Уэнди Мэлик
Уэнди Мэлик | |
Wendie Malick | |
Уэнди Мэлик 2011 жылы | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні |
13 желтоқсан 1950 (74 жас) |
Туған жері |
Буффало, АҚШ |
Азаматтығы | |
Мамандығы |
актриса, модель |
Белсенді жылдары |
1972 - осы уақыт |
IMDb |
Уэнди Мэлик (ағылш. Wendie Malick, 13 желтоқсан 1950) — америкалық актриса және бұрынғы модель. «Эмми» және «Алтын глобус» жүлдесінің номинанты атанған. «Как в кино» (1990—1996), «Журнал мод» (1997—2003) және «Красотки в Кливленде» (2010 — қазіргі кез) сериалдарының арқасында танымал атанған.
Балалық шағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Уэнди Мэлик Нью-Йорктегі Буффало қаласында дүниеге келген. Оның анасы модель, ал әкесі египет тегінен болған. 1972 жылы Огайодағы Уэслиан Университетін бітірген. Карьерасын бастамай тұрып, Венди атын Уэндиге ауыстырады.
Карьерасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Уэнди Мэлик ең бірінші рет Saturday Night Live телебағдарламасында түседі. «Как в кино» сериалында Джудит Таппер Стоунның рөлін ойнап, үлкен табысқа жетеді. Бұл сериалдың 6 маусымында түседі. CableACE Award сыйлығын 4 рет иеленеді. «Полиция Нью-Йорка», «Закон Лос-Анджелеса», «Байки из склепа», «Без ума от тебя», «Сайнфелд», «Сибилл» және «Спасатели Малибу» сериалдарында рөлге ие болады. «Джейк вчера, сегодня, завтра» (2005—2006) фильмінде, «Особенный день» (2006—2007), «Бешеные скачки», «Парк культуры и отдыха», «Шопоголик», «Продавец» және «Элвин и бурундуки 2» комедияларында түсіп, үлкен жетістіктерді бағындырады. Кейін актриса көптеген жобалардан көрінеді.
Жеке өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Уэнди Малик 2 рет күйеуге шыққан. 1982-1989 жылдар аралығында Митч Глейзермен некеде болған. Ал 1995 жылдан қазіргі кезге дейін Ричард Эриксонның әйелі болып саналады.