ аймағында соңғы раундта төртінші орын алды да, құрлықаралық плей-оффқа жолдама алды. Азия құрлығының өкілі Бахрейн құрамасымен соңғы жолдаманы сарапқа салды. Өз алаңында 1:1 есебімен тең түсіп, сыртта 1:0 есебімен жеңіске жетті де, тұңғыш рет әлемдік доданың финалдық турниріне жолдама алды.
Әлем чемпионатында Швеция, Парагвай, Англия құрамаларымен бір топқа түсті. Әуелі бір ойыншысы кем болса да, Швециямен тең ойнады - 0:0. Келесі турда 83-минутқа дейін Англиямен 0:0 есебімен тең ойнап тұрды. Бірақ осы есепті сақтап қалуға күштері жетпеді, Питер Крауч пен Стивен Джеррард бір-бір голдан соғып, ағылшындар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Соңғы турда осындай есеппен Парагвайға жол берді де, бір гол да соға алмай, жалғыз ұпаймен елдеріне қайтты.
Кариб кубогының сегіз дүркін чемпионы.
Құрама мергендері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | ойыншы | амплуа | гол | матч | % | жж |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | Стерн Джон | 70 | 115 | 0.61 | 1995–2011 | |
2 | Ангус Еве | 34 | 117 | 0.29 | 1994–2005 | |
3 | Руссел Лэтэпи | 29 | 81 | 0.36 | 1988–2009 | |
4 | Арнольд Дуарик | 28 | 73 | 0.38 | 1993–2008 | |
5 | Корнелл Глен | 24 | 71 | 0.34 | 2002–2013 | |
6 | Кенуайн Джонс | 23 | 91 | 0.25 | 2003–2017 | |
7 | Найджел Пьер | 22 | 57 | 0.39 | 1999–2005 | |
8 | Линсон Льюис | 21 | 31 | 0.68 | 1988–1996 | |
9 | Дуайт Йорк | 19 | 72 | 0.26 | 1989–2009 | |
10 | Деворн Йорслинг | 18 | 41 | 0.44 | 2007–2015 | |
10 | Кевин Молино | 18 | 39 | 0.46 | 2010– |
|