Улану
Улану - ағзаға улы заттың кіруінің себебінен болатын ағза қызметінің бұзылуы немесе ауруға шалдығуы.
Улы заттарды ішіп қойып, уланып өлу жағдайлары балалардың арасында көп кездеседі. Балаларыңызды мұндай қасіреттен алдын-ала сақтандыру үшін мынандай қауіпсіздік шараларын жасаңыздар:
Керосин, бензин және басқа да у атаулының барлығын және улы сұйық заттарды еш уақытта кока- коладан, алкоголсіз ішімдіктерден босаған шишаларға құйып сақтаушы болмаңыз. Себебі оны балалар сусын шығар деп ішіп қоюы мүмкін.
Барынша сақ болатын кең таралған улар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Егеуқұйрыққа қарсы қолданылатын у;
- ДДТ уы, линдан, қойды тоғытуда қолданылатын ерітінділер және басқа да инсектицидтер мен өсімдік улары;
- Дәрілердің көп дозасын қабылдау да қауіпті, әсіресе құрамында темір қосындысы бар дәрілер;
- Йод езіндісі;
- Хлорлы әк;
- Темекілер;
- Каучуктен немесе агаштан алынатын спирт;
- Улы жапырақтар, тұқымдар, жидектер мен саңырауқұлақтар;
- Үпілмәлік (касторка) дәнектері
- Сіріңке;
- Керосин;
- Бояуларды ерітетін сұйықтар;
- Бензин, газолин, тұтатқыш қоспалар;
- Сілтілі немесе каустикапық сода
- Көп мөлшердегі тұз да жас балалар мен нәрестелер өмірі үшін қауіпті
- Бұзылған тағам
Уланған кезде көрсетілетін алғашқы көмек
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Егер уланды деп күдіктенсеңіз, дереу мыналарды жасаңыз:
- егер жас сәби ұйықтамай, тынышы кетсе, оны құстырып тастаңыз. тамағына сұқ саусағыңызды салыңыз немесе бір ас қасық ипекак сиропын, артынан бір стакан су ішкізіңіз, әйтпесе оған иіс сабын мен ас тұзы қосылған су ішкізіңіз (бір кесе суға 6 шай қасық тұз қосыңыз).
- егер қол астыңызда активтенген көмір езілген бір кесе су болса, соны беріңіз, ересек адамға бұл микстурадан 2 стақан ішкізіңіз.
Алдын-ала сақтандыру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Керосин, бензин не күшті қышқыл, ащы, зәрлі заттарды (сілтілерді) ішіп қойған адамды және есінен танып жатқан адамды зорлап құстырушы болмаңыз: егер оның тынымы кетіп сабырсыздана бастаса, оған ішіндегі уды еріту үшін көбірек су, не сүт беріңіз (жас балаға әрбір 15 минут сайын бір стақаннан су беріп отыру керек). Зардап шеккен адам егер тоңып түршігіп жатса, үстіне көрпе жабыңыз, бірақ оны тым ыстықтатып тұмшаламаңыз. Ауыр халде жатса, онда оған дәрігерлік білікті көмек ұйымдастыру жағдайын ойластырыңыз.[1]
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет. ISBN 5-615-01453-9