Ява әдебиеті
Ява әдебиеті – Индонезия халықтарының явалықтар тіліндегі әдеби нұсқалары, жазба ескерткіштері.
Ява әдебиеті жерігілікті халық фольклоры мен үндістер әдебиеті ықпалының негізінде қалыптасты. 15 – 16 ғасырларда араб және парсы әдебиетінің әсері артты, сондай-ақ малайя әдебиетінің де ықпалы аз болған жоқ. Ал 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ява әдебиетіне еуропалық (португалдық және голландық) әдебиеттің әсері күшейе түсті.
Қалыптасуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көне Ява әдебиетінде мифтік аңыздар, діни әңгімелер, тұрмыстық жырлар т.б. басым болды. 8 – 16 ғасырларда ява жазбасының қалыптасуына байланысты алғашқы жазба әдебиет үлгілері шықты, поэзиялық шығармалар, эпостық туындылар (Мпу Панулухтың «Кришнаның руы», Видаякидің «Нитисастра», Мпу Тантулардың «Арджунаның салтанаты» атты дастан-жырлары т.б.) өрістеді. 16 – 18 ғасырларда ислам дінінің кеңінен тарауына байланысты ява әдебиетінде хроникалық діни шығармалар молайды, Мұхаммед пайғамбар және оның серіктерінің өмірбаяны жайлы аңыздар, әңнімелер көбейді. Ал 18-19 ғасырларда ява әдебиетінің көрнекті туындысы ретінде Ронгварситонның «Патшалар кітабы» алдымен аталады, оның «Чемпорет» поэмасы да (1866) назар аударарлық. Ясодипуро ұлының «Кекті сөздер кітабы» атты шығармасы да осы кезеңде туды. Индонезияда 1 ғасырдың соңғы ширегінде капиталистік қатынастардың дамуы ява әдебиетіне де ықпал жасады, оның жаңа дәуірі басталды. Педагог, жазушы, ағартушы Падмосусастраның (1840-1926) шығармалары кеңінен мәлім болды. С. Мартоарджоно, М. Картодирджо, М. Картодикромо, Т.Сурото т.б. ақын – жазушылар өздерінің көптеген прозалық, поэзиялық туындыларын жариялады. Қазіргі ява әдебиетінің бірқатар жазушылары әлеуметтік өзгерістерді шыншылдықпен бейнелейді. «Жаңғырық» атты әңгімелер мен новеллалар антологиясын 1956 жылы шығарды. 1966 жылы Джокьякартада «Ява жазушылары ұйымын» құрды. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 8 том